Бұл жылы біз тұратын қалаға алғашқы қар мен жаңа жыл қатар келіп жатыр. Кеше жаңбыр жауған еді, бүгін сәл суытып қар қапалақтап тұр… Осында қар жауса нағыз романтика
Сонымен 2008де келіп жетті. Жақын күндері алыс жолға шығып, келесі жылдың басында қайта ораламын, иншаллаһ. Алла 4-5 жылдан соң Моңғолияның қыраулы қысын көруге нәсіп етпек. Ел 31і күні жаңа жылды күтіп отырғанда, мен Шыңғыс Хан Халықаралық Әуежайына табан тіреп жатармын.
Осы орайда, барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін. Биылғы қазақ блогтарындағы бум – келесі жылы да өз жалғасын тауып, қатары сан миллиондаған қазақ блогшыларымен толықсын.
Мүмкін, алдағы күндері блогта жиі жаңартулар болмайтын болуы керек.





Raxmet. Aitkanyz kelsin. Jana jyl kuanysh, bakyt, jana tabystar akelsin.
Senin de Aliya hanym!
Еліңе аман есен жетіп, ыстық отаныңда мауқыңды басып, бар мақсатыңды орындап келуіңе тілектеспін. Бұл жолы жаңа жылда біреу болма
Және бір өзің кәріс еліне кері қайтпа! Амандықта жүздескенше
Шын жүректен шыққан тілектердің орындалуына тілектеспін!
Tomiristin azili jaksy eken, unady!
Jana jylyn kutty bolsyn
Baka,
tugan elge, kurbu kurdastarga menen de kop salem ayt.
naghyz romantica:)
Zhana zhylimen!
Жаңа 2008 жыл барлығымызға жайлы болсын!
Salem Bakyt,men seni jana jilinmen kyttiktaiin dep 31 tel.shalip jyrsem eshkim kotermedi,elge ketip kalgan ekensin.Jana jilinmen jana jilda ylken jetistiklterge jete beryinie tilektespin.sonimen katar massagandi kaita jandandirar degen ymittemiz.al jaksi elden kelsen bir zvondap xabarlasarsin.
Тезірек ортамызға қосылуыңды күтудеміз!!!
Моңғолиядағы қандастарымыздан базарлық ала-келеді деп үміттенемін!