*
Моторола ұялы телефон өндіруін тоқтатып, басқа бизнеске бет бұрады. 2005 жылы RAZR маркалық телефонын өндіру арқылы 110 миллион доллар табыс тауып, өз рекордын тоқтатқан.
Бірақ Q4 маркалы телефон шығарған кезде, өте аз пайда көргенімен тоқтамай, 1.2 миллиард доллардың шығынын мойнына алған екен. Енді компания телефон бизнесін тоқтатуға мәжбүр болып отырған көрінеді.
* Yahoo Компаниясы 1,000 жұмысшысын жұмыстан шығарады. Компания әртүрлі салада бизнес жүргізеді, және оның барлығы табысты болмағандықтан жұмысшыларының біразын уақытша жұмыстан шығара тұрып, өзекті деген жобаларына ғана көңіл бөлетін болыпты.
* Қытай заңдарына сай веб сайттарда порнографиялық материал жариялауға болмайды. Ал өткен жылы Қытайда тек осы себептен 44,000 вебсайт жабылып, 868 адам тұтқындалған. Қазір Қытай Интернет қолдаушыларының саны АҚШтан кейін II орынға кіреді. Яғни бұл 210 миллион Интернет қолданушысы бар Қытай eлінің таяу жылдарда барлығын басып озып, Интернеттік Державаға айналатынын көрсетеді.





біраз уақыттан кейін Қытай әр салада бірінші орында болатын сияқты.
Al biz she?
Motorola шынымен де, ұялы байланыстың пионерлері бола тұра түсініксіз көп қылық жасады. Біздер атойлап ұшырған ҚазСат-тан мың есе қымбат су жаңа жерсерігін (ұмытпасам аты – “Iridium” шығар) қайсыбір жылы пайдаланбастан теңізге құлатты
Yahoo’di Microsoft satip algisi keledi eken.
http://biz.yahoo.com/ap/080201/microsoft_yahoo.html
Shynynda solai eken… Omarbek newsti jetkizgenine rahmet!