«Менің Астанам – Менің мақтанышым» oнлайн сайысы
Наурыз 26, 2008 жазған bakytnur
|
Астананың 10 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Мәдениет Департаменті, «МӘССАҒАН» ұлттық порталы (http://www.massagan.com) бірігіп Жаңа Елорданы Интернет кеңістігінде дәріптеуге қатысты «Менің Астанам – Менің мақтанышым» Ұлттық oнлайн сайысын өткізеді.
|
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сайысты ұйымдастырушы Астана қаласының Мәдениет департaменті, «МӘССАҒАН» ұлттық порталы болып табылады.Сайыс бес сала бойынша өтеді:
1. «Менің Астанам– менің мақтанышым» (өлең, толғау) 2. «Астанам» (әдеби-шығарма, әңгіме) 3. «Астана суретшінің көзімен» (көркем сурет) 4. «Астана өмірі» (фотосурет) 5. «Есімі биік Елорда» (мақала, сұхбат - журналистер арасында)Сайысқа Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелде оқитын Қазақстан студенттерi мен шетелдегі ұлты қазақ азаматтар сайыс шарттарына сай келетін жаңа, түпнұсқалы, еш жерде сатылып алынбаған, жарық көрмеген шығарма, туындысымен қатыса алады. Бір автордың сайыстың бірнеше номинациясына қатысуына шек қойылмайды.Сайысқа қатысатын үміткер өз туындысын contact@massagan.com адресіне э-пошта арқылы жібереді.Сайыстың ұйымдастыру комитетіне төмендегідей қосымша құжаттар беріледі: - Үміткердің толық аты-жөні, мекен-жайы, телефондары; - Қысқаша таныстыру, өмірбаяны; - Сайыстың саласы; Сайысқа қатысушылар туындыларын 15 Мамыр, 2008-ге дейін жібере алады. 15 Мамыр, 2008 Астана уақыты бойынша күндіз сағат 12:00-ден кейін келіп түскен материалдар сайысқа қабылданбайды. Әрбір туындының сайыс тізіміне кіргені туралы ресми мәлімет авторларға хабарланады. Сайыстың қорытындысы 10 Маусымда «МӘССАҒАН» ұлттық порталында жарияланады. Сайысты жүргізу мақсаты «Менің Астанам – Менің мақтанышым» oнлайн cайысының жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер тағайындалады:
Сайыстың әділ қазылар алқасы төмендегідей: Үміткерлер анкетаны түсіріп алып, толтыруы қажет. |





Мәссаған сайтының барлық мүшелері шама-шарқынша осы сайысқа біркісідей ат салысуы тиіс деп ойлаймын. Себебі сайттың бірден бір жанашыры өзіміз болып табыламыз. Өте жақсы бастама!!!