Мазмұндар жинағы
Жазулар
Пікірлер

Мына ‘Веб технологиялары’ айдардың мұрағаты

Ойлаңыз, Алматының әсем табиғатының немесе Астанадағы жаңадан бой көтерген ғимараттың суретін түсіріп алып Flickr.com сияқты сайтқа қойдыңыз. Бітті, суретіңізге “right click”, сосын бірнеше сайттардан көресіз.
Егер маманды фото-суретші емес болсаңыз, менің суретімді қолданыпты деп бір қуанып қаласыз. Бірақ авторлық құқығын қорғағысы келетін фотосуретшілер үшін бұл үлкен бас ауыртарлық жайт болып саналады. Сондықтан суреттеріңіздің авторлық құқығын сақтай [...]

Толық жазбаны оқу »

Фейзбук, YouTube сайттарына және басқа сайттарға суреттерден, сурет-видео араластырып видеомонтаж жасап қою керек болады.
OneTrueMedia сайты онлайн түрде слайд-шоу дайындауға, видеомонтаж, фотомонтаж, э-жолдама жасауға мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ cуреттерге арнайы еффект, қозғалыс беріп, музыка қоса аласыз.
Компьютерден немесе Flickr.com, Photobucket сайттарына қойған суреттеріңізді тікелей еңгізуге болады.
Адресі: http://www.onetruemedia.com

Толық жазбаны оқу »

Егер сіз PHP, Javascript, HTML тілдері мен веб қорғанысы туралы білетін болсаңыз http://www.hackerskills.com/ сайтындағы ойынды ойнап көріңіз.
Әрбір кезеңі өзінше қиын екен. Жақсылап ойлануыңызды және біліміңізді талап етеді.
Мен 8-кезеңнен аса алмадым. Әлі де сынармын.
Өзіңізді сынап көріңіз!

Толық жазбаны оқу »

Қоғамдық желі деп аталатын сайттардың ең ірісі Фейзбук сайты. Жақында Фейзбуктың Технология саласындағы вице-президенті Jeff Rothschild Фейзбук қазір 10,000 сервер істетіп отыр деп мәлімдеген екен.
Оның 1800-і MySQL серверге (database), ал қалғаны сайт пен қолданушылар материалдарына арналған.
Енді елестетіп көріңіз, Google, YouTube сияқты сайттар қанша сервер жұмыс істетіп отыр?

Толық жазбаны оқу »

Skype компаниясы жұмысын бастағанынан бері 4.5 жыл өткен екен. Осы уақыт ішінде қолданушылары бір бірімен 100 миллиард минут тегін сөйлесіпті. Әрине Skype-to-Skype арқылы.
Телефон компанияларының сөйлесу минутының осыншама бөлігін Skype тегін сөйлестірді деуге болмас, бірақ әрине Skype-тың қызметі оларға әсер еткен шығар.
Skype-тың сөйлесу қызметі жақсы,тұнық әрі тез. Бірақ мессенжерін жақсы деп айта алмаймын. Бірақ жақсарады деп ойлаймын [...]

Толық жазбаны оқу »

Жақында Yahoo-ның Media Innovation Group-ы Yahoo жаңалықтарын Әлем картасында 3D түрінде көрсететін болғызды. Глобусқа қарап әлемнің қай жерінде, қандай жаңалықтар болып жатыр дегенді интерактив көруге болады.
Жасалуы да өте қарапайым. Yahoo-ның соңғы жаңалықтарын RSS арқылы алады. Yahoo картасының координаттарын Yahoo Map geo-encoding web servicе арқылы тауып, жаңалықтарды картаға АctionScript арқылы орнатады. Әзірге әрине тест түрінде [...]

Толық жазбаны оқу »

Орта мектепте жүрген кезімізде химия пәнінен Менделеевтің периодтық системасын жаттағанбыз. Соған негіздеп Интернеттің Периодтық системасын да  Wellington Grey тағайындаған екен. Қазіргі танымал вебсайттарды топтап, өзінің атомдық санына қарай реттеп қойған. Толығырақ төмдендегі сілтемеден көре аласыздар.
Интернеттің Периодтық Системасы

Толық жазбаны оқу »

Қазір біз Веб 2.0-де жүрміз деп көп естиміз. Веб 1.0, 2.0 және 3.0 деген не дегенге өз ойымды қысқартып жаздым.
Веб 1.0 - мазмұнын оқуға арналған веб сайттар:

Материалды онлайн жарыққа шығару мақсатында қолданылады
Қолданушы сайттан қажетті материалын іздейді
Тапқан мағлұматын оқып, пайдалана алады
Қолданушы үлесін қоса алмайды
Әр веб сайт тек өз ісімен ғана айналысады
Көптеген сайттар қазір осы [...]

Толық жазбаны оқу »