Мазмұндар жинағы
Жазулар
Пікірлер

Мына ‘Мақала’ айдардың мұрағаты

Болливуд Үндістандағы “Хинди” фильм индустриясы және жылына 800 фильм әзірлейтін Әлемдегі ең үлкен фильм индустрия екенін айтпасам да білетін боларсыздар.
Өзім кейбір Болливуд актёрлардың жанкүйері болғандықтан, олардың фильмдерін жібермей көремін. Қазақтардан да Үнді фильмін көретіндер аз емес сияқты.
Актёрлар да блог мәдениетіне көшіп, жанкүйерлерімен тікелей байланысқа шықты. Өнер жолдарындағы күнделік жаңалықтары мен жанкүйерлерінің пікірлеріне уақыт тауып, [...]

Толық жазбаны оқу »

Қазақстан Елбасының “Тәуелсіздік белестері” (“Түүхийн давалгаанд “), “Сындарлы 10 жыл” (“Эгзэгтэй 10 жил”) атты кітаптары моңғол тілінде жарық көргенін Моңғолиядағы күнделікті шығатын газтеттердің ең үлкені “Өнөөдөр” (Бүгін) газетінде “ТӨВ АЗИЙН ТӨРТ УЛСЫН ДАХИН СЭРГЭЛТ” (Орта Азия төріндегі Мемлекеттің қайта жандануы) деген атпен жарияланған екен.
Сонымен қатар Қазақстанның тарихы, қазіргі экономикалық ахуалы, мұнай-газы, астығы, саясаты мен Нұр-Отан [...]

Толық жазбаны оқу »

Бейжің Олимпиадасының алауы алғашқы болып Алматыға басын тіреп, соңынан төрткүл дүниені аралап, Бейжіңге жеткен еді.
Қытай Елі осы алауды алып жүру кезіндегі есте қаларлық, ең жақсы суретке байқау жариялапты. Алғашқы 5 сурет Сәуірдің 2-інде Алматы қаласында түсірілген суреттер, оның екеуі Қазақстан Президентінің Олимпиада алауын ең алғашқы болып алып жүруінде түсірілген суреттер.

Қытайша болса да Сіз бұл байқауға қатыса [...]

Толық жазбаны оқу »

Астананың 10 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Мәдениет Департаменті, «МӘССАҒАН» ұлттық порталы (http://www.massagan.com) бірігіп Жаңа Елорданы Интернет кеңістігінде дәріптеуге қатысты «Менің Астанам – Менің мақтанышым» Ұлттық oнлайн сайысын өткізеді.

Сайысты ұйымдастырушы Астана қаласының Мәдениет департaменті,  «МӘССАҒАН» ұлттық порталы болып табылады.Сайыс бес сала бойынша өтеді:
1. «Менің Астанам– менің мақтанышым» (өлең, толғау)
2. «Астанам» (әдеби-шығарма, әңгіме)
3. [...]

Толық жазбаны оқу »

Бүгін Моңғолиялық баспасөз агенттіктерінің таратқан бір хабарын аударып, ұсынып отырмын.
Наурыз мерекесіне орай Ұланбатырда алғаш рет “Қазақ балаларының Өнер Фестивалі” өтеді. Фестивалға Баян-Өлгей аймағынан 34, Дархан-Уул аймағынан 12, Қобда аймағынан 4, Хэнтий аймағынан 5, Орхон аймағынан 1, Налайханнан 5, Ұланбатырдан 3, барлығы 60 бала келіп қатысады.
Ұйымдастырушысы: “Қазақ халқының мәдениетін жаңғырту қоры”
Мақсаты: Қазақ балаларының жолдастық одағын құру, [...]

Толық жазбаны оқу »

Бұл жазбаны жазуыма “Жаңа Евразия” блогындағы “Мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын Қоғамдық бірлестік” атты жазбаға берілген пікірлер себепші болып отыр. Себебі Бақытгүл ҚазАқпараттың орысша нұсқасынан бір жаңалық көрген, және ол хабардың тиісті бөлігін кесіп алып, ақпараттың дерек көзіне сілтеме бермек болған. Бірақ ҚазАқпараттағы жаңалықты көшіре алмағандықтан жаңалықты сурет түрімен көрсетіп қойған.
Өз басым ҚазАқпараттың қазақша бөлімін [...]

Толық жазбаны оқу »

Моңғолияның “Цахилгаан тээвэр” компаниясы жасаған “JEA-800” маркалы трол­лейбустарын Петропавыл қаласы сатып алатын болып келісіпті. “JEA-800” троллейбусы жасалғалы 1 жылдан асқан еді. Осы уақыт ішінде қалалық транспортқа қолданылып, тексерістен де өтіп, “жақсы” деген бағаға ие болған.
“JEA-800” маркалы трол­лей­бусы күніне 15-20$-дың электр тогын қолданады. 26 адамның орындығы бар, бірақ 102 адамға дейін сыйғыза алады. Салмағы 15787кг.
Әлемдік [...]

Толық жазбаны оқу »

Түрік елінде 80-жылдары Армияның күшімен Жоғарғы оқу орындарында хижаб киюге тыйым салынған екен. Ал бірнеше күнге созылған Түркия Мәжілісіндегі талқылау хижабқа қарсы қойылған тыйымды кеше Конститутцияға өзгерістер енгізу арқылы алып тастады.
Түркия Парламентінде 514 дауыстың 441і Конститутциялық өзгерісті қабылдап, “Жоғарғы оқу орындары барлығына тең дәрежеде қарайды”, сондай-ақ “ешкімнің ЖОО-да білім алу құқығын бұзуға болмайды” деген өзгерістер [...]

Толық жазбаны оқу »

Жақында Баян-Өлгейден қазақ бүркітшілерін Ұланбатырға алып келіп, алғаш рет шетелдік қонақтар мен Моңғол жұртшылығының алдында бүркіт фестивалін ұйымдастырыпты. Фестивалді Моңғолдың Парламент (Ұлы Құрылтай) мүшесі Сайран Қадырұлы ұйымдастырған екен.
Бүркітшілер бүркіттерін Баян-Өлгейден (1600км) алып барған. Сол фестивалден алынған кейбір суреттерді ұсынамын.

Толық жазбаны оқу »

2005 жылы Қыркүйекте АҚШтың бұрыңғы Президенті Билл Клинтон Қазақстанға келген. Қазақстанға ол өзінің қорының ісімен, СПИД ауруынан зардап шеккен елдерге дәрілік препараттар беріп көмектесу үшін келген деп Қазақстан газеттері жарыса хабарлаған еді.
Ал әйелі АҚШ Сенаторы Сенатор Хиллари Клинтонның Президенттік додаға түсіп жатқан кезінде, Билл Клинтонның және оның есіміндегі қордың тағы бір былығы ашылып жатыр. New [...]

Толық жазбаны оқу »

Бұрынғы жазуларs »