Бақытнұрдың блогы

Сіз білесіз бе?

Posted by: Bakytnur on: Қыркүйек 19, 2007

quran.gif1)Құран сөзі қандай мағына береді?
A)Оқу дегенді білдіреді

2)Құранның алғаш түскен жері
A)Хира Үңгірі, Мекке

3)Құранның алғаш түскен түні?
A)Қадір түні

4)Құран кімнің сөзі?
A)Аллаһның сөзі

5)Құранды әкелген періште?
A)Жәбірейіл (ғ.с) періштесі

6)Құранды алғаш оқыған адам?
A)Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у)

7)Құранды қорғайтын кім?
A)Аллаһ

8)Құранды қалай ұстауға болады?
A)Таза және дәретті болу қажет

9)Ең көп оқылатын кітап қай кітап?
A)Құран

10)Құранда Құранның өзін басқаша қандай атаулармен атаған?
A)Әл-Фурқаан, Әл-Китаб, Әл-Зикр,Әл-Нұр, Әл-Худа

11)Құранның Меккеде түскен сүрелердің саны нешеу?
A)86

12)Мединеде түскен сүрелердің саны нешеу?
A)28

13)Құран неше жүзден (бөлімнен) тұрады?
A)30

14)Құранда қанша сүре бар?
A)114

15)Құран қанша рүкуден (параграфтан) тұрады?
A)540

16)Құранда қанша аят бар?
A)6666

17)Құранда Аллаһ сөзі қанша рет қайталанған?
A)2698

18)Құрандағы аяттар қанша түрге бөлінеді?
A)10

19)Құранның ең алғашқы хафызы (жатқа білетін адам) кім?
A)Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у)

20)Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) дүниеден озған кезде қанша хафыз болған?
A) 22

21)Құранда Намаз туралы қанша рет айтылған?
A) 700 рет

22)Құранда пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) Ахмед деген атпен аталған ба?
A)Иә, Сафф сүресі,6-аятта

23)Пайғамбарымыздың аты Құранда қанша рет жазылған.
A)Мұхаммад есімі (с.а.у)-4 рет Ахмед(с.а.у)-1 рет жазылған

24)Құранда ең көп аты аталған Пайғамбар кім?
A)Муса(а.с)
25)Құранның аяттарын алғаш санап шыққан кім?
A) Хадиша анамыз
26)Ең алғашқы және ең көне мешітті атаңыз?
A) Қаағба.

27)Құранда аты аталған пайғамбарымыздың (с.а.у) сахабасы кім?
A)Заид Бин Харит

28)Құранда аты аталған пайғамбарымыздың (с.а.у) жақын туысының аты кім?
A)Әбу Лахаб

29)Құранда шешесінің атымен шақырылған Пайғамбардың аты кім?
A)Иса (а.с) Мәриямұлы деп шақырылған

30)Құран бір күнді ерекше ескертедi. Ол қай күн?
A)Қиямет күні

31)Құран адамдардың қандай адам болуын қалайды?
A)Мумин

32)Құрандағы ең ұзын сүрені атаңыз?
A)Бақара сүресі

33)Құрандағы ең қысқа сүрені атаңыз?
A)Кәусәр сүресі

34)Пайғамбарымыз Мұхаммад-ке (с.а.у) Жәбірейіл періштесі Құранды алғаш түсірген кезде Пайғамбарымыз қанша жаста болған
A)40 жаста.

35)Пайғамбарымыздың (с.а.у) Меккедегі пайғамбарлығы қанша жылға созылған
A)13 жыл.

36)Пайғамбарымыздың (с.а.у) Мединедегі пайғамбарлығы қанша жылға созылған
A)10 жыл.

37)Құран қанша жылда түскен?
A)22 жыл,5 ай 14 күнде.

38)Құрандағы қай сүре намаздың әрбір рекағатында оқылады?
A)Фатиха сүресі

39)Аллаһ тағала дұға орнына оқуға болатын сүре деп қай сүрені атап көрсеткен?
А) Фатиха сүресі

40)Құрандағы ең бірінші сүре?
A) Фатиха сүресі

41)Құранда аты аталған жалғыз әйел кім?
A)Мәриям (а.с).

42) Құранның қай сүресінде Бисмиллаһ сөзі екі рет қайталанған?
A)Намл сүресінде.

43)Құранда Пайғамбарлардың атымен аталған қанша сүре бар?
A)6 сүре
a)Юнус сүресі. b)Худ сүресі. c)Юсуф сүресі
d)Ибрахим сүресі e)Нұқ сүресі f) Мұхаммад сүресі

44)Құранда Аллаһның қанша аты аталған?
A)99.

45)Әлемдегі миллиондаған адамдар жатқа білетін жалғыз кітапты атаңыз?
А)Құран.

46)Құран қанша тілге аударылған
A)103 тілге

47)Құранда аты аталған, 3ші ұрпағына дейін Пайғамбарлық жалғасқан Пайғамбарды атаңыз?
A)Ибрахим (а.с) .

48)Құран байлық туралы не айтады?
A)Ол – адамның иманының сынағы

49)Құранда аты аталған мешіттер?
A)5 мешіттің аты аталған:
a)Масжид-ұл-Харам. b) Масжид-ұл-Зирар
c)Масжид-ұл- Набауи d)Масжид-ұл-Ақса. e)Масжид Құба.

100)Құранда аты аталған періштелерді атаңыз
A)4 періштенің аты аталған
a)Жәбірейіл b)Михайл c)Харут d)Марут

14 жауаптар -ге "Сіз білесіз бе?"

Өте керемет!
Қызықты, пайдалы, инабатты!

Assalamualeikum!!! Oraza kabyl bolsyn. Osynday paidaly malimetter ushin kop rahmet. Allah razy bolsyn.

Rahmet! Oz orazalarynyz da kabyl bolsyn!

assalamu aleikum
ozin’nin’ daindaghanin’ ba? basqa jerge zaghanda saghan link korsetein ba?

Salem Zhandos!

Mening atym bolmasa da blogyma link korsetip koishy

Викториналық сұрақтарға ұқсайды. Өте пайдалы. Аллаһ разы болсын!

40-шы сурак “ен алгашкы…” емес “ен биринши…” деп жазса дурыс болмайма?

алгашкы суре “Алак” суресынын 5 аяты.
оган коймай мен ер адаммын.

Rahmet, the first degen agylshynshadan audargan edim.. Algashky jane birinshi degendi almastyryp koippyn

Ассалаумагалейкум!
Кыска ари накты жауаптарды оки отырып, кейбир мен атын билсем де, магынасын билмей не шатастырып журген атауларды билип алдым. Биле отырып, менин озиме унаган дини атымнын Фурххан Кураннын бир аты екенин билмеппин, бул атауды мен Пайгамбарлардын биринин есими деп жургем. Сосын ен алгашкы ари ен коне мешитти, ягни Каагбаны аваторым кылып койганым да тегин болмай шыкты. Негизи атымды мусылманша Бурхан деп ауыстырып алгым кеп жур.

negizi bul surak, jauaptar Quran turali. Al bugin tagy 50 kostym. Ol jalpilai Islam turali bolmak.

Бақытнұр, Мынау бір тамаша еңбек екен. Имандылық мәселесінде блог бастаған едім, осыны өзіме жарияласам болады ма?

Сонсоң, мәссаған сайты неге жабық? Кіру мүмкін емес қой. Бір кірген едім “жеке бұрыш” деген жер өшіп қалыпты. Бәрінде сондай ма екен, білгім келген еді.

Aha blogyndy men kosyp koiaiyn Karim.

Massagan saity negizi ashyk tur, jai bolgasyn kire almai turgan bolularynyz kerek. Al jeke burysh ta ashyk.

Keshikpei bari tolygymen isteidi.

[...] 14, 2008 жазған bakytnur Сіз білесіз бе? айдарының І, ІІ бөлімдерінде Ислам туралы қысқаша сұрақ-жауап [...]

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Қыркүйек 2007
M T Ср T F S S
« Aug   Oct »
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Алдыңғы жазбаларым

a

Ең соңғы пікірлер

Шарипа Әлемнің Ең Бай 5 Адамы [Дін -… адресінде
blogbershi Аватар фильміндегі тіл –… адресінде
Bakytnur Қатты ұнады!!! адресінде
Амыш Қонақ кітабы адресінде
Gastarbaiter Қатты ұнады!!! адресінде

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos