Posted by: Bakytnur on: Сәуір 16, 2007
Youtube-тен калай клип тусіріп аламын?
YouTube.com-дағы клиптерді қалай түсіріп алу жайында өз білетінімді бөлісе кетейін дедім. Бұрын да осыны Мәссаған.ком-ға жазған едім.
Ең алдымен YouTube.com (http://www.youtube.com) -ға барасыз. Іздеу деген жерге қалаған кілт сөзіңізді жазыңыз. Мысалы қазақ клиптерді іздеу үшін қазақ, Қазақстан, qazaq, Kazakhstaн деген сияқты сөздерді жазасыз да, Іздеу түймесіне басасыз. (Мен көбіне Kazakhstan деп іздеймін, қандай кілт сөз беру ол видеоны қойған адамға байланысты.)
Нәтижеде шыққан клиптеріңіздің үстіне басасыз. Сосын тышқанның (mouse) оң жағын басып, View Sourcе дегенді таңдаңыз. Сіз HTML кодын көріп отырсыз деген сөз.
Кейін, CTRL+F -ді басыңыз. Шыққан жерге player2 деп жазып, іздеңіз. Ол сізге player2 сөзінің орнын көрсетеді.
video_id= дегеннен кейінгі кодты тырнақшаға дейін Сору істеп алыңыз.
Сосын, Internet Explorer-ге
http://www.youtube.com/get_video?video_id= деп жазып Сору істеп алған кодыңызды Paste істеңіз де, Enter-ге басыңыз.
Шыққан терезедегі видеоны өзіңіз ат беріп, .flv-деп сақтаңыз.
Себебі YouTube видеолары .flv форматында сақталады.
Компьютеріңізге жүктеп болғанша күтіңіз.
Жүктелген видеоңызды Flash Player арқылы өз компьютеріңізде ойната аласыздар.
Flash Player – ді мына жерден түсіріп алыңыз.
http://www.massagan.com/files/2/flvplayer_setup.exе
Riva Encoder программасы арқылы сіз .flv форматын қалаған форматыңызға алмастыра аласыз.
Riva Encoder программасы мына жерден түсіріңіз.
http://www.massagan.com/files/2/RivaEncoderSetup.exe
Мәселен мен .flv форматындағы файлдерді .mpeg болғызып аламын, себебі барлық видео ойнататын програмалармен ойнатуға қолайлы.
YouTube – Интернеттегі ең үлкен онлайн видео сайты. Онымен қоса Google видео, Putfile, Ifilm т.с.с көптеген сайттарды осылай істеуге болады.
Ескеретін бір жай, клиптің сапасы онша жақсы болмайды, бірақ көруге тұрарлықтай…
Игіліктеріңізге жарасын!
Қазан 7, 2007 at 1:11 тд
Сәлем, Бақытнұр!
http://www.islamictube.net тегі клиптерді қалай көшіруге болатынын білесің бе?