Бақытнұрдың блогы

Google Maps and Youtube Open API

Posted by: Bakytnur on: Шілде 15, 2007


googlemap.jpg
Google-дегі әлем картасын өзіңіздің веб сайтыңызға қондырып алуға болады. Ол үшін Google Open Maps API-ын қолдану қажет.Open API – Javascript-de жазылған, Ajax қолданған көптеген функциялардан құралған, тегін таратылатын интерфейс деген сөз. Мысалы көшелердің аттарын, елді-мекеннің аттарын тура көрсете алады. Ресторан немесе қонақ-үй, қаланың веб сайтын жасақтаушыларға таптырмайтын іс болды.

Мысал ретінде мына бір вебсайтта бұрын да көпшілігіңіз байқағандай кім, қазір қай жерден, қандай байланыспен кіріп отырғанын көрсетеді. Бұл сайт та Google картасын қолданған. Көп функциялар дайын, тек өз сайтыңызбен біріктіру ғана қалады: http://webstats.motigo.com/s?tab=1&link=1&id=4377696

http://www.google.com/apis/maps/ адресіне барсаңыздар, әрбір веб сайтқа жеке API кілті беріледі. Сосын online documentation бөлімінде дайын мысалдар бар, соларға қарап керегінше өз вебсайтарыңызға сәйкестіріп алуға болады.

YouTube-ті Google сатып алғандықтан енді ол да видеоларын Open API арқылы беретін болды.
http://www.youtube.com/dev адресіне кіріп жаңадан кілт алып, ары қарай жалғастырып кетесіздер. Мысалы веб сайтқа видео қосу үшін YouTube-ке бармай-ақ YouTube-тегі клиптерді автоматты түрде қотарып, өз сайтыңыз арқылы қосуға және сайттарыңызға шығаруға аласыздар. Тағы басқа көптеген қызықты істер жасауға болады.
Жақында  біраз тәжірибелі болып қалғандықтан, егер сауалдарыңыз болса осы жерге жазып қойыңыздар. Негізі бұл блоггерлер емес, сайт жасаушыларға арналған. Бірақ блогқа да Open API-ды қолдануға болады.

Түсініктеме: API – Application Programming Interface деген сөз.

4 жауаптар -ге "Google Maps and Youtube Open API"

YouTube videoni juktep alip gada boladi yagni ma?

Ony ozinizge juktep, saitka koiyp aure bolmaisyz, ozderinin bergen API Interfacein koldanyp saitka avtomat shygaryp koia alasyz.

[...] Google Open API, Flickr сайттары әлдеқашан осы қызметтерді бастап [...]

[...] сабақта Google Maps Open Api қолданып осыған ұқсас кішкентай бір жоба жасаған [...]

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

free counters

Күнтізбе

Шілде 2007
M T Ср T F S S
« Jun   Aug »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  

Алдыңғы жазбаларым

a

Менің суреттерім

Suwon vs. Seongnam match (1-0) 2009-07-04

Suwon vs. Seongnam match (1-0) 2009-07-04

Suwon vs. Seongnam match (1-0) 2009-07-04

Suwon vs. Seongnam match (1-0) 2009-07-04

Suwon vs. Seongnam match (1-0) 2009-07-04

More Photos