Google PageRank
Маусым 15, 2007 жазған bakytnur
Вебмастер, блоггерлер үшін тағы да Google
Көпшілігіміз іздеу жүйесі ретінде Google-ді қолданамыз деп ойлаймын. Ал Google біздің сұранысымызға беттерді өзіндік алгоритмасымен - Pagerank арқылы реттеп шығарады.
PageRanк - Интернеттегі веб сайттың әрбір бетіне өзіндік салмақ беріп, іздеу сұранысында беттерді сол салмағы бойынша реттеп шығаратын бір алгоритм. Ал әрбір бетке берілген бұл салмақ, сол беттің басқалары үшін қаншалықты қажет екенін білдіретін көрсеткіш.
PageRank алғаш СтанФорд Унивеситетінің екі студентінің ( Brin & Page) зерттеу жобасы ретінде басталып, соңынан Google Компаниясы ретінде Google Іздеу жүйесін бастап кетті. Мүмкін Google-дің қазіргі дәрежеге дейін көтерілуіне себепші - бұл олардың алгоритмдары дәлірек жұмыстауында шығар.
Ал бұл алгоритм қалай жұмыстайтыны жайлы айта кетсек:
Егер А беті Б бетіне сілтеме берген болса, онда А беті Б бетіне пікір берді деп көреді. Сосын екіншіде, Б-ге сілтеме берген беттің ПагеРанкі жоғары болса онда жоғары пікір берді дегенді білдіреді. Егер Б беті, А бетіне қайтара сілтеме бермесе А-ның Б-ге берген пікір есептелінбейді. Яғни А беті Б-ге, Б беті А-ға сілтеме бергенi жөн.
Сондықтан вебсайтыңызды немесе блогыңызды іздеу нәтижесінде жоғарыда шықсын деп ойласаңыз PageRank-і жоғары сайттармен линк алмасып блогыңызда сол сайттарға сілтеме беріңіз.
Сілтемелер көбіне басқы бетте тұрмаса, басқа беттегі тұрған сілтемелер көп пікір жинай алмайды.
Google PageRank 0-дан 10-ға дейінгі сандарды береді. 10 саны ең жоғары болып есептеледі. Мысалы Google, Yahoo сайттарының PageRank-і 10/10.
Ал қазір осы блогтың PageRank-і төмендегідей. ![]()

Ал Мәссаған сайтының PageRank-i 3/10. Бұрын 4/10 еді. Мен көп ескермей жүргесін төмен түсіп қалыпты. Жақында Ренат аға қайтадан есіме салып қойды :).
Айтпақшы PageRank сөзі алғаш PageRank бастаушылардың бірі Page-нің атына да байланысты болуы мүмкін ![]()





[...] жасаған екен. Блогты танымал етуге қатысты Бақытнұр пайдалы мәлімет жариялады. Бұл мәлімет арқылы әлемтордағы блогтың, [...]
мақаланы аман сау қосқан сияқтысын ғой: http://kk.wikipedia.org/wiki/PageRank
Бақытгүлдің Жаңаеуразиядағы Блог туралы мақалаларын да Уикиге қосып қою керек шығар. Егер мүмкіндіктерің болса, қосып қойғандарың жөн. Өз басым, Уикимен әлі түсінісе алмай жатырмын…
[...] Google Page Rank туралы бұрын жазған едім. Енді, PageRank тек қана линк алмасуда ғана емес, сонымен қатар сайттың сапасы, линк қойылған сайттың саны мен олардың мазмұндық байланысы да маңызды болатын болды. Ешбір байланыссыз сайттар линк алмасу, басқалардан линк сатып алу т.с.с әрекеттер іздеу нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Дерек көзі: http://www.google.com/support/webmasters/bin/answer.py?answer=66356&query=link+exchange&topic=&type [...]
[...] 27th, 2007 by bakytnur Бүгін Google тулбарындағы PageRank көрсеткішінде осы блогтың PageRank-і 3 деп көрсетіп [...]
[...] Линк алмасыңыз. Google PageRank-i жоғары, көпшілікке танымал сайттармен линк [...]
[...] Стэнфорд Унивеситетінің түлектері Larry Pagе және Sergey Brin Google Іздеу жүйесін Интернерке [...]