“Сіз білесіз бе?” айдарына бұл жолы қызықты деректерді жариялап отырмын.
1. Үндістанда жылына 300 миллион фильм билеті сатылады
2. АҚШта интернет қолдану 69%, ал Үндістанда 5.5%
3. Әлемдегі ең күшті зілзала 1557 жылы Қытайда болған. Оның салдарынан 830,000 адам қайтыс болған.
4. АҚШ азаматтарының 8.3%-i Азиялықтар
5. Күн сәулесі жер бетіне 8 минут 3 секундта келіп жетеді
6. Ер адам күніне орта есеппен 4850 сөз сөйлейді
7. Леонардо да Винчи бір қолымен жазып отырып, екінші қолымен сурет сала алатын
8. Металдың тапшылығынан Дүние Жүзілік ІІ соғыс кезіндегі Оскар сыйлықтары ағаштан жасалған
9. Адам демін қысып, өзін-өзі өлтіре алмайды
10. Әлемдегі ең көп қолданылатын есім “Мұхаммед”
11. Бас бармақтың тырнағы ең баяу, ал ортаңғы саусақтың тырнағы ең жылдам өседі
12. Бас шайқау Үндістан мен Шри Ланкада “иә” дегенді білдіреді
13. Мона Лизаның қасы жоқ
14. Бармақ ізі сияқты, тілдің ізі де ешқашан қайталанбайды
15. Қытайда ағылшынша сөйлейтін адамның саны АҚШтағыдан көп
16. Кока коланың алғашқы түсі жасыл болған
17. Ер адамдардың көзі өткір, ал әйел адамдардың құлағы сақ болады
18. Доңыз әуеге қарай алмайды
19. 111,111,111 x 111,111,111 = 12,345,678,987,654,321
20. Брюьс Ли өте жылдам болғандықтан, оның қозғалысын анық көрсету үшін киноларында баяулатқан. Ал керісінше басқа актерлердің қозғалысын жылдамдатып көрсетеді.
жалғасады…





“Естімеген елде коп” деген осы екен-ау! Тілдін де ізі бармактыкіндей кайталанбайды деген акпарат унады, кызык……….
жасыл кока кола
))
ote kyzyk derekter
әуе деген не? аспан дегенді білдіреді ме?
aha… Aue – aspan goi… Auejai degen sozdi bilmeisin be? Airportti aitady emes pe?
ia, ia esime tusty!
raxmet!!!
Брюс Ли қайталанбас актер. Нағыз талант иесі, әттең ай болмағанда қазір бірталай кинолары болар еді. Ең сүйікті актерім еді.
“Ер адам күніне орта есеппен 4850 сөз сөйлейді” – бұл аз ба әлде көп пе екен?
Men siakty soilemeitin adamdar ushin kop, birak kyzdarmen salystyrsa az boluy mumkin (kaljyn
)
Istegen barlih isternizge Alla razi bolsin. Isnizge sattilik ose berniz.
Қызық деректер екен! Әсіресе, ағылшынша сөйлейтін қытайлардың көптігі. Мыңдаған иероглифтермен басы қатып жүрген қытайлыққа небәрі 26-ақ әрпі бар ағылшын тілі салыстырмалы түрде оп-оңай көрінетін шығар. Кім білсін?!
17. Екеуінің де көзі өткір болғанда не болад екен:)