Бақытнұрдың блогы

Блогтағы жазбаларымның саны 100ге толды

Posted by: Bakytnur on: Қаңтар 27, 2008

Алғаш блогты MSN Spaces-те бастап, соңынан оңтайлығы үшін WordPress-ке көшірген болатынмын. Блогты бастаған күннен бері 1 жыл өтіп, жазуларымның саны бүгін 100ге жетіп отыр. Ал кешегі күні (2008-01-26) блогқа келген қонақтардың саны бұрын соңды болмаған көрсеткіш көрсетті.

Блогты жүргізе бастаған кезде қазақша блог көрсек төбеміз көкке жеткендей болатын еді. Ал бүгін блогшылардың саны біршама көбейді. Блог жайлы семинар, дөңгелек үстел өткізіп, алды конференцияларға дейін қатысып жатыр. Қазіргі үрдіспен жүре беретін болса, алдағы уақытта блогшылар саны өте көп артады деп ойлаймын, егер өсіп келе жатқан миллиондаған қазақ тілді жас жеткіншектер мен бүлдіршіндерді еске түсірсек.

Ал блогты азаматтық журналистика деп көретін болсақ, осы азаматтық журналистикада өз басым көптеген тәжірибе жинақтадым. Блог жүргізу өзгеден көп, өзіме пайдалы болды. Әрі өзіме көптеген достар тауып алдым

Алдыңғы жазбаларға есеп бере кетер болсам, oсы 99+1 жазбаның ішінде
Жақсы блоггер болушыларға арналған 10 кеңесСергей Бодров – “Монгол”Қазақ блоггері Жанарбек деген кім?Сіз білесіз бе?, RSS деген не? сияқты қатарлы жазбалар ең көп оқылып, талқыланған екен.

Баяғыда Жеті жетімді атаңыз дегенде айтқан екен:
1.      Тыңдалмаған сөз
2.      Қиюсыз без
3.      Иесіз жер
4.      Басшысы жоқ ел
5.      Аққу-қазсыз көл
6.      Жерінен айырылған ер
7.      Замандасы қалмаған адам деп.
Айтылған сөз тыңдалмағанындай, блогтың оқырманы жоқ болса, блог та жетім болар еді. Сондықтан блогымды жетімсіретпей келіп, құнды пікірлерін жазып кетіп жүрген оқырмандарға ризашылығым шексіз. Алда блогта көптеген жақсы жазбалар Сіздерді күтеді деген сенімдемін.

Ілмектер: , ,

10 жауаптар -ге "Блогтағы жазбаларымның саны 100ге толды"

оқылмаған пост жетім)))
100ге 100 қосыла берсін

Rahmet! Barimiz 100 emes 1000ga jeteik!

Bake, jaraysin! kutti bolsin!

san emes sapa kerek koi… dese de rahmet Omarbek!

kutti bolsin!
sizding paidali, maginali bloginiz jetim bolmas!

жақсы жазбаларың көбейе берсін!!!
Жүзден жүйрік шыққаныңның куәгеріміз, енді мыңнан тұлпар болуыңа тілектеспін:-)

Айтылған пікірлерге қосыламын. Бірақ құнды дүниелер елеусіз қалмайды.

Маған пікір тастағаныңызға үлкен рахмет, қуаныштымын. Иә, қоссаңыз қарсы емеспін. Ал, мен сіздің рұқсатыңызсыз блогтар тізіміне сізді тіркеп қойдым. Бірақ, блогты жаңа ашқандықтан болар, әлі де болса, кейбір тұстарын түсінбей жатырмын.

Barlyktaryna rahmet!

Zhannur arine magan silteme bersen kuana kuana karsy alamyn goi ;)

Kutty bolsyn !!
Jaksy janalyqtarynyz onan ari kobeie bersin! Tabys tileimin sizge.

Salem! kutty bolsyn! alda ali talai-talai kyzykty jangalyktarmen, paidaly kujattaryngmen kuanta ber okyrmandaryngdy. Isinge sattilik tileimin!!!

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Қаңтар 2008
M T Ср T F S S
« Dec   Feb »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

Алдыңғы жазбаларым

a

Ең соңғы пікірлер

Шарипа Әлемнің Ең Бай 5 Адамы [Дін -… адресінде
blogbershi Аватар фильміндегі тіл –… адресінде
Bakytnur Қатты ұнады!!! адресінде
Амыш Қонақ кітабы адресінде
Gastarbaiter Қатты ұнады!!! адресінде

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos