Posted by: Bakytnur on: Мамыр 9, 2008
Бейжің Олимпиадасының алауы алғашқы болып Алматыға басын тіреп, соңынан төрткүл дүниені аралап, Бейжіңге жеткен еді.
Қытай Елі осы алауды алып жүру кезіндегі есте қаларлық, ең жақсы суретке байқау жариялапты. Алғашқы 5 сурет Сәуірдің 2-інде Алматы қаласында түсірілген суреттер, оның екеуі Қазақстан Президентінің Олимпиада алауын ең алғашқы болып алып жүруінде түсірілген суреттер.
Қытайша болса да Сіз бұл байқауға қатыса аласыз. Қалаған суретіңізді таңдап, ең төмендегі сол жaқ түймеге басыңыз.
Байқау қорытындысында қазіргі жағдаймен Н.Назарбаевтың “Қазақ Президентінің Олимпиада алауын алып жүруі, 2 Сәуір, Алматы” атты суреті 2-орында тұр. Барлығы 114139 дауыс алған, яғни дауыс берушілердің 3.43%-і екен.
Сіз де Н.Назарбаевқа дауыс беріңіз!
Байқау мұнда.
Е, онда жақсы екен. Бірінші орында тұрғанын көрдім, қуанып қалдым. Мұны сен болмағанда қайдан білер едік, Бақытнұр, рахмет Сізге.
бидеме-шидеме шықты. айтқандарыңдай үстінде тұрған оң жағын бастым.
Атамның суретін белгіліп. Дұрыс істедім бе екен?
Ойбуууй, сол жағындағын бас деп еді ғой…
Бақытнұр, Айко оң жағындағын басып жіберіпті, бірдеңе құртып алған жоқпыз ба, кешкісін – тізімнің аяғынан бір шықпаймыз ба?
ма-ма, ма-ма ![]()
Техносиндром шын айтасыз ба?
құрттым десеңізч
айтым ғой бүлдірем деп.
сол дегенді қалай ғана оң деп түсіндім екен.
сосын ең төменгі деген жоқ қой, басында екі басатын тұр.
Ал айтпесе төбесіндегі оң жағын басып “АУТлайН” ғып жібермейін суретті.
жылап атр әлі.
қазр 18 аялдама төмен тұратын бір баурым бар қытайша түсінетін, соған оқытып тағы бір берем
хи-хи-хи тағы бердім ал керек болса. ![]()
техносиндром сіз тағы беріп едім қабылдамады дедіңіз ғой, менікін қабылдады. Ура. Басып, басып тұрып алдым ![]()
ақыры қанша процент екенін көрсетті.
Яғни давайте нете берейік дегенім ғой
Сайлауда бермесемде, бұл жерде беруге дайынмын ДАУЫСымды!
Бақытнұр, сен өзің де байқамай, жалпыұлттық патриоттық қозғалыс бастап кеттің бе деймін ![]()
Таныстарым, олардың таныстары (Fibonacci!) күнде дауыс беріп жүр енді
Barligina salem! Zhana dauis bergendei boldim, aiteuir Elbasi suretinin astina ptichkani koyip-koyip, ura berdim
Бейжің болсын не болсын бергім келмейді назарбаевқа дауыс..
Маған ана атты сурет ұнады 3 суреттегі, ерекше екен. Соған дауыс бердім өз басым..
сосын ана 16-шы орындағы сурет ұнады, жылап тұрған қыздың..
Өткенде қытайдың XingJiangTVсынан көріп едім сол қыз туралы. лондон ба Париж ба бірінде оқитын қыз екен. Өз елінің туын көріп. олимпиада менің елімде болады деп еріксіз жылап жіберген екен алауды әкетіп бара жатқанын көргенде сол сәтті бір фотограф байқап қалып түсірген екен. Кім болса да жылайды ғой мұндай сәтте, мысалға ҚЗ-да олимпиада болады десе мен де қуаныштан жылар едім:)
Кімге дауыс беретінін әркім өзі біледі ғой. Менің де Назарбаевқа дауыс бергім келмейді. Konil Ashar сіз аттылының кім екенін білмейсіз бе? Ол Олимпиаданың күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков. Мен де дауысымды Мұхтарханға бердім. Өйткені, ол қазақ екенімізді білдіріп, аттың үстінде тұр. Және артында қазақша “Ұлы жетістіктердің жарқын бастамасы” деген сөз ұрандатып тұр. Меніңше, осы басқаларынан ерекше сурет дауыс беруге лайық.
Аа Murat onyn Muhtarhan ekenin bilmeptim biraq magan da ana artyndagy “Ұлы жетістіктердің жарқын бастамасы” degeni urany unap sol ushin dauys berdim attyly bolgany jane bar
[...] қатысқан шетелдік қандасымыз Бақытнұр Бәйтелұлы өзінің блогында. Дәл қазіргі байқау қорытындысында алғашқы үздік [...]
Мамыр 11, 2008 at 5:45 тд
Екі рет берейін деп едім, екіншісінде қытайша жазбасы бар диалогтық терезе шықты, сірә “бір хосттан екі рет дауыс беруге болмайды!” деген сөз болса керек
. Әйтеуір ұрысып тастаған сияқты болды…