Posted by: Bakytnur on: Шілде 16, 2007
![]()
Алдымен http://youtube.com/dev_docs адресіне барыңыз.
Ол жерде ХМЛ форматында берілген API Functions деген бар. АPI функциялары 2 бөлімнен тұрады.
Біріншісі User Information - қолданушылар мәліметі.
1. youtube.users.get_profile – қолданушының жалпыға арналған профилін көру
2. youtube.users.list_favorite_videos – қолданушылардың таңдаулы видеоларын көру
3. youtube.users.list_friends (with paging) – қолданушының достар тізімін көруге арналған
Екіншісі де Video Viewing – видеоларды көру:
1. youtube.videos.get_details – видеоның мәліметін көру
2. youtube.videos.list_by_tag (with paging) – кілт сөз арқылы видеоларды іздеу
3. youtube.videos.list_by_user (with paging) – қолданушының тіркеген барлық видеоларын көру
4. youtube.videos.list_featured - YouTube сайтының алғашқы бетіндегі 25 видеоны көру
5. youtube.videos.list_by_playlist (with paging) – видеоларды плейлист (плаыліст) арқылы көру
6. youtube.videos.list_popular – белгілі уақыт ішіндегі ТОП видеоларды көру
7. youtube.videos.list_by_category_and_tag (with paging) – категория және кілт сөз арқылы іздеу Сайтқа орнату үшін алдыңғы жолы айтқанымдай жаңа кілт алу керек. (Developer ID)
Мысал ретінде белгілі бір кілт сөз арқылы видеоларды қалай іздеу керек екенін айтайын. Алдымен төмендегі сілтемені шақырып бересіз.
Сосын YouTube сайтынан төмендегі форматпен жауап береді, оны сіз HTML-ге түсіруіңіз қажет деген сөз.
<video_list>
<video>
<author>Тіркеген_мүше</author>
<id>k0gEeue2sLk</id> <!– Бұл санды видеоның жеке мәліметін алуға да қолдануға болады –>
<title>Видеоның тақырыбы</title>
<length_seconds>ойнайтың уақыты</length_seconds> <!– видеоның ұзындығы –>
<rating_avg>Орташа рейтинг</rating_avg>
<rating_count>Берілген_дауыс_саны</rating_count>
<description>Видео туралы қысқаша</description>
<view_count>Көрілген саны</view_count>
<upload_time>тіркелген уақыты</upload_time> <!– Юникс уақыты бойынша –>
<comment_count>1</comment_count> <!– видеоға жазылған пікірлер саны –>
<tags>видеоның кілт сөздері</tags>
<url>http://youtube.com/watch?v=k04Eeue24Lk</url>
<thumbnail_url>http://static.youtube.com/get_still?video_id=k04Eeue24Lk</thumbnail_url>
<embed_status>ok</embed_status>
</video>
</video_list>
Сұрақтарыңыз болса: http://groups.google.com/group/youtube-apі тобына ілесіп алыңыздар.
Ең соңғы пікірлер