Бақытнұрдың блогы

Google-да #1 болғыңыз келе ме?

Posted by: Bakytnur on: Қараша 8, 2007

Блогын Google-да біріншіге қою әркімнің арманы деп ойлаймын. Блогқа келушілердің басым бөлігі іздеу жүйелері арқылы келетіні айғақ. Сондықтан Google-да блогыңызды біріншіге қою хаққында аздаған кеңестерді бөлісейін. Бұл жолғы кеңестер Google-де қалай #1 болу керектігі жайында болғандықтан, жақсы блоггерлерге арналған кеңестен бөлектеу. 

1. Блогыңызда қажетті, кілт сөздерге сәйкесетін мақала жазыңыз. Іздеу жүйелері арқылы келген қонақтардың қандай сөз арқылы келгенін, көбін қандай нәрсе толғандыратынына қарауыңызға болады.

2. Мақаланың тақырыбын таңдау өте маңызды. Іздеу жүйелері алдымен тақырыбына көңіл бөледі. Кейбір блогшылар адамдарды тарту үшін тақырыбын мақалаға байланыссыз таңдайды.

3. Қазіргі болып жатқан, халықтың көңілінде жүрген мәселені қозғай біліңіз. Себебі адамдар бір нәрсе білмесе алдарындағы Google мырзаға жүгінеді.

4. Қажетті жағдайда жазудың тақырыбын да өзгертіп тұрыңыз. Іздеу жүйелері cache істеген кезде бір мақала әр түрлі атпен жүре береді де, халыққа таңдау болады.

5. Блогтың дизайны мен форматы да іздеу жүйелеріне әсер етеді. Жақсы қатесіз блогтарды олар ең басына қояды.

6. Мақалаға таг (tags) дұрыс таңдай біліңіз, себебі Technorati, WordPress сияқты блогпортал сайттарынан көпшілігі белгілі таг арқылы келеді.

7. Линк алмасыңыз. Google PageRank-i жоғары, көпшілікке танымал сайттармен линк алмассаңыз, ол да блогтың маңыздылығын көрсетеді.

8. Сурет пен видеоны қолданғанда абай болыңыз. Іздеу жүйелері блогтың ашылу жылдамдығына да көп көңіл бөледі.

9. Қажетті жағдайда кілт сөзді мақала ортасында қайталаңыз. Себебі кей жағдайда кілт сөздің қайталануына қарай мақаланы маңызды деп көрсетеді.

10. Мақаланың және блогтың қай тілде жазылғаны маңызды. Әрине бұл жағдайда ағылшын, жапон немесе қытай тілді блогтар ұтады. Бірақ, бір қуантарлығы соңғы кезде қазақша кілт сөз арқылы Google-ден тауып келетіндер көбейді.

«Блогтарыңыз әрдайым Google-дa біріншіде тұрып, ұзағынан сүйіндірсін!»

Ілмектер: , , ,

9 жауаптар -ге "Google-да #1 болғыңыз келе ме?"

Өте пайдалы мәліметтер жариялапсыз. Тек тагтар туралы кеңірек айтып өтуіңді сұраймын. Мүмкін болса, мысалдар келтіріп өтсеңіз…

Jogaryda makalanyn ayagynda baikasanyz Tagged Blog, PageRank, Ranking, SEO | dep tur goi ya…

Ya, solar tag dep atalady. Endi solardyn arbireuine bassanyz, WordPresske sol tag jaiynda jazylgan makalalardy koresiz…

Izdegen sozderding sening bloginda nemese site-tinda tabilgan sozderdi bilip otirasin, al baska sende tabilmagan sozderin kalai biluge boladi eken?

Eger tabylmasa senin blogyna kelmeidi goi… Yagni googleden izdegende senin blogynda soz tabylsa keledi.. saikes kelse yagni

Salem, Bakytnur!
Өте пайдалы материал екен!
Rakhmet!

Сәлем, Бақытнұр. Мен блог бастап едім, бірақ блог жайында еш хабарым жоқ. Білгім келетіні, жазған мақаланың қасына суретті қалай қоюға болады? Блогты мен blog.ru-да құрып жатырмын.

Сәлем, Бақытнұр. Мен блог бастап едім, бірақ блог жайында еш хабарым жоқ. Білгім келетіні, жазған мақаланың қасына суретті қалай қоюға болады? Блогты мен blog.ru-да құрып жатырмын.

Salem
blog.ru-dy bilmeimin, al eger wordpress-te blog ashkan blsan komek bolar edim

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Қараша 2007
M T Ср T F S S
« Oct   Dec »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  

Алдыңғы жазбаларым

a

RSS Мәссаған.ком-дағы соңғы жаңалықтар

  • An error has occurred; the feed is probably down. Try again later.

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos