Бақытнұрдың блогы

Сырт көз сыншы

Posted by: Bakytnur on: Сәуір 20, 2008

Аяқ-астынан Қазақ елінің ең маңызды қаласы – Алматыға қыдырып қайту мүмкіндігі нәсіп болып, өткен аптада жақсы бір сапар шегіп келдік.  Сын көрт сыншы демекші осы жолы өткен жолғыдан қарағанда қандай өзгерістер пайда болғанын әрі өзіме кездескен қызықты жағдайларды қысқаша жазып кетейін деп отырмын.
1. Халықтың барлығы зат бағасының өскенін айтады.
2. Иманғали алмасқанына Алматылықтардың баршасы көңілсіз.
3. Қала тазалығы біршама жақсарған.
4. Қазақшаға деген үрдіс әр жерде байқалады.
5. Қате жарнамалар әлі де бар.
6. Ұлттық нышандағы құрылыстар жоқтың қасы.
7. Кейбір көше аттарын әйел адамның аты екен деп қаласың (Абая, Фурманова, Сейфуллина т/б).
8. Алматы ауа райы өте құбылмалы.
9. Машина көбейгендіктен көше тығыны басты мәселе.
10. Тұрған үйіміз Алматы Орталық паркіне жақын болғандықтан, зоопаркке де барып қайтқанды жөн санаған едік. Ол жердегі аңдар мен құстарға жақсы күтім керек сияқты болып көрінді.
11. Блогшылар да, соңынан жолыққан Бекжан, Камшаттар да саясаттан азын-аулақ сөз етті. Демек жастарды саясат қатты қызықтырады.
12. МАИ деген сөздің екінші мағынасы бар екен. :)
13. Өткен сапарда әуежайда кіріп-шығу үшін жалынышты болған едім. Бұл жолы ондай болмады. Шекарадан қабырға суретін алып шығу үшін Қазақстан заңдарында разрешение(?) дайындау керек екен. Бірақ мен оны білмеген едім. Шығарда офицер разрешение сұрады. Мен шетелдік екенімді және оның не екенін білмейтінімді айттым.
-Қай жерденсің?
-Моңғолиядан.
-Қазақсың ба?
-Ия.
-Айналайын бауырым екенсің ғой, жүре бер, деді офицер. Бір қуанып қалдым.

14. Паспорт тексеруден өтуге келгенде, ол жердегі отырған әйел:
- Моңғолиядансың ба? деді
- Ия, бірақ қазақпын.
- Үйленгенсің бе?
- Жоқ.
- Біздің жақтан қыз алып кетсей, мына үш қыздан таңдағыңды алып кет, деп қалжыңдап жанындағы бірге жұмыс істейтін 3 қазақ қызды көрсетті.
Қыздар да қалжыңды жақсы көреді екен:
- Қайсымызды таңдайсың деді біреуі.
- Үшеуің де сұлу екенсің.
- Біреуімізді таңда…
- Қай қалағандарың маған хат жазыңдар, сосын көрелік, деп кетіп қалдым.
- Саған қандай қыз ұнайды? деді артымнан біреуі.
- Сен сияқты қазақтың қара қызы!
Біздің қазақша қалжыңдасып жатқанымызға таң қалған орыс әйел:
-Толкужатынызды корсетиниз! Мор басамыз, деді қазақша.

15. Алматыда қағаз істері өте көп. (Аударма, жазу, толтыру, нотариус, тіркелу т.б)

Әзірге есімде тұрғаны осылар сияқты.

 
 

Ілмектер: ,

24 жауаптар -ге "Сырт көз сыншы"

Кейбір көше аттарын әйел адамның аты екен деп қаласың (Абая, Фурманова, Сейфуллина т/б).
Алматыда ғана емес, бүкіл жерде солай :( ((

Sonimen Bakytnur, jalgiz kayttin ba? :)

Қайдам, бірақ бір қазақ қызына құда түсіп қайтқан сияқты ғой..Кеше Нукусия жазңан соң, ескі алаңның қасынан өтіп бара жатып, Төле би мен Абылай хан көшесінің қиылысындағы жарнамаға көз салып едім..

“Мықты болсан , озып көр” деген жарнаманы көрдім..Есіме бір мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін қазақ қыздар есіме түсіп кетті..Өткенде Ақтау қаласында өткен инвестициялық форумның барлық орысша мәтіндерін қазақшаға аударып берген едім..Сосын артынан телефон соғып тұр..” Бекжан,а подскажите пожалуйста, в слове “форумының” бува “н” с хвостиком или без?”..:))

Сендер үшін ол “н” “с хвостиком” және “без хвостика”, ал мен үшін “н” және “ң” әріптері…

Сол сияқты ана жоғарыдағы жарнаманы да шала қазақтардың бірі дайындаған ғой..Ол да көп ойланған шығар, қалай жазамын деп, бәлім біреулерге телефон да шалған шығар..:))

“Машина аңдыған иттердің” сендерді жақсы қабылдағанына қуаныштымын.. Астаналық МАЙ-лер негізі қиындау Алматылықтарға қарағанда… Сосын Ұлттық нышандағы құрылыстардың жоқ екені Астанада қатты байқалады. Әйтеуір атауларын қайта өзгертіп жатыр қазір сонда да ескі “Синема сити”, бұрынғы, Сити маркет деп қоймайды адамдар да. Ой қазағым-ай!
Сәтті сапардан сәтті оралуларыңмен құттықтай отырып, жоғарыда аталған мәселелердің тез арада қалыпқа келтіруін тілеймін.

