Бақытнұрдың блогы

Блогты үй-күйсіз жүрген адамдар да жазады.

Posted by: Bakytnur on: Қараша 5, 2007

Жақында бір Халықаралық студенттік жарысқа мақала жазбақшы болған едік. Жарыстың тақырыбы үйі, жатар орны жоқ адамдарға технология арқылы көмек болып, олардың мәселелерін шешу керек еді.

homeless.jpgСонымен, алдымен үй-күйсіз жүрген адамдардың басты мәселесі не, олар жай адамдардан не айырмашылығы бар, оларға қандай нәрсе керек, көшеде өмір сүрулерінің басты себептері неде екенін білу керек болды. Кореяда үйі жоқ адамдар үнемі кездесе бермейді, бар болса да метрода немесе темір жол станцияларында бірен-саран кездесуі мүмкін. Сондықтан олардың проблемаларын Интернеттен іздеп табайық деп келіскен едік.

Гууглден іздеу барысында, не тапқанымызға өзіміз де сенбей қалдық. Үй-күйсіз жүрген адамдар да блог жазады екен. Кейбіреуі өздерінің басты мәселелерін жазатын болса, кейбірі араларындағы әзілдерін, кейбірі күнделікті тіршілігін жазады.

Өмір болғасын біреуді біреу адастырады, біреу өзін-өзі адастырады дегендей. Біреуі қалағанынан көшеге шығады, біреуі өмірдің қатал заңымен көшеде өмір сүруге мәжбүр болады.

Хат жазысып, үй-күйсіз жүрген азаматтардың аз да болса мәселерімен танысып, білістік. Үнемі Интернетке кіре беретін мүмкіндігі жоқ болғасын, олармен байланыс құру біраз уақыт алады.
Көбінің үйсіз қалуларының да себебі жұмыссыздық, кедейшілік, немесе еліктеушілік деуге болады.
Олар үшін көп нәрсе істеуге болады, олардың жай адамдардан ешбір айырмашылығы жоқ, тек біздің қамқорымызға мұқтаж жандар екен деп ойладық. 

Төменде кейбір үйсіз жүрген жандардың блогтары:

http://thehomelessguy.wordpress.com/
http://homeless.blog-city.com/
http://view-sidewalk.blogspot.com/
http://homeless-blog.blogspot.com/ 
http://alexandermu.blogspot.com/
http://homelessmanspeaks.wordpress.com/

2 жауаптар -ге "Блогты үй-күйсіз жүрген адамдар да жазады."

Үй-күйі жоқ адамның блогы деп танылуы үшін алғашқы бетке БТИ-ден анықтама қажет пе екен? :)

Шетелде адам үйсіз болса да өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінеді. Қоғам да оларды шететпейді. Генрийді (5) блгын оқып отырып, баспанасыз қалдым деп зар жылап жүрген жан еместігіне көзім жетті. Мысықтары қандай әдемі еді!

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Қараша 2007
M T Ср T F S S
« Oct   Dec »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  

Алдыңғы жазбаларым

a

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos