RSS деген не?
Шілде 25, 2007 жазған bakytnur
Көпшілігіміз блогтарда немесе кейбір сайттарда RSS немесе
суретін жиі байқаймыз.
RSS (”Really Simple Syndication”) дегеніміз жиі жаңартылып отыратын блог мақалалары, жаңалықтар мазмұны мен пікірлерін көрсетіп отыратын “web feed” форматы.
RSS арқылы қолданушылар өздерінің сүйікті сайттарының мазмұнын автоматты түрде қадағалап отырады. Бұл RSS форматының ең басты ерекшелігі.
RSS мазмұнын “feed reader” програмасы арқылы оқуға болады. Соңғы веб браузерлерінің көбінде “feed reader” програмасы бар.
Сайтты RSS арқылы оқу үшін алдымен сайттағы RSS
суретіне басып, сайттың RSS жүйесіне тіркелу керек. Сосын веб браузер арқылы тіркелген сайтарыңыз бен блогтардың соңғы жаңалықтарын көре аласыздар. Ал Опера браузері арқылы RSS-ке тіркелген болсаңыз, сайтқа жаңа жазу жазылған кезде-ақ белгі береді.
Интернет Эксплорер 7 браузері арқылы RSS форматын төмендегідей оқи аласыздар:
1. Posts немесе Comments-ке басыңыз:
2. Subscribe to this feed-ке басыңыз
3. Енді Интернет Эксплорер браузерінің сол жақ үстіндегі жұлдыз түймесіне бассаңыз, тіркелген сайттарыңыз көрінеді.
Опера браузер арқылы RSS-ке тіркелу Интернет Эксплорермен бірдей, тек айырмашылығы RSS-ке арналған жеке меньюі бар. Маған Опера браузері арқылы RSS мазмұнын оқу, басқа браузерлерден әлдеқайда тиімді көрінді.
1. RSS меньюі
2. RSS-ті оқу










tuk tusinbedim - ondaydi koldanbaganimnan bolar.
Bakha, odan da minani tusindirip bershi magan -
1- anau en jogarida (takirip jazilatin jerge) kalay suret koyuga boladi?
2- blogspottin formatin bilesin goi. soni kalay ozgertuge boladi? misalga men jazu jazilatin alandi keneytkim keledi. oni kalay istey alamin?
jauap berip komektesetinine senimdimin, sol ushin aldin ala RAHMET
Ol ushin kompyuterge feed reader jukteu kerek siyakti. Sol kezde anik korinedi. Iya songi veb brauzeri ote ingayli birak menin jumisimda barine ruksat jok. Konil kuyim tusip ketti.
Eleke Blogspot-ka kirsem boldyy, meni Koreada degendi tanyp birden koreishe shigip keledi. English bolgyza almai jurmin. Sosyn tuk tusinbei jurmin.. Siz Askhattan suranyzshy.. Ol kodanyp jur goi…
Менің білерім шамалы. Десе де қолдан келгенше көмектесейін. Эльвиа мүмкін Сенбі күнгі кездесуге келерсіз. Ол жерде Бақытгүл де болады. Оныкі де Блогспотта ғой.
Есіміңнен қате кетіпті, Элвиа деп емес, Эльвира деп оқуларыңызды өтінемін.
АрЭсЭс (RSS) шынымен де ыңғайлы. Бұған дейін комп.тың бір кілтипаны болып, қондыра алмай жүр едім. RSS сөзсіз жақсы дүние. Сонымен қатар WindowsLiveWriter деген де программа шыққан. Ол арқылы блогқа тікелей мәтін енгізуге болады. Әрине ол үшін комп. үнемі әлемторға қосылып тұруы керек.
Бақытнұр, блогты дамытып, жетілдіруге қатысты жақсы дүниелер беріп жатыр екенсің. Жалғасын күтеміз!
RSS-ті қайдан алсам болады?
Жауабн кутем
[...] технологиялары RSS, XML, Ajax, Веб сервис, блог және [...]
[...] да өте қарапайым. Yahoo-ның соңғы жаңалықтарын RSS арқылы алады. Yahoo картасының координаттарын Yahoo Map [...]