Сапардан алған әсер
Қыркүйек 14, 2007 жазған bakytnur
Қазақстанда өткен қызықтарымды ұмытып қалмайын деп бүгін сәті түсіп жазып отырмын. Сырт көз сыншы демекші Қазақ Еліне жасаған сапарымызда көңіліміз толып қуанып қайтқан да, әттең деп қайтқан жерлеріміз де болды. Эйр-Астана ұшағына отырып, Алматыға бет алдық. Жол ұзақ, әрі Қазақ Еліне келе жатырмыз дегенді ойлағанда ұйқымыз келмеді. Сосын ұшақтағы әндерді тыңдап шықтық, 6шы толқында қазақ музыкасы, 7ші толқында қазақ әндері. Ұшақта 2 ғана CD бар сияқты болып көрінді. Жеткенше 4-5 ән мен Асылбек Еңсеповтың күйлерін жалықтырмай қайталады.
Ұшағымыз Алматыға түскесін әрине Алматы - Қазақстан, Қазақстан Алматы болып көрінді.
Ұшақтан түсіп қалаға қарай бет алғанда-ақ Алматы Кеңес Үкіметінің қаласы екені білінеді, жолдар мен жол бойындағы тұрғызылған ағаштардан да.
Ең біріншіде Қазақ Еліне келгесін бірінші байқайтынымыз қазақ тілі ғой. Бұрын естуші едім, қазақ тілі өшіп бара жатыр, Алматыда ешкім сөйлемейді, қазақша сөйлесең орысша жауап береді деп. Мүмкін солай болған шығар бұрын. Ал егер бұрын сондай болған болса, қазіргі қазақ тілінің халі жақсы екен деп көрдім. Өлейін деп бара жатқан тіл жоқ екен. Керісінше қазақшаға келе жатыр екен деп түйдім. Себебі бұрынғы ойлаған, естіп жүргендерімнен өзгеше шықты. Ал әрине қазақша білмейтін қандастар да жоқ емес, қысаса қымыз демекші, қысаса қазағы да орысы да қазақша сөйлейді екен. Өз басым орысына да, кәрісіне де қазақша сөйледім. Білгенінше жауап берді. Қазақша сөйлейтіндердің көбі жастар екені көзге ұрып тұр. Бірақ жарнамаларға қарап қарадай ішің ашиды екен. Орысша қандай мағына беріп тұрғаны белгісіз, қазақшасында ешбір мағынасы жоқ жарнамалар көптеп кездеседі. Кейбір жарнамаларда қазақшасын үлкен қылып жазып қойса да, сұп сұры көрінбейтін түспен бояп қойған, ал орысшасы қызылды жасылды түспен боялған. Қатесі бар жарнамаларды да аздап байқайсың, ү орнына ұ кеткен деген сияқты.
Тіл мәселесі айтылған жерде, Мемлекеттік тіл мәселесі әрине қатар жүреді. Бірнеше мекемеге бардық, Мекемелерде қазақшасы жақсысы жақсы, кейбіреуі шүлдір. Ал ол жердегі қызмет көрсету мәселесіне кейін оралармын.
Қалада қаламызды таза әрі көрікті ұстайық, Алматы - таза қала деген ұрандар мен жарнамалар көп болса да, халқы оған мойнын бұра бермейтін сияқты болып көрінді. Ең кемінде қолындағы қоқысы мен шегіп тұрған темекісін қалаған жеріне тастай салмай, қоқыс-салғышқа апарып сала салса Алматы шынында да көрікті де әсем қала болмақ екен.
Халқы - таза, әрі әдемі киінгенді ұнатады екен. (Барлық жерлердегідей)
Сөйлеу, адаммен қатынасу мәдениеті маған өте өзгеше секілді көрінді. Қаладағы машина тізгіншілерінің транспортқа қатынасу мәдениеті өте төмен. Қатты, өте абайсыз жүреді. Отырған кісі қорқады. Сосын қаладағы тізгіншілер өте стрессте, ашулы.
Жолдарда тығын өте көп, тізгіншілер сигнал көп басады.
