Posted by: Bakytnur on: Қаңтар 23, 2008
Сумо күресін NHK каналынан, ТВ, газеттерден, кинолардан көріп жатамыз. Күрес екі палуанның шеңбердің ішінен бір-бірін итеріп шығару немесе бірін-бірі жығумен аяқталады. Сумо палуандарын үрлеп қойған шарларға ұқсатамыз. Тарихы сонау ұзақ жылдарға созылса да, Дүниежүзілік ІІ соғыстан кейін Жапонияда сумо күресі барынша дамыған екен. Соғыста күл-талқан жеңілген Жапонияның экономикасы тұралап қалған екен. Кедейліктен шығу жолын қарастырған жанұялар, балаларын ақша табу үшін сумоға жіберген.
Жапонияда сумо күресі әр екі айда бір рет жүріліп тұрады. Әр палуанға арнайы ат беріліп, дәреже тоқтатылады. Палуандар табысты күресу арқылы өз дәрежелерін арттырады. Табысын тұрақты түрде ұстай алмаған палуандардың дәрежесін Сумо Ассоциясы төмендетеді. Жапон сумосы 6 рингдeн (макүши, жүрёо, макүшита, санданме, жонидан және жонокүши) тұрады. Ең жоғарғы рингi макүшиде 42 палуан күресіп, чемпионы Жапон Королінің кубогына ие болады. Макүши рингдeгi палуандар дәрежесі төмендегідей:
Ёкозүна, озеки, секиваке, комүсүби, санякү және магешира.
Ең жоғарғы Ёкозүна дәрежесін алу үшін бәсекеде қатарынан бірнеше рет чемпион болып, табысын тұрақты түрде ұстап тұруы қажет. Палуандар әр жығысында ақшамен сыйланып, Сумо Ассоциясынан айлық жалақысын алады.
Сумода тек қана жапондар күреседі деп ойласақ қателесеміз. Шетелдіктерден алғашқы болып 1970 жылдары Хавай аралдарынан палуандар келіп қатыса бастаған. 1993 жылы Хавайлық Акабено – Ёкозүна дәрежесіне ие болған алғашқы шетелдік болса, оның артынан іле шала Самаолық Мусашимару да Ёкозүна атағын жеңіп алған.
Қазір Сумоның әртүрлі ринглерінде Моңғолия, Ресей, Грузин, Хавай, Болгария, Оңтүстік Корея т.б елдерден келіп күресіп жүрген палуандар бар. Моңғолияның ұлттық күресі техникалық жағынан барынша дамыған, айла-амалы мол, және сумомен көп ұқсастықтары болғандықтан 90-жылдардан кейін сумоға Моңғол палуандары да ағыла бастаған еді. Алғашқы моңғол сумошыларынан Кёкүшүзан, Кёкүтэнхолар ең жоғарғы рингке дейін көтерілсе де, чемпион бола алмаған еді. 2000 жылдары моңғол палуаны Асашёорюү (нағыз аты: Долгорсүрэнгийн Дагвадорж) аз уақыт ішінде сумоның көптеген рекордтарын қорғап, Ёкозүна атағына ие болады. Қазірде өзінің тамаша күресімен, айла-амалымен әйгілі Асашёорюү макүши рингінде табысты күресіп жүр. Оның қазіргі бақ-таласы Хакүко (нағыз аты: Мөнхбатын Даваажаргал) да Моңғолиядан барған. 2006 жылдан бері сумода бәсекелестік көбіне Моңғолдар арасында ғана жүріп жататыны байқалады. Соңғы сумо шеберлері де, Ёкозүналары да Моңғолдар. Қазір Ама, Асасэкирюү, Кёкүтензан, Токитэнкү, Какарюү, Рүёо т.б сумошылар да жоғарғы рингде табысты күресіп жүр.
Бір қызығы Асашёорюү Ұланбатырда төбелес шығарып, бүлік құрып, бой бермегесін әке-шешесі ие болу үшін сумоға жіберген екен. Бойы мен дене салмағы басқа палуандардан кіші болса да ол барлығын бет қаратпайды. Ал Хакүко алғаш сумоға барғанда, арық, бойы кішкене деп сумоның мектебіне қабылдамаған көрінеді. Қазір ол сумода ең ірілерінің қатарында. Асашёорюүның да, Хакүконың да әкелері Моңғол спорт шеберлері, самбо, жүдо күресінің Әлем Чемпиондары. Ал Хакүконың әкесі Мехико Олимпиадасының еркін күрес күміс медаль жүлдегері.
Соңғы кезде cумоны Моңғолдар иеленіп кеткенін, бәсеке тек солардың арасында болатынын, жапон сумошылары табыс көрсете алмай жүргенін байқаған Сумо қызықтаушылары сумоны басқаша ұйымдастыру керек екенін, шетелдіктердің (әсіресе Моңғолдардың) қатысуына шектеу қою керек екенін жиі айтып жүр.
Аты аңызға айналып бара жатқан Асашёорюүның 15 күресі төмендегі видеода:
Ademi jazipsin, senin hazahshandi bizgede buyursin
Томирис қыздыры қорқыпайды. Екінші суреттегі жігіт жапонияның қызына үйленген. Жапонияда сумомен айналасатын жігіттерге күйеуге шығу – қыздардың бедел болады.
Сумо күресті көретін билет 2 ай бұрын сатылып кетеді деген. Соңғы 5 күнгі күрес өте қызықты болады, менімше.
Japonyadagi mongol summoshilar japon bolip ketpey me? alde oz mongoldiktarin saktay ma eken?
biz de kazaksha kures pen kokpardi jaksi sportka aynaldirsak…
omarbek durys aitasyn. Kazakhsha kuresti damytsa.
Mongoliyada buryn ulttyk toi (shildenin 11,12-nde 512 adam) jane jana jyl merekesi (256 adam) kezinde bukil kuresshiler katysatyn ulken toi bolatyn.
Keibir dataly toilar kezde 1024 adam. Shyngys hannyn 800 jyldygynda siyakty
Birak bul bolmaidy, mongolsha kuresti damytamyz dep endi sumo siyakty 2 ainda ma bolyp turatyn boldy degen. Sonda mykty darejesi jogar katysyp turady dep estidim.
Bakytnur artynan mongolsha kuresi turaly da jazar. Ozinshe kyzykty
Қаңтар 23, 2008 at 7:15 тк
Suretterge karamayin desemde karap koydim
Negizi sumo onshalikti sport katarinan jaksi kormeymin.