Posted by: Bakytnur on: Қараша 1, 2007
Интернетте көлемі үлкен файлдарды басқаларымен қалай бөлісу керек?
Э-пошта арқылы ең көбінде 10MB жібере аласыз. YouSendIt арқылы 100MB жіберуге болатынын бұрын жазып кеткен едім. Ал мессенжерлер арқылы бөлісуге болады, бірақ жылдамдығы өте баяу.
Rapidshare, Depositfiles қатарлы сайттарға қойып бөлісуге болады, бірақ ол жерде де бір файлды бірнешеге бөлу керек, жылдамдығы баяу, қате береді деген сияқты жайттары бар.
Әзірге ең оңай әрі тиімді жолы торрент арқылы бөлісу.
Торрент – сіздің бөліскелі отырған файлыңыз жайлы мәлімет беретін кішкентай бір метафайл. Торрент арқылы файл бөлісу үшін BitTorrent, uTorrent, Azureus немесе BitComet т/б програмаларын қолданасыз.
Ол үшін алдымен торрент құрастыру керек.
Мысалы uTorrenт програмасында төмендегідей:
1. File > Create new Torrent (немесе CTRL + N)
2. Файл немесе папканы таңдаңыз. Бір немесе бірнеше файл/папка таңдауға болады
3. Trackers: Бұл ең маңыздысы. Тракер сайттарды жазу керек. Бірден көп жазуға болады, бірақ біреу жазсаңыз жеткілікті.
Төмендегілер тракер сайттар:
http://open.tracker.thepiratebay.org/announce
http://www.torrent-downloads.to:2710/announce
http://denis.stalker.h3q.com:6969/announce
udp://denis.stalker.h3q.com:6969/announce
http://www.sumotracker.com/announce
4. Private torrent box дегенді таңдамаңыз
5. Торрентті сақтап алып, достарыңызға жібересіз.
BitComette төмендегідей:
1. File > Create Torrent (немесе CTRL + M)
2. Файл немесе папканы таңдаңыз. Бір немесе бірнеше файл/папка таңдауға болады
3. “Enable public DHT network” дегенді таңдаңыз. Егер тракер сайттарда қате шыққан жағдайда сіз өзіңіз тракер боласыз деген сөз.
4. Tracker server and DHT node list
Бұл ең маңыздысы. Тракер сайттарды жазу керек. Бірден көп жазуға болады, бірақ біреу жазсаңыз жеткілікті.
Төмендегілер тракер сайттар:
http://open.tracker.thepiratebay.org/announce
http://www.torrent-downloads.to:2710/announce
http://denis.stalker.h3q.com:6969/announce
udp://denis.stalker.h3q.com:6969/announce
http://www.sumotracker.com/announce
5. Торрентті сақтап алып, достарыңызға жібересіз.
Іздеген торрентіңізді Интернеттегі торренттік сайттардан іздеп, түсіріп аласыз. Мысалы
http://www.mininova.org
http://www.torrents.ru
http://www.avistaz.com/ сияқты мыңдаған сайттар бар
Торрент түсірерден бұрын seed және leecher-іне көңіл бөліңіз. Seed – түсіріп болып, бөлісіп отырған клиенттер, leecher – файлды түсіріп жатқан клиенттер.
Тракер – клиенттерді жөнге салып отырған орталық сервер.
oy rahmet.
Қараша 2, 2007 at 12:50 тд
virus kelmey me?