Posted by: Bakytnur on: Мамыр 29, 2008
Файрфокс браузері 3-нұсқасын шығарып, Әлемдегі ең көп програма түсірілген күн деген атақпен Гиннес Әлем Рекордтары қатарына енбекші. Алдымен Файрфокс жанкүйерлерінен өтініш қабылдауда.
Мен Файрфоксты Қазақстанның атынан түсіруге ниет білдіруші 43ші адам екенмін. Жаңа нұсқасын э-пошта арқылы немесе сайтында хабарландырады.
Қаласаңыз http://www.spreadfirefox.com/en-US/worldrecord/ адресіне қонақтап қайтыңыз.
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 23, 2008
М-агент қазақша шықты. Орысшасынан маған қазақшасы жақсы әрине, былайша түсінікті екен. Аздаған қателер байқалады, бірақ жаман емес.
Осыдан қарағанда алдағы уақытта Мail.Ru барлық қызметінің қазақша нұсқасын дайындауы мүмкін. Қазақша мұндай қызметтер әзірге жоқ болғасын, ағылшынша немесе орысшаға тәуелді боламыз.
Бірақ м-агент маған ұнамайды, спам келе береді, жалықтырады. Көп те контактларым жоқ. Бірақ қазақша нұсқасын тексеріп көріңіздер деген [...]
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 23, 2008
Болливуд Үндістандағы “Хинди” фильм индустриясы және жылына 800 фильм әзірлейтін Әлемдегі ең үлкен фильм индустрия екенін айтпасам да білетін боларсыздар.
Өзім кейбір Болливуд актёрлардың жанкүйері болғандықтан, олардың фильмдерін жібермей көремін. Қазақтардан да Үнді фильмін көретіндер аз емес сияқты.
Актёрлар да блог мәдениетіне көшіп, жанкүйерлерімен тікелей байланысқа шықты. Өнер жолдарындағы күнделік жаңалықтары мен жанкүйерлерінің пікірлеріне уақыт [...]
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 21, 2008
Қазақстан Елбасының “Тәуелсіздік белестері” (“Түүхийн давалгаанд “), “Сындарлы 10 жыл” (“Эгзэгтэй 10 жил”) атты кітаптары моңғол тілінде жарық көргенін Моңғолиядағы күнделікті шығатын газтеттердің ең үлкені “Өнөөдөр” (Бүгін) газетінде “ТӨВ АЗИЙН ТӨРТ УЛСЫН ДАХИН СЭРГЭЛТ” (Орта Азия төріндегі Мемлекеттің қайта жандануы) деген атпен жарияланған екен.
Сонымен қатар Қазақстанның тарихы, қазіргі экономикалық ахуалы, мұнай-газы, астығы, саясаты мен Нұр-Отан [...]
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 19, 2008
Мәссаған.ком Сұхбатында Күнделік дәптерімнен деген жерге Сера жазған екен. Кейде маған да осындай сәттер болып тұратындықтан өте қызық келді, көшіріп басудамын. Әсіресе кілтті қайда қойғаным есіме түспегенде компьютерде іздей салар ма еді деген ой туады.
Дс. Бұл оқулықты ашуға да ерініп отырмын… Мынадай бір ой келіп отыр: “басымның ішінде дискжетегі, ал оқулық компакт-диск болса қандай жақсы [...]
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 13, 2008
Қазақ Спайдер-Мән көрген бе едіңіз? Көрмеген болсаңыз мына видеоларды қызықтаңыз:
-Әй ананы қараңдар, ана жігітті!
-Қайсы, қайсы?
-Әнеу әне…
-Көріп тұрған жоқпын ғой, қай жерде?
-Анау әне!
-Құлайды ғой…
-Өледі ғой мынау…
-Не дейт?
-Сәлем…
-Қызық болсын ертең көрсетеміз
Тағы біреуі:
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 9, 2008
Бейжің Олимпиадасының алауы алғашқы болып Алматыға басын тіреп, соңынан төрткүл дүниені аралап, Бейжіңге жеткен еді.
Қытай Елі осы алауды алып жүру кезіндегі есте қаларлық, ең жақсы суретке байқау жариялапты. Алғашқы 5 сурет Сәуірдің 2-інде Алматы қаласында түсірілген суреттер, оның екеуі Қазақстан Президентінің Олимпиада алауын ең алғашқы болып алып жүруінде түсірілген суреттер.
Қытайша болса да Сіз бұл байқауға қатыса [...]
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 8, 2008
Егер сіз PHP, Javascript, HTML тілдері мен веб қорғанысы туралы білетін болсаңыз http://www.hackerskills.com/ сайтындағы ойынды ойнап көріңіз.
Әрбір кезеңі өзінше қиын екен. Жақсылап ойлануыңызды және біліміңізді талап етеді.
Мен 8-кезеңнен аса алмадым. Әлі де сынармын.
Өзіңізді сынап көріңіз!
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 1, 2008
Қымбатты Оқырман!
Қазақ блогсферасының тек қана оқырмандары арасына қойылған сауалнамаға қатысып, блог қоғамындағы өз орныңызды айқындаңыз. Бар болғаны Сіздің 2 минут уақытыңызды алатындықтан, ЖурналистикА_Блогинг блогына жарияланған сауалнамаға дауыс беріңіз.
Сауалнама мұнда!
Өте қызық, Өте қызық, Өте қызық!
PS: Сауалнама жүргізуші Әлия Сембай (фотоны қараңыз).
Posted by: Bakytnur on: Мамыр 1, 2008
Алдын ала айта кетейін. Күйші емеспін. Ешқашан күй мектебіне бармадым.
Бірақ орындалған видеоларға қарап кейбір күйлерді үйренген болып жүрмін. “Көңіл толқыны” күйін де өзімше орындаған болдым. Қатесін түзетерсіздер
Ең соңғы пікірлер