Posted by: Bakytnur on: Наурыз 7, 2008
Бүгін Моңғолиялық баспасөз агенттіктерінің таратқан бір хабарын аударып, ұсынып отырмын.
Наурыз мерекесіне орай Ұланбатырда алғаш рет “Қазақ балаларының Өнер Фестивалі” өтеді. Фестивалға Баян-Өлгей аймағынан 34, Дархан-Уул аймағынан 12, Қобда аймағынан 4, Хэнтий аймағынан 5, Орхон аймағынан 1, Налайханнан 5, Ұланбатырдан 3, барлығы 60 бала келіп қатысады.
Ұйымдастырушысы: “Қазақ халқының мәдениетін жаңғырту қоры”
Мақсаты: Қазақ балаларының жолдастық одағын құру, қазақ халқының салт-дәстүр, өнер-мәдениетін сақтау
Мекен-жайы: “UB Palace” концерт холлы
Уақыты: 15 Наурыз
Сонымен қатар ересектер арасында Аналар мейрамы, шығарма жазу, қол өнер жарысы, 256 палуан арасында моңғол күресі және садақ ату бәсекелері жүріледі екен.
Осы хабарды оқып отырып, мына бір ақпаратқа көзім түсті.
Елімізде 180.000 қазақ тұрады. Баян-Өлгей аймағында төрт балалы жанұяны орташа деп көреді. Ал ауылды жерлерде 10 балалы жанұя көптеп кездеседі.
Ұланбатырда жергілікті 10000, ал оқып-білім алып жүрген 3000-ға жуық қазақ бар. Қазақтар Наурыз күні арақ ішпейді, тарту-сыйлық алмаспайды. Араздасқан адамымен достасып, әрбірі 40 үйден дәм татуы тиіс.
Ақпарат көздері: http://www.news.mn/news/section=home/page=index#0.7007102780342572
http://olloo.mn/modules.php?name=News&file=article&sid=92574&catid=217
Оте жаксы цифрлык дерек берилген. Асиресе журналистер мен зерттеушилерге манызды
Кайда журсе де казахтын казах болып сакталып, ата-баба салтын, дастурін устанып жургеніне суйсінемін! Рахмет Бакытнур!
сонда калай? тоте жазумен жазасыңдар ма шығарманы, әлде қазіргі қазақ алфавитимен бе?
“әрбірі 40 үйден дәм татуы тиіс.” мына салттарын күшті ғой
40 үйден ауыз тию емес, 40 үйге кіру сылтауы жақсы екен дачы
Ой, Бәке “ана” жерін айтсаңызшы ![]()
Асылған ет, пісілген тамақты меңземеп едім негізі…
Салтты сылтау ғылып (40 үйді аралау салтын)…
Кіріп барып сол үйдің жиенімен, бөлесімен тансып дегендей
бітті, онда “сендер” жаққа барып Наурыз қарсы алам
Иә,жоғарыдағы пікірлердің барлығы 40 үйге кіру салтына қызығыпты. Мен де бірінші рет естіп тұрмын. Бір күнде аралап шығу мүмкін емес, негізі, Жаңа жыл басын бір ай тойлатқан ғой бұрынғы атам қазақ, сондықтан 40 үйге қыдыруға қолдары тиген,мүмкіндік болған. Содан барып,осындай цифр көрсетілген болуы керек.
Наурыз 7, 2008 at 5:41 тк
Өте қызық жаңалық екен.