Posted by: Bakytnur on: Маусым 18, 2009
Азия “Б” тобындағы Оңтүстігі Фифа-2010 Әлем Кубогына әлқашан жолдама алып қойған. Ал, келесі жолдаманы топтағы Иран, Сауд Арабиясы мен Солтүстігі, үшеуінің қай біреуі алатыны соңғы секундтарға дейін белгісіз еді.
Оңтүстігі кеше Сеулде Иранмен теңесіп, оларды топтан қуып берсе, Риадта Солтүстігі Сауд Арабиясымен теңесіп, соққан голдың санымен Солтүстік Корея Оң.Африкаға жолдама алды. Бүгінгі Кореядағы барлық газеттер мен медия “қаны бірдің жаны бір” , Иранды топтан қуып қандастарымызға көмек болдық, “кішкентай Корея түбегінен 2 жолдама”, “Корейлерде екі жолдама” деген сияқты әңгімелер гу-гу.
Ең танымал ”Naver” сайтының логосыда осыған жарай өзгерді:

(Логода: Оңтүстік пен Солтүстік екеуі де Әлем кубогына жолдама алды)
Кешегі Иранмен болған ойында Манчестер Юнайтедтың Пак Жи-соңы тамаша гол соғып, ойынды теңестірe, қандастарына тамаша сюрприз жасаған еді.. Пак бұл жақта Спорттағы Но.1 тұлға болып саналады.

Ең соңғы пікірлер