Бақытнұрдың блогы

Компьютершінің күнделігінен

Posted by: Bakytnur on: Мамыр 19, 2008

Мәссаған.ком Сұхбатында Күнделік дәптерімнен деген жерге Сера жазған екен. Кейде маған да осындай сәттер болып тұратындықтан өте қызық келді, көшіріп басудамын. Әсіресе кілтті қайда қойғаным есіме түспегенде компьютерде іздей салар ма еді деген ой туады.

Дс. Бұл оқулықты ашуға да ерініп отырмын… Мынадай бір ой келіп отыр: “басымның ішінде дискжетегі, ал оқулық компакт-диск болса қандай жақсы болар еді. Сол компакт-дискіні басымның ішіне қосып, клон-көшірме жасап қоятын…” Сұмдық қой!

Сс. Кеше маған тамақтан соң ас қайырып бата бересің деген… Мен болсам, жақсы тілектердің бәрін айтып-айтып келіп, бет сипағанда “Аумин!” деудің орынан “Ентер!” деп жіберіппін. Масқара-ай!

Ср. Кеше кішкене інім компьютерде отырып: “Аға, мұнда – “Күн біздің Шығысымыздан шығып, Батысқа барып батады” – деп жазып қойыпты.” демесі бар ма. “Енді қозғама ойбай, солай тұра берсін!” деп жанұшыра айқайлаппын. Масқара-ай!

Бб. Бүгін таңертең жұмысқа баруға еріндім. Өзімді копи жасап, бір көшірмемді жұмысқа жіберіп, өзім төсекте жата бергім келді. Керемет! Сосын әзер тұрып терезеге қарап едім: Ауа райы жақсы, тіпті тамаша екен: “Жұмыс үстеліндегі неткен әдемі Обой еді!..

Жм. Таңертең тұрып, жұмысқа асыққанда Шұлығымды таба алмай әуреге түстім. Сосын компьютерді қосып, Іздеуге (Поиск) – “Шұлық” деп жазып іздеп көріп едім – онда да табылмады… Өкінішті!

Сн. Кеше жұмыста бір пәпке қағазды ұстап келе жатып, еденге шашып алдым. Оның бәрін қайтадан реттеп, жинап алу тым қиынға түсті, сонда қолыма қайтадан бәрі жиналып, бүлінгеннің бәрі орны-орнына келіп қалар деп, бөлменің ішінен шашылған қағаздарға “Отмена” беретін панелді іздеп бірталай жүрдім, алайда табылмады… Ғажап!

Жк. Бүгін бір қызға бардым. Сосын екеуіміз ресторанда отырғанда, бұл қыздың басын айналдырып жіберу үшін қандай Вирус жазуға болады екен, өзіме қаратып алу үшін бұл Қызға қандай стандартты Драйвер сай келеді екен деп ойлаумен отырдым. Сұмдық!

* Мен кейде ойға шомып кетемін: яғни, “зависать етіп” қаламын… Ондайда мені саусақпен түртіп қалып, қайта жүктелуге – “перезагрузкаға” жіберу керек. Сонда шошып кетіп, қайтадан қалпыма келемін…

10 жауаптар -ге "Компьютершінің күнделігінен"

қызық екен :)

Әсіресе “Іздеу” деген жері қатты ұнады. Ондай менде де болып тұрады :-)

hehe, exam` kezinde KANJI dictionary SD kart bolsa shirkin baska suga salatin dep oylaushi edim hehhe

oi jalkaudar:)))
bari sondai onai bolsa ie shirkin…

* Мен кейде ойға шомып кетемін: яғни, “зависать етіп” қаламын… Ондайда мені саусақпен түртіп қалып, қайта жүктелуге – “перезагрузкаға” жіберу керек. Сонда шошып кетіп, қайтадан қалпыма келемін…

Осы жері дәл келіп тұр маған :) ))

Бұл деген жаңа технологиялар синдромы шығар: :)
Кейде – қағазға жазу жазып отырып copy-paste – ті іздейтініміз бар.
Кейде – кино көріп отырып pause – ды іздейміз.
Кейде – жоғалған затыңды іздеп жүріп маяк тастағын келіп кетеді.

:-) )))

jumisqa koshirmesi ketkeni jagip qaldi maidai..

otmenani aytsaish kei kezde b2rnarse jasaisin da oi osini bekerge jasadm dp oilanp qalatin kezder bolad kop so kezzde otmena janinnan tabilsa go :)

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Мамыр 2008
M T Ср T F S S
« Apr   Jun »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Алдыңғы жазбаларым

a

RSS Мәссаған.ком-дағы соңғы жаңалықтар

  • An error has occurred; the feed is probably down. Try again later.

Ең соңғы пікірлер

blogbershi Аватар фильміндегі тіл –… адресінде
Bakytnur Қатты ұнады!!! адресінде
Амыш Қонақ кітабы адресінде
Gastarbaiter Қатты ұнады!!! адресінде
Mr Connection Аватар фильміндегі тіл –… адресінде

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos