Posted by: Bakytnur on: Қазан 23, 2007
Күнделікті э-поштамызға кімнен екені белгісіз хаттар келіп тұрады немесе форумдарда, блогтарда бейтаныс адамдар пікір жазып кетеді. Олардың кейбірі жарнама болса, кейбірі бірігіп бизнес істеуге шақырады, тіпті кейбірінде вирус ілесіп жүреді. Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады.
Спамды кім, қайдан жібереді?
Интернетте э-пошта сервисін (мыс: Yahoo!, MSN, Gmail т.б) қолданбай-ақ басқа біреуге бейтаныс атпен (мыс: example@mysite.com) хат жіберу өте оңай. Оның біреуі арнайы програмалар арқылы болса, екінші жолы PHP, JSP немесе ASP.NET сияқты скрипт жазатын програмдау тілдері арқылы. Спаммерлер (спам жіберушілер) э-пошта адресіңізді Интернеттен адрес жинайтын програмалар арқылы жинап алып, өзінің базасына сақтап қояды да, керекті кезінде қолданады. Тіпті адамдардың жеке мәліметін де жинап алып, басқа компанияларға сататын ұйымдар болады. Олардың көбі э-пошта адресіңізді @ симболы арқылы білетіндіктен, көпшілік оқи алатын сайттарға адресіңізді жазудан абай болыңыз, немесе басқаша тәсіл қолданыңыз. Мысалы сурет арқылы бейнелеу немесе @ орнына “at”, “айқұлақ”, “собачка” сияқты сөздер қолдануға болады.
Спаммерлердің хатын жеке хаттардан қалай ажыратуға болатыны тұрғысында SMTP протоколында қорғаныс жоқ. Тек арнайы програмалар арқылы ғана оны тексеруге болады. Мысалы WordPress AKISMET жүйесін қолданады. Бір хатты көп кісіге қатарынан жіберілгенінен де білуге болады. Бірақ ондай жағдайда компания өзінің барлық клиенттеріне хат жіберсе, оны спам деп танып, келген хатты спамға сақтайтын жайттар да кездеседі. Хаттың ішіндегі сөздерден күдіктеніп, спам деп тануға болады. Оны спаммерлер де байқап, сөзді әдейі бұрмалап жібереді екен. Мысалы Viagra сөзін
V1agra
Via’gra
V I A G R A
Vaigra
\ /iagra
Vi@graa деп жіберу арқылы.
Кейбір компаниялрдың табыс көзі спам хаттар арқылы жарнама тарату болғандықтан спам азаймайды, керісінше көбейіп келеді.
СПАМ туралы қызықты мәліметтер:
Мен майл.рудағы поштамды автомат редиректке қойып қойдым джеймайлға, джеймайл өзі-ақ қатырады сосын спаммерлерді…
[...] осымен шешіле салды Спам туралы толық мәліметті мына жерден [...]
Қазан 25, 2007 at 12:13 тк
Кейбір спаммерлердің тапқырлығына қайран қаласың! Балаға емге ақша сұрайды, бар-аяғы бес долларға барлық (!) программаларымды лицензиялап беруді ұсынады.
Енді хаттардың тақырыбы арқылы сұрыптау да мұң болды. Мысалы, “RE:”, “Answer the you question”, “Report from you question” деген хаттарды қалай ашпайсың?
Мен пайдаланатын Thunderbird жарты жыл бойы “оқу” үстінде. Жарытып ұстап қалып жатқан ештеңесі жоқ. Әйтеуір күнде “дәріс” беремін. Дегенмен, Outlook-тан жақсы.
орқатыным – шын қажет пошталар спамм қатарына кетіп қалатын сияқты кейд. Шын көмек сұрайтын адамды спаммер қылып жіберсем қайтем?
GMAIL-дың спамм-фильтріне басымды иемін. Ал Yahoo болса – азып бара жатқанға ұқсайды…