Бақытнұрдың блогы

ҚазАқпарат қателесіп отыр

Posted by: Bakytnur on: Наурыз 1, 2008

Бұл жазбаны жазуыма “Жаңа Евразия” блогындағы “Мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын Қоғамдық бірлестік” атты жазбаға берілген пікірлер себепші болып отыр. Себебі Бақытгүл ҚазАқпараттың орысша нұсқасынан бір жаңалық көрген, және ол хабардың тиісті бөлігін кесіп алып, ақпараттың дерек көзіне сілтеме бермек болған. Бірақ ҚазАқпараттағы жаңалықты көшіре алмағандықтан жаңалықты сурет түрімен көрсетіп қойған.

Өз басым ҚазАқпараттың қазақша бөлімін үзбей оқитын оқырманның бірімін. Қажетті жағдайда ол жердегі материалдарды қолданып сілтеме беріп жүрмін. Ішкі-сыртқы жаңалықтарды уақытында сол қалпымен жеткізетіндіктен тек мен емес, қалың көпшілік ҚазАқпаратқа өте риза деп ойлаймын.

Ал, бір кемшілігі – материалы көшірілмейтіндігінде. Бірақ ол біз сияқты қарапайым оқырмандарға емес, ҚазАқпараттың өзіне зиян. Бұған бірнеше себеп айтайын.
Ақпараттық агенттіктің жаңалықтары таратылуы керек. Мейлі тікелей болсын, жанама түрде болсын, басқа сайттар арқылы болсын. 21.ғасыр ақпараттың дәуірі деп жатырмыз. Қолдағы жаңалық қанша елге көп тараса, соншама сол агенттікке жақсы. Оқырмандар таниды, көреді, біледі. Жаңалықтар көшіріліп басылып жатса, сілтеме берсе болғаны. Мысалы BBC, CNN, Ройтерс тәрізді агенттіктер де, болса жаңалықтарының Әлемнің түкпір-түкпіріне бірінші болып жетуін қалайды.

Кейбір іздеу жүйелері (мысалға Yahoo!) материалы көшірілмейтін сайттардың мазмұнын кеш (cache) істей алмайды. Қазір сайт қонақтарының басым бөлігі іздеу арқылы келеді десек, ҚазАқпарат біраз сайт қолданушыларынан айрылып отыр деген сөз.
Материалды көшірмеу үшін ҚазАқпарат <BODY oncopy=”return false” onselectstart=”return false” oncontextmenu=”return false”> деген тәсіл қолданған екен. Яғни таңдауға да көшіруге де жол бермеу. Бірақ бұл Интернет Эксплорер және Сафари браузерлерінде ғана істейді. Netscape, Файрфокс немесе Опера браузерлерін қолданған адам қандай материалды еркін көшіре алады. Тіпті болмағанда көшіргісі келген адам жоғарыдағыдай “Принт Скрин” етіп көшіре алады ғой.

ҚазАқпарат басқа агенттіктер секілді RSS жүйесін қолдануы керек. Осы мәсeле жайында жеке хат жіберген едім, жауап келмеді. Мысалы “Қазақстан Бүгін” агенттігінің орысша бөлімі жаңалықтарын RSS 2.0 арқылы ұсынып отыр. Әрі қазақша, орысша жаңалықтарын күн сайын бірнеше мәртелеп э-пошта арқылы жіберіп отырады. Әрине ҚазАқпараттың жаңалықтарын “Қазақстан Бүгін”-мен салыстыруға болмайды. Бірақ қызметі жағынан үйренері бар.

15 жауаптар -ге "ҚазАқпарат қателесіп отыр"

Men janalyktyrdy aluga bola ma dep suratsam algan janalyktyn kolemine karai ai saiyn aksha toleu kerek eken jayap algam.

iya janaliktarga jazilu kerek, birak kanshama adam jazildi eken…

“…қателесіп отыр ” деген тақырыпты көргенде, басқаша түсіндім басында. Бұл кемшілігін жақында жояды деп сенейік.

Kalai tusinip kalip edin?

Қазақпарат ақпарат жағынан қате жіберді, дұрыс емес мәлімет таратты деп.

Орынды мәселе көтердіңіз. Қазақша газет сайттары да РСС-ті іске қосса жақсы болар еді.

Мен де тақырыбын оқығанда жалған ақпаратты таратуға себепші болдым ба деп түсініп қалып едім. Анда-санда болмаса ҚазАқпаратты негізі оқымаймын.

QazAqparatty shetelde jurgender kop okidy. Latynsha bolimi de jaksy. Evropadagy jane Kytaidagy qandastar okyp jur.

Qazaqstanda TV koretindikten kop okimaulariniz mumkin…

Biz ondagi akparatty kalay koshiremiz aytayin ba? PrintScrn arkyli

Оның жарасы жеңіл ғой Баха бірінші былай істейсің CTRL+C (copy-көшіру), сосын барып CTRL+V (paste-жапсыру) дей саласын болды..

Мысалға:

03.03.2008 / 19:14 Үкімет жанынан шағын және орта бизнес мәселелерімен айналысатын жұмыс тобы құрылады – Премьер-Министр
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Үкімет жанынан шағын және орта бизнес мәселелерімен айналысатын жұмыс тобы құрылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің аталған саланың өкілдерімен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметте шағын және орта бизнестің мәселерімен тұрақты түрде айналысатын жұмыс тобы құрылатындығын айтқан К. Мәсімов, оның қызметін Индустрия және сауда министрлігі дайындап, жүргізетінін жеткізді. Осы орайда Үкімет басшысы министр Владимир Школьникке ертеңге дейін жұмыс тобын құру туралы Үкімет қаулысын дайындауды тапсырды. «Ол қаулыға ертең қол қоюым қажет», – деді Премьер-Министр.

iya, Бірақ бұл Интернет Эксплорер және Сафари браузерлерінде ғана істейді. Netscape, Файрфокс немесе Опера браузерлерін қолданған адам қандай материалды еркін көшіре алады. dep jazip kettim goi jogaryda…

IE koldangan adam olai istei almaid, sebebi oncopy Microsoftga tiesili

мен өзімнің файрфокс қолданатынымды ұмытып кетіппін ғой..IE де ондай мүмкіндік жоқ екен..

Тексеріп көрдім..

Durys aittyn Bakhytnur! “21.ғасыр ақпараттың дәуірі деп жатырмыз”,
… al KazAkhparat khatelesip otir:(

Бақытнұр ҚазақАқпараттан мәліметтерді алу үшін былай істеу керек. Логин kaz2, пароль 7865.

Сенің сайтыңа жиі кіремін. Өте жақсы. Жаңа технологиялар туралы қызықты әңгімелер оқып рухани бай түсемін. Рахмет Саған бақытнұр. Сендей қазақ жігіттерін мақтан етіп айтып жүрмін. Ерлан Оспан мен Аршаттың да әңгімелері өте қызық!

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Наурыз 2008
M T Ср T F S S
« Feb   Apr »
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

Алдыңғы жазбаларым

a

RSS Мәссаған.ком-дағы соңғы жаңалықтар

  • An error has occurred; the feed is probably down. Try again later.

Ең соңғы пікірлер

blogbershi Аватар фильміндегі тіл –… адресінде
Bakytnur Қатты ұнады!!! адресінде
Амыш Қонақ кітабы адресінде
Gastarbaiter Қатты ұнады!!! адресінде
Mr Connection Аватар фильміндегі тіл –… адресінде

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos