Posted by: Bakytnur on: Сәуір 16, 2007
О, осы бір блогты бастап алып ұмытып кетіппін ғой, сабақ және Мәссаған деп жүргенде өзіме қарамағандай болып қалғандаймын .Жалпы бір блог бастап жазайын деп ойламаған едім. Токиода оқитын досым Талғаттың айтқаны есімде, Жапонияның бұрыңғы Примері Койзүмидің өзі блог жазады екен деп…
Сосын апталар бұрын www.answers.yahoo.com ға кіріп жүріп, әрине форумдардан жалыққан кезде , Үндістанның Президенті Абдул Калам, және әлемнің басқа да атақты адамдары сол жерге ерінбей-жалықпай қатысып, ұпай жинайтынын көрдім. Әлемдік саясатқа байланысты өз ойларын ортаға салады екен.
Жақында Мәссаған.ком-ға Админ атына келіп түскен хаттардың көбі Веб қалай жасалады, үйретесің бе? деген сұрақтар еді. Сосын, өз тәжірибелерімнен де бөлісіп, осылай бір блог ашайын деген ой келді. Қолым тигенде бір жазып тұрамын ба деген оймен…
Ал қазақша блогтарға келсек, дәл қазір мен білетін екі блог бар. Біреуі Элвираның Аспаздық блогы, тәптіштеп жақсы алып жүріп келе жатыр. Ал екіншісі Анардың Білсең артық болмас деген блогы. Ол да жақсы алып жүріп келе жатыр. Тек үзілмесінші деп тілеймін.
Осылай қысқаша блог бастау тарихымды жаза кетсем. Ендігіде Веб жасақтау PHP тілінің сабақтарын бастап кетемін бе деген ойдамын.
Бүгін көбірек жазып жібердім. Алыстан бір досым аңсап келген екен, соның әкелген сарқытын жеп отырып жазып кетіппін.
[...] -Алдымен блогты бір жыл бұрын MSN-де http://home.services.spaces.live.com/ -да жазғамын. Ал соңынан ол жер ұнамай жазуларымды осы жерге көшіргемін. Блогты қалай бастадым дегенді толығырақ мына жерден к…. [...]
Ең соңғы пікірлер