Youtube, Metacafe, Google Video, Yahoo! Video (т.б) сайттарындағы видеоларды түсіремін деп шаршадыңыз ба? Олай болса Real-дың жаңа видео ойнатушысын қолданыңыз!
RealPlayer-дің соңғы нұсқасын түсірсеңіз, Интернеттегі әрбір видеоны өз сапасымен түсіре аласыз.
Қолдану өте оңай! Түсіру тез!
RealPlayer-ді қайдан түсіріп аламын?
http://www.real.com/ адресіндегі “Get RealPlayer Free” түймесіне басыңыз! Тегін!
Видеоларды қалай түсіріп аламын?
Ойнап тұрған видеоның үстіне маузды апарыңыз. Видеоның оң жақ [...]
Толық жазбаны оқу »
Бүгін Google тулбарындағы PageRank көрсеткішінде осы блогтың PageRank-і 3 деп көрсетіп тұрғанын байқадым. Google тулбарындағы PageRank-і көрсеткіші соңғы кезде қате көрсететін болған деген шындыққа жақын болуы мүмкін екен. Ал сайттарың нағыз PageRank-ін Google ешкімге көрсетпейді, ол қандай жолмен есептеп тұрғанын өздерінен басқа ешкім білмейді деген еді… Әлде, PageRank деген тек қана аты айтып тұрғандай PR ғана [...]
Толық жазбаны оқу »
Жарияланған Компьютер Әлемі, ілмектелген spam, spammer күні Қазан 23, 2007 | 5 Пікірлер »
Күнделікті э-поштамызға кімнен екені белгісіз хаттар келіп тұрады немесе форумдарда, блогтарда бейтаныс адамдар пікір жазып кетеді. Олардың кейбірі жарнама болса, кейбірі бірігіп бизнес істеуге шақырады, тіпті кейбірінде вирус ілесіп жүреді. Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады.
Спамды кім, қайдан жібереді?
Интернетте э-пошта сервисін (мыс: Yahoo!, MSN, Gmail т.б) қолданбай-ақ басқа біреуге бейтаныс атпен (мыс: example@mysite.com) [...]
Толық жазбаны оқу »
Жарияланған Мақала, Хақ-Ислам, ілмектелген Allah, islam, Muhammad, quran күні Қазан 14, 2007 | 5 Пікірлер »
Айттарыңыз қабыл болсын ағайын. Сіз білесіз бе? деп бұрын да жазғамын, осы жолы соны жалғастырып отырмын. ИншАллаһ, жалғаса береді деп сенемін.
51) Мұсылмандардың алғашқы ашқан жерін атаңыз?
а) Орталық Африка
52) Анасы қайтыс болған кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) қанша жаста еді?
а) 6 жаста
53) Рамазан айы бітерде не істеуіміз қажет?
а) Пітір садақасын беру
Толық жазбаны оқу »
Жарияланған Бос уақыт, Кино, Музыка, Ән-күй күні Қазан 13, 2007 | 2 Пікірлер »
Біздің бала күнімізден бері келе жатқан сүйікті тобымыз Backstreet Boys тобы қайта оралды. Бірақ бұл жолы топта Кевин Ричардсон жоқ, ол топта болмауын музыкамен айналысқан жылдарында атқара алмаған қызықтарымен айналысатынымен түсіндірген. Сонымен топта 4 жігіт. Жаңа шыққан Inconsolable әні маған ұнады, көпшілікпен бөлісейін деп ойладым.
Толық жазбаны оқу »
Жарияланған Бос уақыт, Компьютер Әлемі күні Қазан 10, 2007 | 3 Пікірлер »
Интернет қолданушыларды сөзбен жеткізгеннен, суретпен бейнелесе адамға көп әсер етеді. Олай болса бүгін қарап, оқыған бірнеше карталарымды ұсынайын
Төменде қоғамдық сайттарды (Social Networking Sites) қай ел қаншалықты қолданатынын бейнелеген екен. Корея www.cyworld.com қолданады. Онысы рас, себебі өздері дайындаған, әрі қазіргі мен білетін қоғамдық сайттардың ең жақсысы.
Ал Моңғолия www.hi5.com қолданады депті, рас-ау. Күнінде маған hi5-тан пәленбей деген досыңыз [...]
Толық жазбаны оқу »
Google-мен жарысамын деп өкпесін күйдірген қарт-Yahoo! ағамыз іздеу жүйесін өзгертті.
Сөзді теріп жатқанда сол жағында іздеген кілт сөзіңізге байланысты нәтижелерді теріп шығарып отырса, оң жағында оның мағынасына сәйкес келетін сөздерді ұсынады.
Мысалы Massagan деп іздеп едім, бір жағынан Massagan сөзі кірген нәтижелерді көрсетсе, екінші жағында оның Қазақстан, қазақ, алматы немесе әндермен байланысты екенін көрсетіп жатыр.
Үлкен жетістік, әзірге.
Сөздің [...]
Толық жазбаны оқу »
Жарияланған Бос уақыт, Мақала күні Қазан 6, 2007 | 7 Пікірлер »
(Әдеби шығарма емес, болған әңгімені қысқартып жаздым)
Жақында бір құрбыммен жол жөнекей кезігіп қалдым. Танысқалы бір жылдай болған. Біраз уақыт жолықпағандықтан, бір-бірімізге айтар әңгімеміз де мол еді. Тұратын жеріміздің бағытымыз бір, бірге аяңдадық.
-Айс-крем ұнай ма?
-Жоқ, балмұздақ ұнайды.
-Кешір, осылай айтып үйреніп кетіппін.
Бұрын-ақ әңгімеміз жарасып кететін. Осы жолы әңгімесін таяуда жаңа жұмысты бастағаны мен жұмыс орны, әріптестері жайлы [...]
Толық жазбаны оқу »
Жарияланған Бос уақыт күні Қазан 5, 2007 | 3 Пікірлер »
Дилфуза деген досымыз бар, Үндістанда. Өзбек қызы, бірақ қырғызға келін.
Оның блогынан өзімде жоқ сурет таптым. Гитара ұстап музыкант болып кетіппін. Шынында музыкант жүрген кезім болды ма екен?
Рас, аздап домбыра мен гитараны дыңғырлатамын, бірақ сахнаға шығатындай қауқарым жоқ еді…
Мына жерден толығырақ көруге болады
Толық жазбаны оқу »
Жарияланған Мақала күні Қазан 2, 2007 | 2 Пікірлер »
Отгонтэнгэр тауына барар жолда Президент аттан жығылған, жоқ жығылмапты деген өсек халық арасына тарап кеткен. Сол кездегі бейнематериалды ТВ-ге бергенде атқа мінгенін және мініп кетіп бара жатқанын көрсеткен екен.
Ал нағыз бейнематериалды біреу қол камерасымен алып қалыпты, сонда Н.Энхбаяр аттан жығылған ба, жығылмаған ба?
Президенттің оққағарлары жығылып бара жатқанда қарап тұрғаны несі екен.
Аттан жығылуыңың себебі де ат [...]
Толық жазбаны оқу »