Бақытнұрдың блогы

Сіз білесіз бе? (2-ші бөлім)

Posted by: Bakytnur on: Қазан 14, 2007

quran-book.jpgАйттарыңыз қабыл болсын ағайын. Сіз білесіз бе? деп бұрын да жазғамын, осы жолы соны жалғастырып отырмын. ИншАллаһ, жалғаса береді деп сенемін.

51) Мұсылмандардың алғашқы ашқан жерін атаңыз?
а) Орталық Африка

52) Анасы қайтыс болған кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) қанша жаста еді?
а) 6 жаста

53) Рамазан айы бітерде не істеуіміз қажет?
а) Пітір садақасын беру

54) Құранның қай аятында Ислам Дінін толық Дін көрсеткен?
а) Әл-Майдаһ сүресі, 3-аят

55) Азан шақырылғанда Аллаху Әкбар деп неше рет айтылады?
а) 6 рет

56) Зекет пен табысымыздың қатынасы:
а) 2.5%

57) Аллаһ тағала ғажайып жолмен жаратқан және қиямет күні қайта оралатын Пайғамбарды атаңыз
а) Иса (а.с)

58) Ислам үшін ең бірінші шәһид болған кім?
а)Сумайя (р.а)

59) 1050 жыл өмір сүрген Пайғамбарды атаңыз?
а) Нұқ (а.с)

60) Пайғамбарымыздың (с.а.у) әкесінің інісі Хамза (р.а) қай соғыста шәһид болған?
а) Ұхұд соғысында

61) Құммен дәрет алуды не деп атайды?
а) Тәям соғу

62) Біздің ісімізді жазып отыратын періштелерді атаңыз?
а) Кираман Катибин

63) Ислам нені білдіреді?
а) Аллаға бой ұрып, оның әмірлерін орындау дегенді білдіреді

64) Түшкірген кезде не деп айтуымыз керек?
а)Әлхамдүлиллаһ деуіміз керек

64) Хижри күнтізбесіндегі алғашқы айды атаңыз.
а) Мұхаррам

65) Әл-рахман сөзі нені білдіреді?
а) “Ерекше Мейірімді”

66) Иманның шарттарын атаңыз.
а) Аллаға сену
ә) Періштелерге сену
б) Кітаптарға сену
в) Пайғамбарларға сену
г) Ақырет күніне сену
ғ) Өлгеннен соң қайта тірілетініне сену

67) Саған ғана сыйынамыз, сенен ғана жардем сұраймыз деген жолдар қай сүреде айтылады?
а) Фатиха сүресінде

68) Астағфируллаһ деген сөз қандай мағына береді?
а) Алладан кешірім сұрау

69) Мұсылманның ең бірінші міндеті не?
а) Кәлима келтіру

70) Меккедегі Алланың үйі не деп аталады?
а) Қағба

71) Қағбаны алғаш тұрғызған кім?
а) Ибраһим (а.с)

72) Қағба басқаша қалай аталады?
а) Бәйтуллаһ

73) Періштелер неден жаратылған?
а) Нұрдан

74) Екінті намазының фарызы қанша рекааттан тұрады?
а) 4 рекаат

75) Намаздың мақсаты не?
Алланы еске алу

76) Рамазан айында ауыз бекітерден бұрын жеген тамағызды не деп атаймыз?
а) Сәре

77) Ауыз ашарда жеген тамағымызды не деп атаймыз?
а) Ифтар

78) Пайғамбарымыздың туған жылын атаңыз?
а) 571-жыл

79) Кәлима Шаһадаттың мағынасы не?
а) Алла біреу, Мұхаммед (с.а.у) оның елшісі

80) Үтір намазы қай кезде оқылады?
а) Құтпан (жашиқ) намазынан кейін

81) Таң намазы қай кезде оқылады?
а) Таң шеті сөгіле бастағанда, күн шығардан бұрын

82) Қажы кезіндегі мұсылмандар мерекесін атаңыз.
а) Құрбан айт

83) Ибраһим (а.с) Пайғамбар Алланың әмірі бойынша қай ұлын құрбандыққа шалмақшы болады?
а) Исмайл

84) Ибраһим (а.с) Пайғамбардың әкесі кім?
а) Азар

85) Қай сүре Пайғамбарымыздың өмірден өтетін уақыты жақындап қалғаны жайлы аздаған түсініктеме берген?
а) Наср сүресі

86) Наср не деген мағына білдіреді?
а) Жеңіс

87) Алхамдүлиллаһ-ның мағынасы не?
а) Барлық мақтау тек Аллаға лайық

88) Исламда барлық адам бірдей, адамдар тек қана бір нәрсесімен ерекшеленеді. Ол не?
а) Тақуа

89) Хижра нені білдіреді?
а) Пайғамбарымыздың Меккеден Мединеге көшкен уақыты

90) Бадр соғысы қашан болған?
а) Хижраның екінші жылында

91) Атқарылуы керек міндеттерді не деп атаймыз?
а) Фарыз

92)Пайғамбарымызға (с.а.у) Жәбірейіл періштесі келіп, ең алғаш “Оқы” деген. Бұл қай сүре?
а) Алақ

93) Билалдың міндеті не болған?
а) Мұсылмандарға намазға келуі үшін Азан шақыру

94) Сүннет деген не?
а) Пайғамбарымыздың (с.а.у) үлгілері, сөздері мен өмір сүру мысалдары

95) Мұсылманның күнделікті өмірі немен басталады?
а) Таң намазымен

96) Муса (а.с) Пайғамбарға түскен кітапты атаңыз.
а) Тәурат

97) Дәуіт (а.с) Пайғамбарға түскен кітапты атаңыз.
а) Зәбур

98) Зекетті қай айтта беру керек?
а) Құрбан айтта

99) Жаныңыздағы бірey түшкірген кезде не деуіңіз керек?
а) Ярхамұқа Аллаһ

100) Құран мен Сүннеттен алынған заңды не деп атаймыз?
а) Шариғат

Ілмектер: , , ,

5 жауаптар -ге "Сіз білесіз бе? (2-ші бөлім)"

Сәлем, өте қажет те, қызықты мәліметтер. Қателеспесем, өткен жолғысын Астана қаласындағы бір газет жариялады ғой деймін. Бүгінгі оқырмандарға керегі де осы. Аллаһ разы болсын!

Mashalla, Alla sizge razy bolsyn osynday paydaly malimetterdi zharialaganynyzga.

Respect

Allah razy bolsyn

[...] 14, 2008 жазған bakytnur Сіз білесіз бе? айдарының І, ІІ бөлімдерінде Ислам туралы қысқаша сұрақ-жауап [...]

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Қазан 2007
M T Ср T F S S
« Sep   Nov »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Алдыңғы жазбаларым

a

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos