Posted by: Bakytnur on: Наурыз 31, 2008
Кілт сөзіңізді басқаға ұрлатпау үшін қаншалықты берік екенін тексеріңіз.
Сілтеме: http://www.passwordmeter.com/
Кілтіңіз берік болу үшін төмендегілерді ескеріңіз:
- Ең кемінде 8 әріп және 3-4 саннан құралған болуы керек
- Бас әріп және кіші әріпті араластыру
- Сандарды әріптердің ортасына орналастыру
- Симболдар қолдану
Кілт сөзге қолдануға болмайды:
- Туған күніңізді
- Есіміңізді
- Телефон номеріңізді
Yahoo! әйелдерге арналған жаңа сайтын таныстырды.
Әйелдерге арналған:
- Әсемдік/мода
- Денсаулық
- Жанұя
- Махаббат
- [...]
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 26, 2008
Астананың 10 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Мәдениет Департаменті, «МӘССАҒАН» ұлттық порталы (http://www.massagan.com) бірігіп Жаңа Елорданы Интернет кеңістігінде дәріптеуге қатысты «Менің Астанам – Менің мақтанышым» Ұлттық oнлайн сайысын өткізеді.
Сайысты ұйымдастырушы Астана қаласының Мәдениет департaменті, «МӘССАҒАН» ұлттық порталы болып табылады.Сайыс бес сала бойынша өтеді:
1. «Менің Астанам– менің мақтанышым» (өлең, толғау)
2. «Астанам» (әдеби-шығарма, әңгіме)
3. [...]
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 22, 2008
Президент Н.Энхбаярдың құттықтауы
Пример Министр С.Баярдың құттықтауы мен Баян-Өлгейге сапары
(суретте ортада Моңғолия Пример Министрі С.Баяр.)
“Арулар әуені” концерті
Қазақтар Наурыз тойлатуда
Қазақстан, Шынжаң қазақтары мен Моңғолия қазақтарының біріккен концерті жайлы сұхбат
Алғаш рет 3 елдің әншілері қатысқан концерт болып отыр. Қазақстаннан және Шынжаңнан Нұржан – әзілші, Мадина Садуақасова, Н.Бахытбек, Н.Даурен, Х.Айгүл деген әншілер келген.
Ертең 23-і Наурыз күні 256 палуан күресіп, [...]
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 20, 2008
Төмендегі бір сауалнама адамдардың Интернетті қандай мақсатпен қолданатынын көрсетеді екен.
Хат жазысып алмасу 90%
Веб сайттарды аралау [...]
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 14, 2008
“Сіз білесіз бе?” айдарының І, ІІ бөлімдерінде Ислам туралы қысқаша сұрақ-жауап дайындаған едім. Бұл жолы Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімдегі сөздердің қайталануын санау барысында табылған қызықты деректерді жариялап отырмын.
Құранда аталмыш әрбір сөздің қайталануы төмендегідей екен:
Дүние 115 — ақірет 115
Періште 88 — шайтан 88
Өмір 145 — өлім 145
Пайда 50 — пәре 50
Адамдар 50 — пайғамбарлар 50
Күн 365, [...]
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 13, 2008
“Сіз білесіз бе?” айдарына бұл жолы қызықты деректерді жариялап отырмын.
1. Үндістанда жылына 300 миллион фильм билеті сатылады
2. АҚШта интернет қолдану 69%, ал Үндістанда 5.5%
3. Әлемдегі ең күшті зілзала 1557 жылы Қытайда болған. Оның салдарынан 830,000 адам қайтыс болған.
4. АҚШ азаматтарының 8.3%-i Азиялықтар
5. Күн сәулесі жер бетіне 8 минут 3 секундта келіп жетеді
6. Ер адам күніне [...]
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 11, 2008
Бесіншісінен бастайық.
Аты: Лакшми Миттал
Жасы : 57
Азаматтығы: Үндістан
Барлық ақшасы: $45 млрд
Байлық көзі: Темір өндірісі
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 7, 2008
Бүгін Моңғолиялық баспасөз агенттіктерінің таратқан бір хабарын аударып, ұсынып отырмын.
Наурыз мерекесіне орай Ұланбатырда алғаш рет “Қазақ балаларының Өнер Фестивалі” өтеді. Фестивалға Баян-Өлгей аймағынан 34, Дархан-Уул аймағынан 12, Қобда аймағынан 4, Хэнтий аймағынан 5, Орхон аймағынан 1, Налайханнан 5, Ұланбатырдан 3, барлығы 60 бала келіп қатысады.
Ұйымдастырушысы: “Қазақ халқының мәдениетін жаңғырту қоры”
Мақсаты: Қазақ балаларының жолдастық одағын құру, [...]
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 5, 2008
Бүгін бір сайт таптым. YouTube видеоларын .flv, .mov, .mpeg форматынa түсірумен қaтар, видеоларды аудиоға (mp3 форматына) да аударады. Негізі .flv флаш форматындағы видеолардан аудиосын decoding арқылы кесіп алу онша қиын емес. Оның барлығын төмендегі сайтта дайындап қойған екен. Бірінші видеоны түсіргесін, екіншісінде біраз уақыт күту керек. Қолдануы оңай!
Сілтеме: http://www.converttube.com/
Posted by: Bakytnur on: Наурыз 3, 2008
Өткен Қарашада ”YouTube енді видеоларының сапасына көңіл бөлмек” деп жазып кеткен едім. Бұл алдағы 3 айда жүзеге асатынын, барлық видеолары өз сапасымен қорда сақталғанын YouTube мәлімдеген еді.
Енді видео URL адресінің артына &fmt=6 қоссаңыз сапалы түрінде көресіз. Әзірге тек санаулы видеолар ғана істеп тұр. Егер &fmt=18 деп қоссаңыз, Mp4 сапасымен көрсетеді. Видеоның сапасы өзгергенімен аудиода ешқандай өзгеріс болған [...]
Ең соңғы пікірлер