Posted by: Bakytnur on: Ақпан 2, 2008

“Монғол” фильміндегі Бөртенің ролін сомдаған моңғол қызы Ч.Хулан бұрын кинода ойнаймын деп ешқашан ойламаған екен. Киноға түсуі де кездейсоқтық. Екі жыл бұрын Ұланбатырдағы Қытай елшілігінде виза алу үшін ретке тұрған кезде, белгісіз бір адам келіп, киноға түсу үшін өзіңді сынап көрмейсің бе деп, фильмді таныстырған екен. Осылайша сынақтан да өтіп, ролге қабыл алынған. (Моңғол азаматтарына Қытайға бару үшін 30 күн виза қажет етпейді, не үшін визаға тұрғаны белгісіз.)
Кинода “атқа міну”-ден басқасының барлығы қиын болды, деген екен Reuters-ке берген сұхбатында Хулан. Актерлік білімі жоқ болса да, Бөрте ханымның ролін тамаша сомдаған дейді кино қызықтаушылары. Қазір Хулан қазақтың келіні. Күйеуі Нарын Игілікпен бірге Алматыда тұрады.
Егер кино Оскар алып жатса, қарапайым бір моңғол қызы жұлдыз болып кетпек.
Сұлу емес болғанымен, сүйкімді ғой
Сүйкімді ![]()
келісемін Ерекеңмен!!!
kinosinda “bir turly” narselery bar, onsha emes
birturli narseler bolsa onda abezatelno karaymiz goy
)
Бақ қонайын десе, бір-ақ күнде деген сөз бар ғой. Тегі, бір жұлдызы оңынан туған қыз шығар. Не дегенмен, маған да ұнады. Сүйкімділігін айтамын.
la princessa…
Бағы жанған қыз екен…
Кез келген шығыс қызы сүйкімді
Шыны айтқанда, жеңгемізден ағамыз әдемілеу
Ақпан 2, 2008 at 7:04 тк
қызық, сонда кәсіби актер емес екен…Голливудтың көп танымал актерлердің де арнайы актерлік білімі жоқ. Хулан да ертең жұлдыз болып кетсе, таң қалмаймыз)))