2 Omarbek: eshkim karamady :( Endigi umit Askhattyn tartuynda

“Иманғали алмасқанына Алматылықтардың баршасы көңілсіз”.
Көңілсізің не, мен әлі жылап атрм :(

“зоопарк” бұрынан әрі бытч бов кеткен сықылды оны мен де кеше аңғардым :(

паспорт тексеруде отырған апай :) базар жоқ апай екен дачы. Сендерге КЗда “1″ балаға, “7″ қыз екенін байқатыпты. Ендч, басқа ұлттың балдарына шығып атрқ қо… :(

“Қате жарнамалар әлі де бар”. Аха, сондай қате-қате… Кейде мен қазақ тілінің граматикасын толық білмеймін десем де, Бекжан жазғандай стуацияда , өзімше қазақ тілінің маманы ретінде сезінем. :)

Аман-есен барып, жаксы асерде кайтканына куаныштымыз..
Сен арб1р жарты жылда кел1п турсан, жаксы тустары соншалыкты арта тусед1 деген ойдамын;)

Aiko: 1 balaga 7 kyz degen ne degen soz.. Ondai statistika kai jerde bar? Kyz kop ekeni shyn, birak 1:7 emes..
Eger 1:7 bolsa 2 million erkek, 14 million kyz bolip ketpei me? (Ar narse negizdi bolu kerek koi)
4:5 boluy mumkin…

әсеріңді әс ерлеп жеткізіпсің.

Bake-au, awyp aitsan goi sol kezde qyz izdep kelgeningdi, balkim, bir komegim tier me edi. Ewkim qaramagany qyn bolypty. Sagan qaramsa, men qoidym endewe :)
P.S. Koreadan bireun yngailap jurgen bolarsin? ;)

Асхат ұят болыпты енді :)
еміреуін білдірсе де, сендер сезбегенсіңдер ғой.
қап, мен болғанда ғой дейсің :)
сонда да Бәкең үмітін әуежайдан кеткенше үзбей, кеденші қыздардың біреуін алып кете жаздапты ғой.

Bekzhannyn kulagy uzyn eken :D

Birak okinishke karai olai emes!

2 Kerim: Jogarydagy aitylgan maselelerdi kolga alamyz deisin be? (Ministrlikke bir taban jakyn otyrganyndy angartyp koiasyn, iya? :) )

senderdi bosqa shet elde oqytyp jatqamyz joq:p. biz ishinde jurip kemshilikterdi kore bermeimiz. sender kelip elimizdi korkeitedi dep kutip otyrymyz goi;)
13,14 itemdar :-)

“Бекжанның құлағы ұзын екен” дегенің не екен Баха?

Әй, досым-ай, сөзді бұрып…, әрине қолға аламыз!!! Шынымды айтсам Министрлікке бір табан жақын отырғанымды айтудан ұяламын БАХА!

Анау суреттегі машина КАДИЛЛАК па БАХА?

*Сырт көздің сыншы* екені рас. Не дегенмен Қазақстанға келіп кеткендеріңнің өзі бір қуаныш. *Көш жүре түзеледі * деген бар емес пе? Біршама саналы ұрпақ қалыптасып келе жатқан заманда, біртіндеп кемшіліктердің көздері жойылады деп сенейік, ағайын!

Bekzhan kalaisha estip koigansyn degen soz.

Kerim: Mashina ne ekenin ozim de bilmeimin.. Tek rulde otyrganym bolmasa :D

:) Kөнiлiң қалмаған сияқты, тағы да келетiн боларсың? Өкiнiшке орай екеуiмiз мысық-тышқандай болдық қой Осымен екiншi жолы, мен кетем, артынша сен келесiң :lol:

Simona: Men keledi degendi estip alip kaship jursin goi (

Бақытнұр So Hee деген қызды қазаққа келін қылып алып келші. біздің әншілерге қалай білеу керектігін үйретсін.

Бақытнұр, ендігіде Сымбатқыз елге келетін кезде туралап көрсең қайтеді “хоумләнд трипіңді”? :)

Omarbekke: Korei almaisyn dep jatkandar bar :D

oi shirkinder ai:)))

Aitpaqshy ol zooparkke qarjy bolinbeidi dese bolady..
Aitpese ol januarlardy asyrauga kunine talai tamaq kerek qoi.
Zoo KZ-dagy exclusive sanalatyn sapsan-sunqarlardy alemdegi basqa zoolarga nemese araptarga satu arqyly ozderin ozderi asyrap otyr.. Sondyqtan kutim jagy azdau shynymen ol januarlarda.. Basshylary aiteur en quryganda ashtan qaldyrmasaq dep jan baguda..

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Сәуір 2008
M T Ср T F S S
« Mar   May »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Алдыңғы жазбаларым

a

RSS Мәссаған.ком-дағы соңғы жаңалықтар

  • An error has occurred; the feed is probably down. Try again later.

Ең соңғы пікірлер

blogbershi Аватар фильміндегі тіл –… адресінде
Bakytnur Қатты ұнады!!! адресінде
Амыш Қонақ кітабы адресінде
Gastarbaiter Қатты ұнады!!! адресінде
Mr Connection Аватар фильміндегі тіл –… адресінде

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos