Posted by: Bakytnur on: Шілде 5, 2008
Осы апта Моңғолияда бұл апта төрткүл Әлемді дүрліктірген оқиға болып өтті. Моңғолияда Конститутцияға сәйкес Парламент 4 жылда бір рет жасақталады. Парламентке саяси партиялар мен жеке адамдар атын ұсынып, көпшілік дауыс иеленген үміткер Ұлы Хурал мүшесі болады. Әрбір аумақтың халқының санына байланысты Парламентке 2-4 орын берілген. Мысалы Баян-Өлгей аймағына Парламенттен 3 орын беріледі.
Парламент мүшелерінің саны 76. Ең көп орын алған саяси партия немесе одақ, Үкіметті басқарып, өзінің сайлау алды әзірлеген жоспарын осы 4 жылда орындауы керек.
1990 жылы Демократиялық Мемлекет орнағаннан бері 5-рет Парламент сайлауы өтіп отыр. Моңғолия Конституциялық-парламенттік Мемлекет болғасын әрбір Парламент сайлауы әрбір Моңғолия азаматы/азаматшасы үшін маңызды.

Бұл жолғы сайлау Моңғолия дe үшін өте маңызды еді. Себебі жаңадан ашылған кен орындарын игеру, Орасан зор қазба байлыққа алдағы 4 жылда кімнің қожайын болуын анықтайтын шешуші сайлау еді. Моңғолиядағы ең үлкен екі партия да бұл қазба байлықтан түскен пайданы халыққа бөліп беруді сайлау-алды жоспаына еңгізген еді.
Ең соңғы Паламент сайлауы 29 Маусымда өткен еді. Моңғолия тарихында өзіндік орны бар, Моңғол Халық Революциялық Партисы (МХРП) өткен сайлаудың алдын-ала қорытындысы бойынша 76 орынның 45-не ие болған еді. Бұл қорытындыға разы болмаған басқа партиялар (Дем.Партия, Республикалық Партия, Азаматтық Қозғалық партиясы) Орталық Алаңда, кейін МХРП үйінің алдында ереуіл ұйымдастырған. Олар сайлаудың әділ өтпегенін, қайта сайлау өткізуді, пікірді қайта санау керек екенін Үкіметтен және МХРП басшыларынан талап етеді.
МХРП партиясы Сайлаудың қорытындысына басқа партиялар разы болмаса сайлауды қайта өткізуден именбейтін мәлімдейді. Тек сайлаудың толық қорытынды шығуын күту керек екенін, Президенттің мәлімдемесін күтуді жариялайды.

Сағат 19.00 шамасында МХРП үйінің алдына жиылған халық партия үйіне басып кіріп, от қояды. Полиция өкілдеріне тасты қарша жаудырған соң, қосымша полиция күші келеді. Олар газ, резина қолданып халықты шегіндіреді. Көтерілісшілерге қосымша күш келіп қосылып, МХРП үйін түгелімен өртеп, ішіндегі бизнес орталықтарының мал-мүлкін алып кетеді. Соңынан оның жанында орналасқан Мадениет сарайына басып кіріп, Моңғолдың ұлттық аспаптарын қиратып, киімдерін өртеп, қалғанын тонап кетеді. Моңғолияның 50 жылдан бері жинап келе жатқан Архитектура үйнің архивін өртеп, компьютер, үстел, орындығын ұрлайды. Моңғолия суретшілерінің талай жылдары еңбегі жинақталған Галлерия үйін де өртеп, ішіндегі суреттерді көтеріп кеткен.
Арашаға түскен, қарсы келген адамның барлығын басып жаншып, сабайды. Жайымен жүрген азаматтардың машиналарын өртеп, журналистер мен фотожурналистерді соққыға алады. Соққыған жығылған журналистердің ішінде Жапондық журналист де бар екен, оны емдету үшін еліне қайтарады.

Ереуіл осылайша полицияға күш бермей, тәртіпсіздік пен бейберекетсіздікке бет алғасын Президент жарлық шығарып Ұланбатырда 4 күнге төтенше жағдай жарияланады. Әскер күшін еңгізіп, көтерілісшілерді басады. Көтеріліс салдарынан 700дей адам ұсталады. Көтеріліс салдарынан 5 адам қаза болған, оның ішінде милиция мен көтеріліске еш қатысы жоқ қарапайым адам да бар. 20 шақты адам ауыр жараланған.

Көтеріліске қатысқан адамның саны 1500дей, көпшілігі 20-30 арасындағы жастар мен жасқа толмаған балалар. Соққыға жығылғандардың мәлімдеуіне қарағанда көтерілісшілердің көбі мас адамдар көрінеді.
Кейбір деректер көтеріліс ұйымдастырушылар жастарға ақша беріп, ереуілге ертіп келген көрінеді. Тұтқындағы жастардың кейбірі ақша алғанын мойындап отыр.
Бұдан бұрын да Моңғолияда көп мәрте бейбіт ереуіл ұйымдастырылып келген. Оның алғашқыларының бірі де 1990 жылдары 70 жыл басқарған Коммунистік режимді биліктен кетуін талап ету. Бұл жолы сайлауға разы болмаған топ көтерілісті ұйымдастырса да, көтерілістің арты бейберекетсіздікке баратынын білмеген болар.
Oқиға жайында әркім әртүрлі көзқараста. Біреуі жеңіске жеткен билік сайлауды әділ өткізбегендіктен болды десе, біреуі жеңілгенін мойындамай көшеге жастарды еліктіріп, бастап шыққан оппозиция басшыларын сынап отыр.
Бұл оқиға Моңғолияны 60-70 миллион доллар шығынға ұшыратып отыр. Барлығынан да ең өкініштісі қаза болған азаматтар мен халықтың өз мәдениетін өздері өртеуі, өздері таптауы.

Соққыға жығылып, қарапайым қызметін атқарып жүрген сақшы:
“Сайлауға қатысып, пікір бергемін жоқ. Мен үшін қай партияның жеңгені маңызды емес. Бірақ үй-ішімді асыраймын деп жүріп Партиялар соғысынан болып, соққыға жығылып, миыма зақым алдым. Өте өкінішті болды. Партиялардан болып біз зиян шегіп жатырмыз. Қарапайым халықты бір-бірімен жауластыруды тоқтатса екен.”, деп жыламсырап тұр.
Бұл демократия емес, деградация!
Орыс баспасөздері бұдан американдықтардың ісін шырамытады. Моңғолия – Қытайды қоршаудағы соңғы плацдарм деп жатыр. Және Ресейден Қытайға мұнай тасымалдау мүмкіндігін шектеу деп те жатыр.
Бір сұрақ Бақытнұр: сонда халық өздігінен көтерілетін мәселелер жоқ па еді Моңғолияда? Неменеге сыртқы күштерден көре береді?
urimtal, Қазақстан жастарының саяси белсенділігі төмен дегенге келіспеймін…
Негізі, сұмдық болған екен! Әсіресе, мәдени құндылықтарын өз қолдарымен құртқандары!!! Төтенше жағдай бүгін алынып тасталды деп оқып едім… Соған қарағанда, жағдай жаман емес сияқты… Бәрінен де, ол жақтағы қазақтардың жағдайы не болды екен? Сол алаңдатып тұрғаны…
Олардың Монғолия азаматтары болғандықтан бәрі де бірдей жағдайда екенін түсінікті… Сонда да, алыста жүрген қандастарымызға қиын болмаса болды да!
5-ші суретте орыс тілінде жазылған хбарландыруға көзім түсіп, таң қалдым! Монғолияда орыс тілі бар ма? Оның халқы орыс тілін біледі ме?
Бақытнұр, рахмет. Жазбаңнан көп мәліметтер ала алдым. Осыдан бір-екі бұрын моңғолдың “МонЦаМэ” сайтына кіріп ресми жазбаларды қарап едім. Онда ресми пікірлер айтылмапты, әркім өз көзқарасы тұрғысынан жазған. Сонысы мені таңқалдырды. Өз көзқарасын таңғысы келгендіктен ондағыф хабарларды обьективті жазба ретінде қабылдай алмадым. Ал, мына жазбада сенің нейтральный-бейтарап адам екенің көрініп тұр. Мақалаң кәдімгідей саяси сараптаманың жүгін көтерген. Сол үшін, рахмет. Ал, халықтың өз мәдениетне шабуыл жасағанын не деп түсіндіруге болады екен. Айтпақшы, сайланған қазақтардың атын жаза аласың ба?
Dana:
Mongoliada orys tili anda sanda solai kezdesedi… Birak jogarydagy jazu nege oryssha ekenin tusinbedim men de. Al jogarydagy Primer men Prezident, Oppozicia bashylary, ministerler kobi orys jane agylshyn tilderinde jaksy soileidi.
Esengul apai:
MontSAme kazirgi Primer Ministerdin buryngy jumys orny. Sondyktan ol tek bir jakty jazady. Ekinshiden jakynda totenshe jagdai ornatkan son saittar men TVler, radiolar 4 kunge jabyk boldy.
Ashyk saittardyn kommentterin japty. Sebebi halyk ekige bolinip, habarlarga komment jazatyn jerge jazu jazyp, baskalaryn eliktiredi dedi.
Menin oiymsha durys, sebebi ote ashyk demokratia halykty beibereketsizdikke alyp barady.
Ortada kara halyk kimge senerin bilmei dal bolyp jur.. A dep hat tanitynnyn bari komment jazyp, eldi eliktirip jiberedi.
Al kazirgi Primer Minister kandai adam ekenin uakyt korseter. Ol orynga otyrgan azdagan uakytta (6 aida) koptegen isti tyndyrdy.. Basyn ashty kop istin.
Birak okinishti onyn Ukimet basyna kelgen uakytynda eshkashan bolmagan kandy uakiga boldy, ari zattyn bagasy kurt osip, kriziske tap boludyn aldyna baryp otyr. Jaksy jagy, ken oryndaryn igeru dal kazirgi Primer MInstrdin kezine tap bolyp otyr. Buryngy ministerler men parlament kezinde zan juzinde talkylangan. Endi tek kimnin kojaiyn boluy, kai elmen bolisu, kansha %-pen bolisu jane paidany kimge beru kerek degen masele gana sheshilui kerek.
Primerdin partiasyndagy keibir adam sailau zanyn buzyp, aksha taratkany daleldendi…
Al kandy okiga boluy, tartipsizdik kezinde ereuilshilderge ok atkan – Ol Prezident. Mongoliada Prezidenttin saiasi kushi jok, tek Armianin kolbasshysy jane Mongol halkynyn birligin nygaitushy bolip tabylady.
Totenshe jagdai ornatkan, armia engizgen – bul Prezidenttin isi. Al Prezident eshbir partiaga bagynbaidy. Beitarap adam boluy kerek…
Oppozicialik kushter sailaudy kaita jurgizu kerek dese, keibiri kaita jurgizuden bas tartty. Sebebi ereuilshilerdi ertip shykkasyn, arty beibereketsizdikke akep sokkasyn olardyn bedeli halyk aldynda tusip kaldy.. Tipti erten Dem.Partia oz basshylaryn almastyrady degen kaueset bar.
Halyktyn oz madenietine shabuyly – bilikke degen yza..Keibiri mastyk dep te aitady. Meninshe ol tartipsizdik.. Koi deitin koja jok jerde azdagan jastardyn korgensizdigi.
SAilangan 3 kazak: Gen. Jekei, Badelkhan, jane Tileikhan degen azamattar.
archivety jagyp jibergeni ote okinishti eken
Demokratia bolgasyn jastary da saiasi sauatty Kazakhstanga qaraganda
al biraq bul jerge qatysqandar jai jurgen bireuler de boluy mumkin olai bolmauy da mumkin, jai mediaga oibul mastar edi dep taratylgan da boluy mumkin..
ne bolsa da bul crisisten tezirek shyqsyn
… Моңғол Халық Революциялық Партисы (МХРП) өткен сайлаудың алдын-ала қорытындысы бойынша 76 орынның 45-не ие болған еді. Бұл қорытындыға разы болмаған басқа партиялар (Дем.Партия, Республикалық Партия, Азаматтық Қозғалық партиясы) Орталық Алаңда, кейін МХРП үйінің алдында ереуіл ұйымдастырған. …
Не болсада Монғолия бізден әлдеқайда Демократиялық ел деп ойлаймын.
Бізде 100 пайыз бір партия ұтты дегенде де ешкім қарсы шықпап еді…
demokratya bolgan son koterilis boladi da goi, bul tek mongolyada emes barlik damigan elderde osindai jaitter kobimen kezdesedi, menin she ar adamnin oz otani ozine istik, arine ol ot shiguina jeniliske ushiragan ukimettik kushter sebepker bolgan, al jastarga kelsek jastar sayasatka erte aralaskandik, jaska tolmagan balalarga kelsek ar eldede bola beretin koshede kalgan panasiz balalar urinip kalgani ras.birak basklar kalai desede MGL eli menin otanim.
Шілде 5, 2008 at 2:24 тк
Сұмдық ай! Мыналар мас болганда тас кесектемегенде қайтсін! 86 ның оқиғаасына да жастардын арасына осылай арақ таратыпты гой биреулер. Оны ким уйымдастырганын халык биледи, бирак 2030 жылга дейін ол құпия болмақ!