Posted by: Bakytnur on: Қараша 15, 2007
YouTube сайтының негізін қалаушыларының бірі Стив Ченнің сөзіне қарағанда енді олар видеоларды жоғары сапамен ұсынбақ. Алғашында әркімге өз видеоларын қоя білу мүмкіндігін ұсыну мақсатын алдарына қойған болса, бүгін олар өз мақсатына жетіп, келесіде қолданушының Интернет жылдамдығына және таңдауына сай видеолардың сапасын жақсартпақ. Бұл істері алдағы 3 айдың ішінде дайын болады. Бұрынғы қосылған видеолар да өз сапасымен YouTube архивінде жатқандықтан, олардың да сапасын жоғарлатады екен.
Мүмкін YouTube үшін видеоларды сапалы көрсететін басқа сайттар көбейе бастағандықтан өз орнын жоғалтып алмау да керек шығар. Бірақ YouTube-те заңсыз видео, бейнеклиптер мен кинолар көп-ақ. Енді оларды әркім жоғарғы сапамен көре алатын болса, нағыз қызық сонда болады.
Сойтип бейзани пираттык дуниени ынталандырамын де, Бакытнур… еее, басе..
Оз басым ютубты жумыстагы билгисаярымнан актара алмаймын, фльтрлик шектеу койылган. Уйде караймын деймин де, есимнен шыгып кетеди. Ютуб дегенин мен ушин кезинде кол жеткенше арман болган сникерс шоколадына уксайды… Бир куним колым жетери анык бирак
Коптеген казах тилинде де материалдар барын естигем. Кызык дейди корген-билгендер. Жаксы гой…
[...] 3, 2008 by bakytnur Өткен Қарашада ”YouTube енді видеоларының сапасына көңіл бөлмек” деп жазып кеткен едім. Бұл алдағы 3 айда жүзеге [...]
[...] 3, 2008 жазған bakytnur Өткен Қарашада ”YouTube енді видеоларының сапасына көңіл бөлмек” деп жазып кеткен едім. Бұл алдағы 3 айда жүзеге [...]
Қараша 16, 2007 at 3:56 тд
Sapani kotery degen sozsiz jaqsi narse