Feed on
Жазулар
Пікірлер

Бейжің Олимпиадасының алауы алғашқы болып Алматыға басын тіреп, соңынан төрткүл дүниені аралап, Бейжіңге жеткен еді.

Қытай Елі осы алауды алып жүру кезіндегі есте қаларлық, ең жақсы суретке байқау жариялапты. Алғашқы 5 сурет Сәуірдің 2-інде Алматы қаласында түсірілген суреттер, оның екеуі Қазақстан Президентінің Олимпиада алауын ең алғашқы болып алып жүруінде түсірілген суреттер.

Қытайша болса да Сіз бұл байқауға қатыса аласыз. Қалаған суретіңізді таңдап, ең төмендегі сол жaқ түймеге басыңыз.

Байқау қорытындысында қазіргі жағдаймен Н.Назарбаевтың “Қазақ Президентінің Олимпиада алауын алып жүруі, 2 Сәуір, Алматы” атты суреті 2-орында тұр. Барлығы 114139 дауыс алған, яғни дауыс берушілердің 3.43%-і екен.

Сіз де Н.Назарбаевқа дауыс беріңіз!

Байқау мұнда.

Егер сіз PHP, Javascript, HTML тілдері мен веб қорғанысы туралы білетін болсаңыз http://www.hackerskills.com/ сайтындағы ойынды ойнап көріңіз.
Әрбір кезеңі өзінше қиын екен. Жақсылап ойлануыңызды және біліміңізді талап етеді.
Мен 8-кезеңнен аса алмадым. Әлі де сынармын.
Өзіңізді сынап көріңіз!

Оқырмандар назарына!

Қымбатты Оқырман!

Қазақ блогсферасының тек қана оқырмандары арасына қойылған сауалнамаға қатысып, блог қоғамындағы өз орныңызды айқындаңыз. Бар болғаны Сіздің 2 минут уақытыңызды алатындықтан, ЖурналистикА_Блогинг блогына жарияланған сауалнамаға дауыс беріңіз.

Сауалнама мұнда!

Өте қызық, Өте қызық, Өте қызық!

PS: Сауалнама жүргізуші Әлия Сембай (фотоны қараңыз).

 

“Көңіл толқыны”

Алдын ала айта кетейін. Күйші емеспін. Ешқашан күй мектебіне бармадым.

Бірақ орындалған видеоларға қарап кейбір күйлерді үйренген болып жүрмін. “Көңіл толқыны” күйін де өзімше орындаған болдым. Қатесін түзетерсіздер :)

Кореядағы қазақ студенттер мен Қазақстанның “Болашақ”-тары

Бұл есеп 8 сыныптың бағдарламасында, бірақ 7-сыныптың қиындау есептер жинағынан табуға болады.

Қай жерден қателескенін табыңыздар:

Qate?

Қоғамдық желі деп аталатын сайттардың ең ірісі Фейзбук сайты. Жақында Фейзбуктың Технология саласындағы вице-президенті Jeff Rothschild Фейзбук қазір 10,000 сервер істетіп отыр деп мәлімдеген екен.

Оның 1800-і MySQL серверге (database), ал қалғаны сайт пен қолданушылар материалдарына арналған.

Енді елестетіп көріңіз, Google, YouTube сияқты сайттар қанша сервер жұмыс істетіп отыр?

Сырт көз сыншы

Аяқ-астынан Қазақ елінің ең маңызды қаласы - Алматыға қыдырып қайту мүмкіндігі нәсіп болып, өткен аптада жақсы бір сапар шегіп келдік.  Сын көрт сыншы демекші осы жолы өткен жолғыдан қарағанда қандай өзгерістер пайда болғанын әрі өзіме кездескен қызықты жағдайларды қысқаша жазып кетейін деп отырмын.
1. Халықтың барлығы зат бағасының өскенін айтады.
2. Иманғали алмасқанына Алматылықтардың баршасы көңілсіз.
3. Қала тазалығы біршама жақсарған.
4. Қазақшаға деген үрдіс әр жерде байқалады.
5. Қате жарнамалар әлі де бар.
6. Ұлттық нышандағы құрылыстар жоқтың қасы.
7. Кейбір көше аттарын әйел адамның аты екен деп қаласың (Абая, Фурманова, Сейфуллина т/б).
8. Алматы ауа райы өте құбылмалы.
9. Машина көбейгендіктен көше тығыны басты мәселе.
10. Тұрған үйіміз Алматы Орталық паркіне жақын болғандықтан, зоопаркке де барып қайтқанды жөн санаған едік. Ол жердегі аңдар мен құстарға жақсы күтім керек сияқты болып көрінді.
11. Блогшылар да, соңынан жолыққан Бекжан, Камшаттар да саясаттан азын-аулақ сөз етті. Демек жастарды саясат қатты қызықтырады.
12. МАИ деген сөздің екінші мағынасы бар екен. :)
13. Өткен сапарда әуежайда кіріп-шығу үшін жалынышты болған едім. Бұл жолы ондай болмады. Шекарадан қабырға суретін алып шығу үшін Қазақстан заңдарында разрешение(?) дайындау керек екен. Бірақ мен оны білмеген едім. Шығарда офицер разрешение сұрады. Мен шетелдік екенімді және оның не екенін білмейтінімді айттым.
-Қай жерденсің?
-Моңғолиядан.
-Қазақсың ба?
-Ия.
-Айналайын бауырым екенсің ғой, жүре бер, деді офицер. Бір қуанып қалдым.

14. Паспорт тексеруден өтуге келгенде, ол жердегі отырған әйел:
- Моңғолиядансың ба? деді
- Ия, бірақ қазақпын.
- Үйленгенсің бе?
- Жоқ.
- Біздің жақтан қыз алып кетсей, мына үш қыздан таңдағыңды алып кет, деп қалжыңдап жанындағы бірге жұмыс істейтін 3 қазақ қызды көрсетті.
Қыздар да қалжыңды жақсы көреді екен:
- Қайсымызды таңдайсың деді біреуі.
- Үшеуің де сұлу екенсің.
- Біреуімізді таңда…
- Қай қалағандарың маған хат жазыңдар, сосын көрелік, деп кетіп қалдым.
- Саған қандай қыз ұнайды? деді артымнан біреуі.
- Сен сияқты қазақтың қара қызы!
Біздің қазақша қалжыңдасып жатқанымызға таң қалған орыс әйел:
-Толкужатынызды корсетиниз! Мор басамыз, деді қазақша.

15. Алматыда қағаз істері өте көп. (Аударма, жазу, толтыру, нотариус, тіркелу т.б)

Әзірге есімде тұрғаны осылар сияқты.

 
 

Кеше Алматы уақытымен сағат 19:00да Қорқыт ата кафесінде блогшылармен кездесу болып, жақсы әңгімелер өрбіді.

Бұл туралы Кореяға қайтқасын жазармын. Мүмкін басқа блогшылар да жаза жатар менен бұрын.

Келген барлықтарыңа рахмет.

Бір көрген біліс, екі көрген таныс дейді. Бірінші кездескендердіңмен біліcіп алдық, ал екінші жолыққан достарымызбен танысып алдық дегендей.

 

Destination Kazakhstan

Әзірге осылай :)