Posted by: Bakytnur on: Желтоқсан 25, 2007
Бүгін э-поштама келген хатты бөлісейін деп отырмын. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға үлкен табыс тілей келе, бұл жарысты есімізге салып, қазақ блогшыларына әртүрлі байқауларды үзбей хабарлап отырған Асхатқа үлкен рахметімді айтамын.
Ең үздік қазақстандық блог – күнделік байқауының нәтижелері анықталды, байқау MediaNet халықаралық журналистика ортылығы мен Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен өтті.
Байқауға блогшылардан 30 өтініш келіп түсті, олар қазақ және орыс тілдеріндегі блогтардың авторлары. Жеке және ұжымдық өтініштер қабылданды.
Бес қазақстандық журналист пен блогшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы ең үздік қазақстандық блогты – алматылық Әділ Нұрмақовтың http://adam-kesher.livejournal.com/ күнделігін таңдады. Қазылар мүшелері күнделікті «ширақ әрі маңызды, мүмкін, қазақстандық блогтардың арасындағы ең қызықты және қажетті» деп атады. Екінші орынды екі блог бөліп алды, алматылық Марат Шибутовтың күнделігі http://megakhuimyak.livejournal.com/ мен қазақ тіліндегі NewEurasia ұжымдық блогы http://kz.kazakhstan.neweurasia.net/. Біріншісі – қазақстандық блогтардың ішіндегі «ең мардымды блогтардың бірі» болып аталса, екіншісі – «өзекті және маңызды ақпаратқа толы мемлекттік тілдегі ең сапалы блогтардың бірі» аталды. Үшінші орын да екі блогқа бұйырды: оңтүстік-кореялық университет магистранты Бақытнұр Байтелұлының күнделігі http://bakytnur.wordpress.com/, ол ғылымға, технологияларға, өнер мен мәдениетке арналған және екінші блог Шымкенттегі жас журналист Виталий Мантровтың блогы http://mantrovkz.livejournal.com/, ол саясат, экономика және қоғамдық өмірмен байланысты түрлі тақырыптарды қозғайды.
Қазылар алқасы авторлар таңдаған «тақырыптар кеңдігін», олардың маңыздылығы мен «берілудің қызықты стилін» атап өтті.Сыйлық ретінде байқау жеңімпазы 1000 АҚШ долларының теңгелік нұсқасы беріледі, екінші орындағы блогшылар 300 АҚШ доллардан және үшінші орынды иеленген блогшылар 200 АҚШ доллардан алады.
MediaNet пен Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен өткен бұл байқаудың мақсаты желілік күнделіктерге неғұрлым көбірек көңіл бөлу, олар барынша еркіндіктің, тақырып пен көз-қарасқа шектеудің жоқтылығы арқасында әлемнің көптеген елдерінде қазір жиі бұқаралық ақпарат құралдарын ауыстырып жүр. Қазақстанда блогтар жыл сайын танымал болып келеді. Әртүрлі зерттеулер деректері бойынша, қазіргі кезде республикада 4-тен 7 мыңға дейін желілік күнделік бар.
*** MediaNet Халықаралық журналистика орталығы – 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық үкіметтік емес ұйым. Ұйымның қызметі қазақстандық журналистиканың дамуына бағытталған. Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) Қазақстан Республикасында ашық, демократиялық қоғамның құрылуы мен дамуына ат салысады.СҚҚ өз мақсаттарына заң реформалары, адам құқықғын сақтау мен қамтамасыз ету, мемлекеттік емес БАҚ дамыту, бюджеттік қаражатты жұмсау туралы қоғамдық дискуссияны дамвту, түрлі бағдарламалар бойынша семинарлар ұйымдастыру саласындағы қызмет ететін үкіметтік емес қазақстандық ұйымдардың инновациялық жобаларын қолдау арқылы жүзеге асырады. Осы уақытқа дейін СҚҚ Қазақстандағы ұйымдар мен жеке тұлғаларға берген гранттың жалпы сомасы 50 миллионнан астам АҚШ долларды құрайды..
Қосымша ақпарат:
Вячеслав Абрамов, MediaNet атқарушы директоры
+7 (727) 2724829
Жүлдең құтты болсын!
” Бақытнұр, еңбегіңнің еленгені, жұмысыңның жанғанына құтты болсынымды қабыл ет! Бұны бір жауапкершілік деп өлшемге алсақ, бұдан әрмен блогосферадағы тыныс-тіршілікке жаңа леп әкелу, таза қан жүгірту мәселесінде аянып қалмау керектігін жете ұғынбақ керек. Демек, жұмыс тоқтамауы керек, толассыз ізденіс керек.
Ал осы күнге дейінгі табанды тірліктерің өз бағасын алып отырғанын көріп қуанып отырмыз. Қашанда жұлдыздарың оңынан тусын, қазақ блогшылары.
Блогосферадағы әркіміміздің өз несібесі барын жоққа шығармайық. Бір қозы туса, бір тал шөп артық шығады
”
деген Нұрғисаның пікіріне толық қосыламын.
Bakytnur,kuttyktaimin!Bul shinimenen de ulken zhenis!
Oi barekeldi
, budan da ulken tabistarga jeteber…
Блог мәдениетінің қазақ интернетіне қосқан үлесі орасан зор. Блоггерлердің, оның ішінде қазақ тілділердің, блогсфераға кіріскендеріне көп болмаса да, қатарымыз күн санап өсіп келе жатыр.
Бақытнұр сенің блогың, менің күнделікті қарап жүретін интернет ресурстарымның қатарынан орын алған..Сондықтан сенің мына еңбегіңді бағалап жүлдеге ылайық көргендерге рахмет айтамын..
Тасың өрге домалай берсін..
Құрметпен Бекжан.
Baha,
jenisin kuttu, enbekterin jemisti bolsin!
osilay ar uahit biyikten korine beruine tilektespin:-)
Kytty bolsyn, Bakha. Tabystarga zhete ber.
Бақытнұр! Жүлдеңіз құтты болсын! Қашанда оқырманның көңілінен шығуға тырысып баққан еңбегіңіздің алды ескеріліп жатқанына қуаныштымын. Алда әлі де талай асулардан көріне беріңіз!
Құтты болсын, Баха! Биіктерге жете бер!!!
Желтоқсан 25, 2007 at 4:16 тк
Бақытнұр, құттықтаймын !!!