Posted by: Bakytnur on: Наурыз 3, 2008
Өткен Қарашада ”YouTube енді видеоларының сапасына көңіл бөлмек” деп жазып кеткен едім. Бұл алдағы 3 айда жүзеге асатынын, барлық видеолары өз сапасымен қорда сақталғанын YouTube мәлімдеген еді.
Енді видео URL адресінің артына &fmt=6 қоссаңыз сапалы түрінде көресіз. Әзірге тек санаулы видеолар ғана істеп тұр. Егер &fmt=18 деп қоссаңыз, Mp4 сапасымен көрсетеді. Видеоның сапасы өзгергенімен аудиода ешқандай өзгеріс болған жоқ.
Қазақ видеоларынан Айгүл Үлкенбаеваның “Ирең” күйін таңдадым. Бұрын күйдің аты жақсы көрінбегесін “Ирец” деп білетінмін. Жақсы сапалы түрде көріп, “Ирең” деген күй екенін байқадым.
Төмендегі суреттен сапасын салғастыруларыңызға болады.


http://googlesystem.blogspot.com/2008/03/youtube-tests-higher-resolution-videos.html
Наурыз 3, 2008 at 4:44 тк
Айгүл қызымыз Атыраудың қызы деп бір мақтанып қояйын. Күйшілер ішіндегі ең майталман қыз осы қыз ғой
Асау екен, пах шабысын ай, мініп ап бір қыдырғым кеп кетті ғой мына жайлау жерінде
Аттың артқы тебіс суретін қойғаның қызық екен