Бақытнұрдың блогы

Болливуд актерлары блогпен соғысқа шықты

Posted by: Bakytnur on: Мамыр 23, 2008

Болливуд Үндістандағы “Хинди” фильм индустриясы және жылына 800 фильм әзірлейтін Әлемдегі ең үлкен фильм индустрия екенін айтпасам да білетін боларсыздар.

Өзім кейбір Болливуд актёрлардың жанкүйері болғандықтан, олардың фильмдерін жібермей көремін. :) Қазақтардан да Үнді фильмін көретіндер аз емес сияқты.

Актёрлар да блог мәдениетіне көшіп, жанкүйерлерімен тікелей байланысқа шықты. Өнер жолдарындағы күнделік жаңалықтары мен жанкүйерлерінің пікірлеріне уақыт тауып, жауап бере бастады. Aтақты актёрлардан Амитабх Баччан (66) мен Аамир Хан (43) екеуі блог жаза бастаған. Бір қызығы екеуі де блогында Болливудтың Номер.1 ханы (мен үшін) Шаһрух Ханға атака жасаған. Баччан (үлкен, себебі үлкенді кішілі бірнеше Баччан бар) блогында Шаһрух Ханның ТВ шоуын критикаға еңгізсе, Аамир итінің атын Шаһрух деп атағанын жазған. Шаһрух Ханның миллиондаған жанкүйерлері мен Жұлдыздардың аяғының басысын аңдып жүретін журналистер оны лезде сенсацияға айналдырып жіберді.

Баччан блогындағы жазбаның баспасөз және қалың көпшілік тарапынан теріс түсінік алғанын жариялады. Аамир Хан да жұмысшысының итінің аты Шаһрух екенін айтып, Шаһрух пен оның жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

Болливудты жақыннан танитын адамдар ол жердегі бәсекелестің қандай екенін білетін болар.

4 жауаптар -ге "Болливуд актерлары блогпен соғысқа шықты"

kandai adamdar undi filmin jaksi koredi bilesin ba;)

қазақ білмейді екенмін айта салшы :)
ато қазірге дейін кет ары емеспін, ағыл-тегіл жылап алып көре береміз :)

бір әнек айта кетейін :)
Шахрух Ханды жақсы көретін тәтем жігітім дейтін еді. Сосын біз МАМ-ма айтатын едік келіп жүрегін ұсынса не істейсің деп, оййййй, әйдә кеп бізді қуалайтын еді, я болмаса ұрсатын :) ))

Қырқып қой: Базар жоқ актерлеріне крышаң кетсе өкінбе!

Әмір Хан менің бала кезімдегі сүйікті актерім ғой. Кинолары ұнайды. :)

Aiko, bilsem jazar edim. bilmegendikten surap turmin goi.

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Мамыр 2008
M T Ср T F S S
« Apr   Jun »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Алдыңғы жазбаларым

a

RSS Мәссаған.ком-дағы соңғы жаңалықтар

  • An error has occurred; the feed is probably down. Try again later.

Ең соңғы пікірлер

blogbershi Аватар фильміндегі тіл –… адресінде
Bakytnur Қатты ұнады!!! адресінде
Амыш Қонақ кітабы адресінде
Gastarbaiter Қатты ұнады!!! адресінде
Mr Connection Аватар фильміндегі тіл –… адресінде

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos