2005 жылы Қыркүйекте АҚШтың бұрыңғы Президенті Билл Клинтон Қазақстанға келген. Қазақстанға ол өзінің қорының ісімен, СПИД ауруынан зардап шеккен елдерге дәрілік препараттар беріп көмектесу үшін келген деп Қазақстан газеттері жарыса хабарлаған еді.
Ал әйелі АҚШ Сенаторы Сенатор Хиллари Клинтонның Президенттік додаға түсіп жатқан кезінде, Билл Клинтонның және оның есіміндегі қордың тағы бір былығы ашылып жатыр. New York Times газетінде Клинтон 2005 жылы Қазақстанға тек өзіңін жеке шаруасымен келгенін айтады. Шаруа барысында досы Фрэнк Гистраны да ерте келіп,
ҚазАтомПромның 3 бірдей жобасын сатып алғанын жазған екен.
Сапардан кейін 3 ай өткесін Клинтонның қорына Фрэнк Гистрадан 30 миллион АҚШ доллары, іле шала тағы да 100 миллион доллар келіп түскен.
Ал Клинтон «Қазақстан ОБСЕ-нің төрағасы болуға лайықты» деп құптауын көрсеткен.
Бұлардың барлығын толығырақ төмендегі сілтемелерден оқып, ой түйетін боларсыздар:





Осы “КазАтомПромның” шет елдерде жолы болғыш болып кетіп еді-ау әйтеуір…
Жанкештілерден қорғау мақсатымен Қазақстандағы Кеңес Одағынан қалған байытылған уранды қйбір жылы Америкаға әкетті. “Сапфир” деген операция ұйымдастырылды. Халыққа оны “америка бұл руданы сақтай тұрады” деп өтірік айтылды. Ал ұзынқұлақтардың айтуынша ол рудалар американ атом реакторларында пайдаланылып, қазіргі билік өкілдеріне дивиденд әкеліп жатыр. Ішінде Клинтон да бар.
Бәрі шіріп бітті, дегенмен, құрып кеткірлер!
Makalany agylshynshasynda okysandar,KazAtomPromnyn jobasyn satkan jogarydagy ulkender dep jazip koipty
Кезінде 50 жыл бойы қалыптасқан ядролық ғылыми мектепті үш-ақ жылда құртты ғой. Қазір атомшы қазақ ғалымдарының барлығы Пәкістанда, Үндістанда, Ресейде жәе Америкада босып жүр.
Бүкіл жер шарында тек Қазақстанда ғана басқарылатын термоядролық синтез жасауға болатын “Токамак” деген аппарат бар еді. Яғни атом жарылысы болмай, тек қажетті ғана жылу мөлшерін бөліп алуға болатын аппарат. Он миллион градус плазманы ұстап тұра алатын жалғыз ғана ыдыс еді. Оны да құртты. Американдықтардан грантты алып-алып, ақыры олар қарыз есебіне біздерді өзіміздің жобамыздан ысырып шықты.
Сатқан әрине жоғарыдағылар. Бір жағынан қуанамын да. Мұндай бассыздар тұрғанда уран мен плутонийіміз шынымен-ақ террористтердің қолына түсіп кетер ме еді, кім біліпті? Полигон айналасында қой жайып жүрген шопандардың қолынан АК-47 автоматтарын өз көзімізбен көргенбіз, солдаттар мен офицерлерден сатып алдық деуші еді. Ұшақты да сатып жіберді ғой Анголаға бір уақытта.
Құрысын, Америкада тұра берсін…