Бақытнұрдың блогы

«Менің Астанам – Менің мақтанышым» oнлайн сайысы

Posted by: Bakytnur on: Наурыз 26, 2008

Астананың 10 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Мәдениет Департаменті, «МӘССАҒАН» ұлттық порталы (http://www.massagan.com) бірігіп Жаңа Елорданы Интернет кеңістігінде дәріптеуге қатысты «Менің Астанам – Менің мақтанышым» Ұлттық oнлайн сайысын өткізеді.
Сайысты ұйымдастырушы Астана қаласының Мәдениет департaменті,  «МӘССАҒАН» ұлттық порталы болып табылады.Сайыс бес сала бойынша өтеді:
1. «Менің Астанам– менің мақтанышым» (өлең, толғау)
2. «Астанам» (әдеби-шығарма, әңгіме)
3. «Астана суретшінің көзімен» (көркем сурет)
4. «Астана өмірі»  (фотосурет)
5. «Есімі биік Елорда» (мақала, сұхбат – журналистер арасында)Сайысқа  Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелде оқитын Қазақстан студенттерi мен шетелдегі ұлты қазақ азаматтар сайыс шарттарына сай келетін жаңа, түпнұсқалы, еш жерде сатылып алынбаған, жарық  көрмеген  шығарма, туындысымен  қатыса алады. Бір  автордың  сайыстың бірнеше номинациясына қатысуына шек қойылмайды.Сайысқа қатысатын үміткер өз туындысын contact@massagan.com адресіне э-пошта арқылы жібереді.Сайыстың ұйымдастыру комитетіне төмендегідей қосымша құжаттар беріледі:
- Үміткердің толық аты-жөні, мекен-жайы, телефондары;
- Қысқаша таныстыру, өмірбаяны;
- Сайыстың саласы;

Сайысқа қатысушылар туындыларын 15 Мамыр, 2008-ге дейін жібере алады. 15 Мамыр, 2008 Астана уақыты бойынша күндіз сағат 12:00-ден кейін келіп түскен материалдар сайысқа қабылданбайды. Әрбір туындының сайыс тізіміне кіргені туралы ресми мәлімет авторларға хабарланады.

Сайыстың қорытындысы 10 Маусымда «МӘССАҒАН» ұлттық порталында жарияланады.

Сайысты жүргізу мақсаты
• Жаңа Елорданың қарқынды дамуы, Астана жастарының өмірі, болашағы, тарихын және Астананы Интернет кеңістігінде дәріптеу
• Қазақстан Республикасының  азаматтар  және  жақын және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасымен жан-жақты халықаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, дамыту
• Қазақстанның және қазақ ұлттық мәдени-рухани дамуындағы биік белестер мен үлгі-өнегені насихаттау
• Жас ұрпақты ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелеу
• Мемлекеттік тілі саясатын қолдауға үлес қосу

«Менің Астанам – Менің мақтанышым» oнлайн cайысының жеңімпаздарына  төмендегідей  жүлделер  тағайындалады:
- бір  бірінші жүлде және лауреат атағы (барлық номинациялар бойынша);
- бір  екінші жүлде және лауреат атағы (барлық номинациялар бойынша);
- бір  үшінші жүлде  және  лауреат  атағы  (барлық номинациялар  бойынша);

   Номинация  Бірінші жүлде ($)  Екінші жүлде($)  Үшінші жүлде($)
 1.  Өлең 600 400   200
 2.  Әдеби-шығарма  600 400   200
 3.  Көркем сурет  600  400  200
 4.  Фото сурет 600 400 200
 5.  Мақала, сұхбат  600  400  200

   

Сайыстың әділ қазылар алқасы төмендегідей:
1. Бекболат Тілеухан – Әділ қазылар алқасының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
2. Сабиржан Шүкірұлы – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қазақстан Журналшылар одағының мүшесі
3. Қоныр Мухамәдиев  – Астана суретшілер одағының директоры
4. Дихан Қамзабекұлы  – Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, филология ғылымдарының докторы
5. Бекен Қайратұлы – Астана Хабары газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі
6. Мұхамедияр Рашай – Астана қаласының Мәдениет департaментінің Өнері бөлімінің бас маманы
7. Мәссаған.ком сайты басқармасы

Үміткерлер анкетаны түсіріп алып, толтыруы қажет.

Ілмектер: , ,

1 Жауап -ге "«Менің Астанам – Менің мақтанышым» oнлайн сайысы"

Мәссаған сайтының барлық мүшелері шама-шарқынша осы сайысқа біркісідей ат салысуы тиіс деп ойлаймын. Себебі сайттың бірден бір жанашыры өзіміз болып табыламыз. Өте жақсы бастама!!!

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Наурыз 2008
M T Ср T F S S
« Feb   Apr »
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

Алдыңғы жазбаларым

a

Ең соңғы пікірлер

Тоты Қонақ кітабы адресінде
Қосақ Қонақ кітабы адресінде
Спамнан құтылудың жо… СПАМ деген не? адресінде
neweurasia.net … Самсунг – І8910 адресінде
Жазира Онлайн слайд-шоу және вид… адресінде

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos