Бақытнұрдың блогы

Технология жаңалықтары

Posted by: Bakytnur on: Қаңтар 24, 2009

1. Алғаш 1768 жылы басылып шыға бастаған Британника Энциклопедиясы енді мазмұнын оқырмандар да өзгерте алатын болғызбақ. Осылайша ашық-энциклопедия Уикипедиямен бәсекелеспек.
Келесі аптадан бастап сайт оқырмандары Britannica.com арқылы өзгерістерді редакторларға жібере алады. Ал редакторлар өзгерістерді сарыптап, керекті деп тапса қабылдап отырады. Уикипедия сайты күніне 6 миллион қонақ күтіп алатын болса, Британника 1.5 миллион қонақ қабылдайды екен. (The Times)

2. Уикипедия осыдан былай энциклопедия мазмұндарын әркім өзгерте алатынына шектеу қоймақ. Оған себеп энциклопедиядағы жалған ақпараттар, әркім өзінің көз-қарасы мен ұсынысы бойынша өзгерте беретіні себеп болып отыр. (New York Times). Интернет қолданушылардың “де-факто” ақпарат көзі болып кеткен Уикипедияның бұл ұсынысын дұрыс деп ойлаймын.

3. Әлемдегі Интернет қолданушылар саны 2008 Желтоқсанда 1 миллиардтан асты. Oның жартысына жуығы (41.3%) Азия және Тынық мұхиты жағалауларынан. Европалық Интернет қолданушылар саны 28 пайызын иеленетін болса, Америкалықтар 13.4 пайызға ие. Ал мемлекеттер арасындағы орындарда Қытай, АҚШ және Жапония алдынғы 3 орынды иеленеді екен. Демек, McDonald’s ресторанттарының тұтынушылар саны мен Интернет тұтынушылар саны бірдей, 1 миллиард. (CNET News)

4. Ресей өзінің Ұлттық Операциялық жүйесін (OS) әзірлемекші. Жаңа OS линукс жүйесіне негізделетін болады. Осылайша Ресейде шетелдік програмалар мен лицензияларға деген ұлттық сұранысты азайтып, Windows-қа алтернатив орнатпақ.  (PC World)

4 жауаптар -ге "Технология жаңалықтары"

Wikipedianiki дұрыс екен.

Соны айтам…

Ресей өзінің Ұлттық Операциялық жүйесін (OS) әзірлемекші. Жаңа OS линукс жүйесіне негізделетін болады.
Линуксты мазақ қылмаған ұлт қалмады-ау :) :) :)

Жауап қалдырыңыз

Блог қонақтары

Күнтізбе

Қаңтар 2009
M T Ср T F S S
« Dec   Feb »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Алдыңғы жазбаларым

a

Менің суреттерім

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

Seoul

More Photos