Қазақстан фильмі алғаш рет Оскар номинациясында
Қаңтар 23, 2008 жазған bakytnur
Таң қалмаңыз! 2008 Оскар номинацияларының арасында Қазақ фильмі жүр. Фильмнің аты “Моңғол”, түсірілген тілі Моңғол. Pежиссеры Ресейлік Сергей Бодров, ойнағандар қытай, моңғол, бурияд, қазақ пен жапондар болса да, фильм қазақтың еншісінде екен.
Демек кино түсіруге ақша қайдан келгені белгілі болып отыр…
80-рет өткізілгелі отырған Оскардың Шет тілдегі Үздік фильм номинациясында Beaufort, The Counterfeiters, Katyn және 12 қатарлы фильмдермен бірге 12 ғасырдағы Шыңғыс ханның өмірін көрсеткен “Моңғол” фильмі де ұсынылыпты.
Қазақстаннан алғаш рет Оскарға ұсынылға фильмнің нәтижесі 25 Ақпанда белгілі болады. Осы фильмнен алған жеке әсерімді бұрынырақ блогта жазып кеткемін.
Дерек көзі: http://www.oscar.com/nominees/?pn=detail&nominee=Mongol%20-%20Foreign%20Language%20Nominee





Фильмнің менің ойымша жалпы түсірілу кәсібилігі жоғары дәрежеде, бірақ атақты Шыңғысханың қалай билікке келіп адамдардың басын қосқандығы бір түрлі екен. Сонда да бір номинация бойынша орын алса, неге қуанбасқа! Ең бастысы қазақ киносы болса деймін, ресй киносының қатарына біздің жеңіс кетпесе деймін.
Tarihi burmalangan film goi.. Meninshe bul filmde tarih asa manyzdy emes bolgan..
Қалай шығарса да, кім түссе де қазақтың атын шығарса жақсы екен. Біз сондай дайын асқа тік қасыққа үйреніп қалғанбыз ғой.
Koshpendilerdi de berdi dep estidim
Mumkin en songy nominaciaga Koshpendiler shykpaagan shygar, sebebi jogarydagy siltemede Kazakhstannan algashky film degen eken
Бір қызығы, ресейлік басылымдар Монгол фильмін Қазақстанмен бөліскісі жоқ. Оған қатысты айтқан кезде де Қазақстанның аты аталмайды. Бұл фильмнің қаржылық жағына ҚР-сының мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсеткен. Түсіру жұмыстарына қатысқан мамандар арасында біздің продюсерлер бар.
Onda Oscarda Reseydin aty jok, Kazakhstan jur
aytpakshi osi kino turali mongoldar kalay oylaydi eken?
Mongoldardyng kobi bul kinoga karsy boolip jatyr. Tarihty burmalady, Ulttyk batyrymyzdy jaman korsetti dep.
Меніңше ешқандай бұрмалау жоқ сияқты…Монғолдар Шыңғысханды әулие ретінде көретін шығар..
Елдің көбісінің наразы болып жүргені Бөртенің оны құтқарып алу мәселесі, құтқарып алу жолы..Мықты берілген, Бодров киноны түсіргенде, киноның негізіне Шыңғысханның махаббатын орналастырған..ұмытпаңдар..
Қатыгез ғасырда Бөртеге Шыңғысханды құтқаруға қандай жол тапса да, тарих оның қалай құтқарғанын емес, әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысханның ерлігін сақтаған…Бөрте де, Шыңғысхан да оны білген…
Сондықтан мен бұл кино Оскар алады деп сенемін..Алуы да тиіс..Себебі тізімдегі ешбір кино “Монғол” киносындай мағынаға жете алмаған..Михалковтың “12″ солай..Мен “12″ қарадым, йә, тақырыбы, акторлары жақсы, бірақ “Монғолға” шақ келмейді…
Shyngys khandy bilu ushin sol kezde jazylgan “Mongoldyn kupia shejiresi” degen kitapty oku kerek. Sol jerdegi tarih nagyz tarih.
Tek bir mysal berein: Shyngys khan Tungustarga eshkashan jiberilmegen.
aytpakshi “Shyngyshan” degen serial koresetilip jatir eken Kazakstanda.
toligyrak mina jerde:
http://www.solai.de/index.php?name=News&op=article&sid=62
Хе хе хе Омарбек ол көрсетіліп болды.
Керемет енді, әсіресе Бөрте, Құлан Есеймен арасындағы махаббаттары жынды енді ….
Men osy dramani korgen siakty bola beremin. Eger Kytailar tusirgen bolsa~
Сергей Бодров келесі жол Абай бола ма қазақтың ұлы тұлғаларды дүниежүзіне танытса екен. Мықты режиссер екенін дәлелдеп.
маған Қытайлардың түсіпген сериалы көбірек ұнады.
[...] 25, 2008 by bakytnur Қазақстанның атынан Шет тіліндегі ең үздік фильм номинациясына аты ұсынылған Сергей Бодровтың “Моңғол” филмі [...]
Сергей Бодровтың «Моңғол» фильмі «Ника» сыйлығын иеленді
http://www.inform.kz/showarticle.php?lang=kaz&id=200665