Posted by: Bakytnur on: Ақпан 14, 2008
Бұл хат бүгін э-поштама келген ек
ен. Дәл осылай деп екі жыл бұрын да келіп, сол кездегі форумдарға жазған едім. Есте болар жайттар деп ойлаймын. Бұларды оқығасын дінімізге байланысты кейбір сөздерді ағылшыншаға аударғанда, немесе қысқартып жазған кезде біреулердің ортаға кіріскені ме деп қаласыз.
Сол кезде Эльвира айтқан еді: “мүмкін Құранның арабша оқылуы керек деген себебінің бірі осы болса керек”, деп. Негізі Ислам дініндегі кейбір сөздерді сол күйінде қолданған дұрыс па деп қалдым.
Ағылшынша Мешіт – “Mosquе“. Бірақ ағылшыншада Mosque – масалардың ұясы екен. (Mosquito – маса). Ағылшынша “Masjid” деп жазу керек екен.
Қасиетті Мекке қаласы ағылшынша ” Mecca ” деп жазылады. Бірақ Mecca – виноның (ішімдіктің) үйі деген мағына береді екен. Яғни “Makkah” деп жазу дұрысырақ.
Мұхаммед деген аты бар жолдастарым аттарын “Моһ’d” деп қысқартып жүрді. Ол дұрыс емес сияқты. “Mohd” – ағылшыншада үлкен аузы бар ит. Сондықтан толық “Muhammad” деп жазған дұрыс екен.
Әрине, жоғарыдағы сөздерді мен ағылшынша Cambridge Advanced Learners Dictionary сөздігінен іздеп таппадым… Сондықтан шын өтірігін ажырату қиын. Мүмкін ескі ағылшынша болуы да. Мүмкін біреулердің сенсациясы.
ne narseni zhazarda egjei- tegjeine zhetip tekserip alu kerek shygar. “anau aitty, mynau aitty” dep jaza beruge bola ma? bul maseler kazir ote kurdeli kuip turgam maseleler emes pe>
Әлемде талай қызық бар деген осы екен-ау! Рахмет, Бақытнұр!
“Мәсжид” сөзін дұрыс қолдану мәселесінде мен мына өзбек бауырларымызды мақтар едім. Олар бұл сөзді дәл солай “мәсжид” қалпында қалдыра білді.
Ал “Мәккә” сөзін бізге қарағанда орыстар дұрысырақ қолданады деп ойлаймын. Себебі біздікілер Мәккә-ға Мәдинаны қосып жіберіп, Мекке-Мәдина деп қолданып кетті. Осыны айтып тұрған қазаққа: “Сен нақтысын айтсайшы, сонда не дегің келіп тұр, Мекке ме, әлде Мәдина ма десең, Меккемәдина ғой” дейді. Сол адам жағрафияны тәп-тәуір білетін жан болуы да ғажап емес.
Сондай-ақ, біздікілер “мухаммәд” сөзін де қатырмады. Өзбектер мен орыстар бұл сөзді де бізге қарағанда дұрыс қолдана білді. Біз ондағы бір “м”-ны алып тастадық. Ол ең қажет әріп еді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімінің мағынасын ашып тұрған әріп болатын ол. Оны біз құрбандыққа шалып жібердік. Қазір еш айтпаймыз ол әріпті. Мұхамед дей саламыз. Бастапқы мағынаны бермейді бұл сөз.
Қысқасын айтқанда, Бақытнұр, мына мақалаң біраз адамға ой саларлықтай дүние екен. Алла разы болсын саған. Негізі өзге блогтардан гөрі өзіңнің осы блогыңа кіруді ұнатамын. Имандылықтың лебі ұрып тұрады. Аман жүр, бауырым!
Ақпан 16, 2008 at 2:49 тк
Mariam-Webster dictinary:
Main Entry: mosque
Pronunciation: \ˈmäsk\
Function: noun
Etymology: earlier mosquee, from Middle French, from Old Italian moschea, from Old Spanish mezquita, from Arabic masjid temple, from sajada to prostrate oneself, worship