Бірақ айналып өтетін жолдар, мен жаңа көпірлер тұрғызылып жатыр екен, мүмкін олардың барлығы біткесін жол мәселесі шешілер.
Алматыда такси мен жай машинаны ажырату қиын, бағыты сәйкескен машина қол көтерсе тоқтай салып, қаншамен жүретінін сұрайды. Қаланы білмейтін кісіге бұл өте күрделі көрінді. Мүмкін басқа елдердегідей такси компаниялары пайда болып, қалада тек арнайы таксилер ғана жолдағы жүргізшілерді алып жүре алатындай системаға келеді деп ойлаймын.
Халыққа қызмет көрсету орталығы адамды жалықтырады. Анау мынау заңдар мен аты-аталмаған ережелерден өзіңіз-ақ жалығып кетесіз. Кейбір жерлерден ұрсылып шықсаңыз - таңқалмайсыз. Сату орындарында алмасаңыз киімді ұстамаңыз дегенді де естіп қалып, таң қалдық.
Жалпы Қазақстанда халықтың әл-ауқаты жақсарғаннан шығар барлық адамда машина бар сияқты көрінді. Ескісі бар, жаңасы бар, әртүрлі шетелдік машиналар.
Қазақстанда ең ұнаған нәрселердің бірі - тамақтары мен жеміс-жидегі. Жемістері өте дәмді, және әртүрлі жеміс-жидекті арзанға алады екенсіз. Тамақтары да онша қымбат көрінбеді. Сосын қымызға тойып қайттық десек де болады.
Алматыда Әуежайда кіргенде де шыққанда да жалынышты болып, кіріп-шықтым.
Интернет жүйесі - Интернет кафеден қолданғандықтан ба әйтеуір жылдамдығы өте баяу, әрі бағасы да қымбат.
Қазақтарда қонақжайлық әлі бар, тамағының ең дәмдісін қонаққа тарту, қонақты астың дәмдісімен сыйлау. Риза боласың, халықтың қонақжайлығына.
Алматыда да басқа жерлерде де жолдар мен қаланың Инфрақұрылымына көптеп көңіл бөлінуде екен. Жаңа заманға сай бой тіреген үйлер, салынып жатқан жобалар мен жол-көпірлерді көптеп кездестіресіз.
Қазақстанға алды 16 жыл болған арты күні кеше келген шетелден оралған оралмандармен көп жолықтық, барлығы да жергілікті халықпен сіңісіп кеткен, қыз алысып, беріскен ешкімнен кем емес, тұрмыс кешуде екен. Ешкім де оларды Оралман деп шеттетпейді. Күнделікті тіршілікке араласып, жергілікті диалектімен сөйлеп, арасында орыс сөздер қыстырып тұрғанын да байқайсың. Біз көшеде таксиге отырғанымызда қазақша сөйлеу мәндерімізден басқа жерден келген қазақ екенімізді бірден біліп жатыр, көбісі қытайлық қазақсыңдар ма деп сұрады. Мүмкін қытайдан оралған қазақтар көп болар.
Алматыда Интернет арқылы таныс болған дос жарандармен кезігіп, болып өткен қызықтарды айтып мәз болысып. Бірін-бірі жақсы танитындай ескі достарша құшақтап амандасып, қимай қоштастық.
Медеу, Көктөбесі мен әсем көркімен әйгілі Алматы, жер-асты мен жер үсті қазынаға бай Текелі, қазақилығы және қонақжайлығымен әйгілі Оңтүстікті аралап, Аллаһ нәсіп қылса қайта келеміз деген ниетпен Атамекенмен қош айтысып, кері оралдым.
Мен үшін жақсы сапар болды деп есептеймін, мың рет естігенше бір рет көр деген рас-ау. Атамекеннен алған әсермен, келгесін 3-4 сабаққа дұрыс отыра алмай жүрдім :).






Алматының қазақтана бастағанын есту мен үшін қуаныш. Шындығында Алматы қазақтанбай, Қазақстан қазақтанбайды. Алматы еліміздің өзге қалаларына қарағанда саясиланған, зиялы қауым көп шоғырланған қала. Жаңалықтың барлығы бірінші Алматыға жетіп, сосын өзге аймаққа тарайды.
Көлік мәселесі шынымен де қиындау. Жанарбек те айтып еді. Биылдың өзінде бірнеше танысым көлік апатынан көз жұмды…
Дәйім келесі жолы келгенде Алматы бұдан да ажарлана түсер деген үміттемін. Алматы аймақтық қаржы орталығына айналып, Қысқы Азия ойындарына дайындалып жатыр ғой.
Шындығында Қазақстанның әр бөлігі өзінше әдемі, өзінше қызық. Алматы мен Астана әзір екеуі екі бөлек қала. Мүмкін Астанаға жолдарың түскенде салыстырудың сәті түсер. Батыс басқаша, Шығыс мүлдем, Солтүстік пен Оңтүстіктің контрасы өз алдына көзге бірден байқалады. Ал Орталық… оны көзбен көру керек шығар
Жазғандарың өте ұнады. Көп рахмет!
Жақсы әсер алғандарыңызға қуаныштымын.
Дегенмен дүниенің кез-келген жеріндегі қазақ туыс - бауырларымыз шырайлы да, көркем де,
қымбатты атамекеніне оралуын қалаймыз.
“Мүмкін басқа елдердегідей такси компаниялары пайда болып, қалада тек арнайы таксилер ғана жолдағы жүргізшілерді алып жүре алатындай системаға келеді деп ойлаймын.”
Ондай компаниялар Алматыда бар ғой. Бірақ олардың қызметі қымбат болғандықтан адамдар жолшыбай көліктермен қолданған ыңғайлы және арзан деп ойлайды
Olardy shakyrtkasyn kymbat bolady, al shakirmai olar da koshede juretin bolsa arzan bolady goi…
Al olar endi koshege jurein dese jolshybai kolikter de adamdi alip ketip olarga jurginshi kaltyrmai jatyr eken.
Jolshybai kolikterdin adam aluin toktatu kerek!
Венесуалылық және ямайкалық таныстарыма Алматының кез келген жерінен такси ұстап, түн ішінде қалаған жеріңе бара аласың дегенімде сенбеген еді. Себебі олар үшін бұл адам сенбейтін жағдай. Біздің елде бұлай болса, не кісіні тонап кетеді, не өлтіріп кетеді дейді.
Бір жағынан бұл жағдай Алматының қауіпсіз қала екенін көрсететін тәрізді. Адамдардың жолшыбай таксистерге деген сенімі жоғалмайынша жағдай осылай бола беретін шығар.
міне нағыз сырт көздің жасаған сипаттамасы. демек бізде жағдай біз ойлағандай жаман емес ау деймін. басқа жақтың адамы жақсы деп отырса шынымен жақсы деген сөз. Баха, жазуыңда оптимисттік басым екен, келесі келгеніңде бұдан да жақсы болар деп сенемін. Біздің Батыс жаққа, Ақтөбе-Атырауға да келіп кет.
Shynynda da tun ishinde taksi ustamakshy bolgan bir kyzga ui jalgiz ketesin be desem Almaty ote tynysh dedi..
Kauipsiz kala bolgany jaksylyk koi!
Blog urdisi kaita jandyrady dep senemin!
Keleside Astanaga jol tusse senderge de bararmyz Arshat!
rahmet!
Алматының жалпы Қазақстанның ұнағанына мен де қуаныштымын!
Тек қана таксиге міну деген ұғым қалыптастыру үшін уақыт керек екенін мойындаймыз!
Тіл демекші, 2 сыныпта оқитын қарындасымның “туалетті” “әжетхана” тақылдап отырғанына ішім жылып қалды…
[...] қыдырып келген жандардың көпшілігі көлік мәселесінің қиындығын айтуда. Ал Сіз [...]
Менімше Қарағанды өз қалам болғандықтан ба? әйтеуір Қарағанды
ұнайды! болды, Қарағанды дедім бе? тек Қарағанды….
Karagandy it’s best city, of Kazakhstan
Караганды это самый клевый город в Казахстане
[...] сапар шегіп келдік. Сын көрт сыншы демекші осы жолы өткен жолғыдан қарағанда қандай өзгерістер пайда болғанын әрі өзіме [...]