Posted by: Bakytnur on: Мамыр 29, 2008
Файрфокс браузері 3-нұсқасын шығарып, Әлемдегі ең көп програма түсірілген күн деген атақпен Гиннес Әлем Рекордтары қатарына енбекші. Алдымен Файрфокс жанкүйерлерінен өтініш қабылдауда.
Мен Файрфоксты Қазақстанның атынан түсіруге ниет білдіруші 43ші адам екенмін. Жаңа нұсқасын э-пошта арқылы немесе сайтында хабарландырады.
Қаласаңыз http://www.spreadfirefox.com/en-US/worldrecord/ адресіне қонақтап қайтыңыз.
Опера да мықты ғой. Талай фишинг сайттардан аман қалғанмын. Операның арқасында.
Файрфокс кодерлерге ыңайлы ма деймін. Әйтпесе Есек пен Опера өзінің CSS-терін тыға беред. Ағытып тастауға болатын шығар, бірақ оның опцияларын қарауға ерініп, Файрфокспен қарай салам
Файрфокс броузерлердің ішінде өзінің шағын версиясын шығарғандардың алғашқысы. Жақсы жері – Portable Firefox-ты флэшке көшіріп алып, өзіңізбен алып жүре бересіз. Бір жерлерде кэште құпиясөзім қалып қоймады ма деп ойлайтын мен сияқты қорқақтарға жақсы
))
Мұнымен қоса Thunderbird Portable, SunBird Potable бар. Ресми сайты:
http://www.portableapps.com
Айтпақшы, Portable болса да, 3-шісінің тесттік версиясын
мына жерден көшіріп алуыңызға болады: http://mesh.dl.sourceforge.net/sourceforge/portableapps/
Firefox_Portable_3.0_RC1_en-us.paf.exe
Мен сияқты шыдамсыздарға
))
Сәлем! Файрфокс фаны ретінде мен де жұртты үгіттеп жатырмын. Тек сен жоғарыда қате жазған сияқтысың:
Әлемдегі ең көп програма түсірілген күн деген атақпен Гиннес Әлем Рекордтары қатарына енбекші
Файрфокс бір күн ішінде ең көп түсірілген программа атағын алғысы келіп отыр.
сенің жазуыңнан 1 программа емес 1 күннің ең көп программа түсірілген күн ретінде Гиннеске кіргісі келетінін түсініп отырмын. Яғни міндетті түрде Файрфоксты емес белгіленген бір күні кез келген программаны түсіру керек деген сияқты.
[...] блоктарында файорфокс рекордтар кітабына ену туралы жазбаны оқып, «Қатысу керек» деп ойлап жүр едім. Әне-міне [...]
Ал, он жетісі күні көшіріңіздер деген хабар жіберді. Айтпакшы, олар есептеу үшін гипермәтін арқылы көшіруге мәжбүр боламыз ба, әлде, ФТП-серверден аламыз ба?
Айна-серверлер бола ма екен, бір күнде соншама адам қиын болмас па екен?
Ал, қиын-қыстауда серігім болған даунлоадерім, дайындала бер…
Magan da keldi, jai gana koshirip ala salamyz goi..
Мамыр 30, 2008 at 3:17 тд
Сол қырықтың ішінде Аршат жүрген шығар )))) Маған не, соңғы кезде тіпті ұялы телефонмен жиі кіретін болып жүрмін, компьютерге қарағанда.