Бақытнұрдың блогы

Шежіре: Microsoft, Yahoo және Google

Posted by: Bakytnur on: Ақпан 3, 2008

Жақында Microsoft  Yahoo-ны 44.6 миллиард АҚШ долларына сатып алуға ұсыныс жасады. Екі компания бірігіп Интернеттегі жоғалтып алған өз орындарын Google-дан қайтарып алмақшы. Google бұл екі компаниядан кейін шықса да, ерте шыққан құлақтан, соңғы шыққан мүйіз озар дегенді көрсeтіп отыр. Осы 3 Компанияның қысқаша шежіресін біріктіріп көрсетсе төмендегідей.

1975: Билл Гейтс Харвард Университетін тастап шығып, Microsoft Компаниясын тұрғызады

1981: Microsoft өзінің алғашқы жүйесі DOS-ты жасап шығарады

1985: Microsoft Windows жүйесінің алғашқы нұсқасы

1994: Стэнфорд Университетінің студенттері Jerry Yang бен David Filo Унивеситетте Yahoo-ның алғашқы нұсқасын дайындайды

Наурыз, 1995: Yang,  Filо - Yahoo компаниясын тұрғызады

Тамыз, 1995: Microsoft да Веб әлеміне көшіп, MSN сайтын таныстырады

Сәуір, 1996: Yahoo-да жұмысшылар саны небәрі 49

Қыркүйек, 1996: Yahoo Ұлы Британияда өз бөлімшесін ашады

Қыркүйек, 1998: Стэнфорд Унивеситетінің түлектері Larry Pagе және Sergey Brin Google Іздеу жүйесін Интернерке қосады.

Желтоқсан, 1999: Yahoo АҚШтағы топ 500 компанияның құрамына кіреді.

Мамыр, 2001: Warner Brothers студиясының директоры Terry Semel Yahoo директорлар кеңесінің төрағасына өтеді.

Желтоқсан, 2002: Yahoo кішігірім іздеу жүйелерін сатып ала бастайды.  Мысалы InkTomi сияқты.

Тамыз, 2004: Google кірісінің өсімі тамаша көрсеткіш көрсетіп, Интернетте Yahoo-ның орнын тартып алады.

Наурыз, 2005: Yahoo онлайн фото бөлісу жүйесі Flickr.com-ды сатып алады. Flickr.com Веб 2.0 қолданған алғашқы сайттардың бірі.

Қараша, 2005: Yahoo, Microsoft компаниялары бірігіп, мессенжерлері өзара қатынасуға келіседі. Бұл Google-дің алдында екі компанияның бірігуге қадам басқан алғашқы адымы.

Тамыз, 2006: Google online видео бөлісетін YouTube сайтын 1.65 миллиард долларға сатып алады. (£840млн)

Маусым, 2007: Semel Yahoo директорлар кеңесінен түсіп, орнына Jerry Yang келеді.

Қазан,  2007: Google-дің АҚШ биржасында акциялар құны $219 миллиарқа (£111млрд) жетіп, 5-орынға жайғасады. Ал Microsoft 3-орында.

Қаңтар, 29 2008: Yahoo жұмысшыларының 7%-ін, яғни 1,000 жұмысшысын жұмыстан шығаратынын жариялайды.

Ақпан 1, 2008: Microsoft Yahoo-ны $44.6млрдқа (£22.4млрд) сатып алуға ұсыныс жасайды.

5 жауаптар -ге "Шежіре: Microsoft, Yahoo және Google"

2006-ж. The Los Angeles Times : майкрософт яхууды $80 млрд-қа сатып алуға ұсыныс жасаған, 2007ж.New York Post $50 млрд-қа құнын бағалаған деп жазған еді…2009да тағы арзандай ма сонда))))

Mumkin ol jalgan bolar..

Ne Yahoo kazir bankcrupcydin aldynda turgasyn bagasy arzandagan shyagr

Microsoft Yahoo-di satip alamin dep jaryalaganda, Yahoo-ding aksyalari 50% kimbattap ketti, birak Microsoft aksyalari sal tusip ketti!

Ия, Тек қана бір бассейнде акулалар және оларға жем ретінде падаға аспайтын бақа-шаяндар болды де.
Оны да корерміз, аман болайық.

Microsoft -Yahoo -Googledin shejiresi kalai jalgasyp jatyr eken.
Ari jerden ari narse okyp sonynda tusinbei kettim

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Ақпан 2008
M T Ср T F S S
« Jan   Mar »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
2526272829  

Алдыңғы жазбаларым

a

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos